Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

2. Қыз бен ұлдың өсу ерекшелігіне назар аударыңыз.

* Қыз бала икемділікке келетін шаруаларды ер баладан бұрын атқара бастайды.

* Ер бала алты айға толғанша қыз баладан көп ұйықтайды.

* Ұлдардың бір орынында тұрақтап отыруы қиын, аяқ-қолына тыным жоқ.

* Қыз бала байыпты болады, маңайына зер салып өседі.

* Қыздар ұлдардан бұрын ширайды. Ерте жүреді, ерте сөйлейді.

* Ұл бала тапқыр келеді. Жаңа ойыншық қолына тиді дегенше, ол жаңа ойын табуға талпынады.

* Қыз бала оқуға да, жазуға да ерте үйренеді.

Сәбидің өсуі

Баланың дамуын сыпаттайтын маңызды көрсеткіш –қозғалысының дамуы.Екі айлығында сәби басын ұстайды ,күледі,үш айлығында бала қолын еркін қимылдата алады.Төрт айлығында сәби дыбыс шыққан жаққа мойын бұрады.Бес айлығында ұзақ “гуілдейді”,анасын және жақын адамдарын таниды,ойыншыққа қолын созып ,оны ұстайды,шалқасынан жатқанда етпетінен аударылып түседі.Ересектер сүйемелдегенде тұра алады ,еңбектенуге талпынады,етпетінен жатқанда шалқасынан аударылып түседі,тамақты қасықпен жей бастайды.Жеті айлығында ұзақ былдырлайды,ойыншыұпен жақсы ойнайды,жақсы еңбектеп,отыра біледі.Сегіз айлығында сәби сөз буындарын дауыстап ,қайталап айтады,өзі отырып,өзі жатады.Ойыншықтармен көп ойнайды.Он айлығында бала ешнәрсеге сүйенбей-ақ көтеріліп тұра алады ,орындықты айналып жүреді.Он екі айлығында он шақты сөз айтады,өз бетімен жүріп,ыдыс-аяқтан өз бетімен тамақ тішеді.

Бала еқі жасқа аяқ басқанда оның ойнау кезеңі көбейеді,ол көп жүріп,жүгіреді,мұның өзі оның айналадағы дүниені жақсырақ білуіне жағдай жасайды.

1-тапсырма

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз .

1.Баланың қозғалысының дамуы ненің көрсеткіші?

2.Сәби екі айлығында не істейді?

3.Сәби үш,төрт,бес айлығында не істей алады?

4.Қай кезде сәби былдырлайды?

5.Он айлығында не істейді?

6.Он екі айлығында не істейді?

7.Баланың екі жасқа келген кездегі әрекеттер» қандай?

2-тапсырма

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.

1.Сәби 2 айлығында мойын... .2.Сәби өз қолын ... алады. 3.Нәресте дыбыс шыққан жаққа ... бұрады. 4.Ойыншыққа қолын ... .5. 1 жасында ... сөз айтады. 6.Сәби орпындықты ...жүреді. 7.Бала ... іздейді. 8.Ойыншығын ... іздейді. 9. ... бала жүгіреді. 10. Ата-анасын ... таниды. 11. Адамдады ... іздеп табады. 12.ЕКі қолынан ұстағанда ... .13. 7 айлығында бала ұзақ ... .14. Бала ... жақсы ойнайды.

(Керекті сөздер: жүреді,көзімен,былдырлайды,ұстайды,ойыншықпен,бірден,2 жасқа келгенде, басын ,шешесін,айналып,созады,он шақты,қимылдата,жүреді.)

3-тапсырма

Төмендегі сұрақтакрға жауап беріңіз .

Сіздің туысыңыздың (танысыңыздың) баласы.

А)неше айлығында еңбектеді?

Ә)неше айлығында жүрді?

Б)неше жасында сөйлей бастады?

В)неше жасында жүгірді?

Г)неше жасында оқи бастады?

4-тапсырма

Мәтін бойынша түсінігеніңізді әңгімелеңіз.

8-тапсырма

Төменде мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз ?Орыс тіліндегі ұқсас мақалдарды есіңізге түсіріңіз.

1.Ананың сүті- бал

Баланың тілі –бал

2.Баланың бас ұстазы-ата-ана

3.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім