Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

6.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж.

Қосымша әдебиет: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

  1. Бақылау:

1.Тақырып бойынша 10 тест сұрақтарына жауап беру.

(Тест сұрақтары қосымша беріледі)

1. Тақырып №24, аталуы: Баспа.

2. Сабақтың мақсаты:өтілген тақырып туралы айта білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: ойын жеткізе алуы;

  • Студент білу керек:

А) берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Мәтінді оқыңыз.Түсінгеніңізді айтыңыз.

Баспа (ангина) дегеніміз – гректің бату, қысу деген сөзінен шыққан, әр түрлі микроорганизмдер, көбінесе стрептококтар мен стафилакоктар туғызатын өте жұқпалы ауру. Бұл кесел ағзаға суық тигенде, өте суық сусын ішкенде пайда болады. Салқын тиген кезде ағза әлсіреп, микробтар ауруды қоздырып, тамақты қабындырады.

Ауру басталғанда дене қызуы көтеріліп, жұтынғанда тамағы ауырады; науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Әдетте астыңғы жақ лимфа түйіндері үлкейеді. Ауру 5 күннен 7 күнге дейін созылады. Асқыну болмаған жағдайда сауығып кетеді.

Емдеу. Науқасты оңаша ұстау қажет. Сульфаниламидтік препараттар ішкізіледі, тамағын фарацилин натрий гидрокорбанаты ерітінділермен шайғызады. Аурудың интоксикация құбыыстары болып, ауыр тиген жағдайда антибиотиктерді парентералдық әдіспен 7-8 күн бойы енгізеді. Бұл ауру қайталай берсе, созылмалы түрге ауысады. Ал баспа асқынса, қан арқылы жүрекке, бауырға, бүйрекке зардабын тигізеді. Сондықтан баспамен қайталап аурудан сақтану маңызды, ол үшін тіс жегіні, мұрын мен жұтқыншақты емдеу қажет (ултракүлгін сәуле беру, дәрігердің көрсетуімен аденоидтарды алып тастау).

1-тапсырма.

Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

  1. Баспа қандай ауру?

  2. Ауру қалай басталды?

  3. Ауруды немен, қалай емдейді?

  4. Баспа асқынса, қандай мүшелерге зардабын тигізеді?

  5. Сіз баспамен жиі ауырасыз?

2-тапсырма.

Мәтінді бірнеше рет қайталап оқыңыз. Бірнеше рет неше минутта оқыдыңыз? Соңғы оқығанымызға қанша минут уақыт кетті?

3-тапсырма. Мәтін бойынша септік жалғаулы сөздер өте көп кездеседі. Соларды

теріп жазып, құрамын талдаңыз. Мысалы: ерітінділермен, ерітінді-түбір, -лер

- көптік жалғауы, -мен – көмектес септігінің жалғауы.

4- тапсырма. Баспа тыңыс алу жүйесі мүшелерінің ауруына жатады. Тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер жатды? Олардың құрылысын еске түсіріңіз.

5-тапсырма. Тыныс алу жүйесіне қатысты төмендегі мәтін орыс тілінде берілген. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім