Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

6.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж.

Қосымша әдебиет: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1. Нәрестенің алғашқы бір жылы қандай кезеңдерге бөлінеді ?

2.Емшектегі баланың бойы бір жасқадейін қанша сантиметр өседі ?

3. Жаңа туған нәрестенің терісі қандай болады ?

4.Бас сүйегінің қосылған жігі қандай болады және оны қалай атайды ?

5. Сәби денесі сыртқы температурасы не себепті өзгеріп отырады ?

6. Жаңа туған ауаны (кислородты) ересектерден неге екі есе артық қажетсінеді ?

7.Дені сау бала неше айында тіс жарады?

1. Тақырып №23, аталуы: Мешел ауруы.

Қазақ сөйлеміндегі интонация бірлігі.

2. Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеру, өз ойын еркін

жеткізу.

3. Оқытудың міндеттері: мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету, сөйлем

құрауға, сөйлей білуге машықтандыру.

  • Студент білу керек:

А) берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мәтінді оқыңыз.Түсінгеніңізді айтыңыз.

Мешел (рахит) тез өсіп келе жатқан ағзаның ауруы, онымен балалар көбінесе алғашқы жылдарында ауырады, ол гиповитаминоздың салдарынан пайда болады.

Рахиттің ауруына негіз болатын Д гиповитаминозды тамақпен бірге кальцеферольдың (Д витамині) жеткіліксіз түсуінен пайда болады . Емшек еметін балалар рахитпен срегірек ауырады. Аралас және әсіресе қолдан тамақтандырылған жағдайда балалардың онымен ауыруы едәуір көбірек.

Кальциферон бауырда, жұмыртқаның сары уызында, балық майында, уылдырықта болады. Осы өнімдерді қосып, қосымша тамақтандыруды мезгілінде енгізу бала ағзасында кальциферолды көбейтеді. Балалардың ауада аз уақыт, жеткіліксіз болуы да рахиттың пайда болу себептерінің бірі. Ультракүлгін сәуленің немесе кварц шамының ықпалымен теріде холекальциферол (Д3 витамині) түзіледі. Балалардың рахитке жиі шалдығуына ішінің жиі өтуі, санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдай нашарлығы да себепші болады.

1-тапсырма

Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліңіз немесе жоспар құрыңыз.

2-тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Мешел ауруымен кімдер ауырады?

  2. Қандай тамақтардың құрамында кальциферол бар?

  3. Мешелдің пайда болуына нелер себеп болады?

  4. Ультракүлгін сәуленің ықпалымен теріде не түзіледі?

3-тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып,сөйлемді көшіріп жазыңыз.

1. Рахит ауруы ... кездеседі. 2. Д витаминінің жеткіліксіз болуынан рахит ... . 3. Емшек еметін балалар рахитпен ... ауырады. 4. Кальциферол бауырда, сарыуызда, балық майында, уылдырықта ... . 5. Қолдан тамақтандырғанда ... бұзылады. 6. Балалардың таза ауада аз болуы ... себептерінің бірі. 7. Кварц шамының ықпалымен теріде ... түзіледі.

4-тапсырма

Рахит ауруының клиникалық белгісі берілген абзацты табыңыз.

Берілген құрмалас сөйлемдердің құрылымын өзгерте отырып, жай сөйлем жасаңыз. Рахит ауруының белгілерін өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

5-тапсырма

Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім