Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

5. Бесік жырын жаттаңыз.

Әй-әй бөпем, әй бөпем. Ән айтайын, бал бөпем. Ән тыңдағын келсе егер, Және айтайын, жан көкем…

Бөпем менің ай ма екен? Шекер ме екен, бал ма екен? Ойнақтап бір бәйгеден Озып келер тай ме екен?!

Тас бұлақтар тауда екен, Жас құрақтар сайда екен. Көлбең-көлбең ұшатын Көбелектр қайда екен?!

Қара қарға қарда екен. Жапалақтар жарда екен. Балпаң-балпаң басатын Балапандар қайда екен?!

Әй-әй бөпем, әй бөпем, Ұйықтадың ба, бал бөпем? Алдағанға көнетін Аңқау бөпе қайда екен?

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру.

6. Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж.

Қосымша әдебиет: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1. Кіндік кесілгеннен не қалады?

2. Кіндік жарасы қабына ма ?

3. Кіндіке инфекция түспеу үшін не істеу керек ?

4.Нәрестенің денесі сарғыштанып кетсе қандай ем қолданылады ?

1. Тақырып №22, аталуы: Сәбидің өсуі

2. Сабақтың мақсаты:өтілген тақырып туралы айта білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: ойын жеткізе алуы;

  • Студент білу керек:

А)берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Мәтінді оқыңыз.Түсінгеніңізді айтыңыз.

Емшектегі баланың табиғаты.

Бір жасқа дейінгі сәбиді – емшектегі бала дейді. Бұл кезде оның денсаулығына, ақыл-ойына, ағзасының өсуіне негіз қаланады. Нәрестенің алғашқы бір жылы мынандай кезеңдерге бөлінеді:

1. Дүниеге келу кезеңі. 2. Емшектегі кезең.

Бойы. Мерзімінде туған баланың бойы 47-56 сантиметр аралығында, кейде 50-51 сантиметрдей. Емшектегі баланың бойы бір жасқа толарында орта есеппен 25 сантиметр өседі де, айына 3 сантиметрден қосып отырады. Сосын бала бойының өсу деңгейі төмендейді: 4 айлығынан 6 айлығына дейін айына 2-2,5 сантиметр, 7 айлығынан 9 айлығы аралығында айына 2 сантиметр және 10 айлығынан 12 айлығы аралығында айына 1,5 сантиметр өседі.

Терісі. Жаңа туған нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ, тез жарақаттанғыш. Дұрыс күтім жасалмаса, қатпарлары базданып, іріңдейді. Сүйек жасушаларында тұз аз, сол себепті ол шеміршек сияқты майысқақ, оның күтімі дұрыс болмаса, қисайып өседі. Жастыққа отырғызғанда, аяғынан ерте тұрғызғанда, емізгенде сол есте болсын.

Бас сүйегі. Нәрестенің бас сүйегі жетілмей туады. Оның қосылған жігі жұмсақ, былқылдақ. Мұны еңбегі дейді. Бала еңбегі сәбиге 9-14 ай толғанда барып қатаяды. Емшектегі баланың басы үлкен: жаңа туғанында басының шеңбері 34-36 сантиметр, бір жастағы баланың басы 45-46 сантиметр, қолы мен аяғының ұзындығы бірдей, бойынан аяғы біршама қысқа.

Дене қызуы. Ересек адамдардың дене қызуына (температурасына) қарағанда емшектегі сәбидің дене қызуы жоғары. Сәби денесі сыртқы температураның өзгерісін тез сезгіш, оның әсерімен сәби денесінің қызуы да өзгеріп отырады.

Тыныс алу мүшелері. Жаңа туған нәрестенің өкпесі мен тыныс алу бұлшық еттері де онша жетілмеген. Олар ауаны (кислородты) ересектерден екі есе артық қажетсінеді. Өйткені, олардың тыныс алуы жиі, біркелкі болмайды. Тек сәби бір жасқа толғанында ғана өкпесі мен тыныс алу бұлшық еттері жетіледі, тыныс алуы сирейді, тереңнен тыныстануға ауысады.

Қан қысымы. Өмірге енді ғана келген сәбидің жүрек тамырларының жүйесіне күш көп түсіп, бала тамырының соғуы жиі өзгереді. Ол қатты жылағанында қан тамырлары минутына 160-200 рет соғады. Өсуіне сәйкес күре тамырларының қысымы артады: үш айлығына дейін оның мөлшері орта есеппен сынап бағанасымен 75/50 мм., 9-10 айлығында – 90/55 мм-ге жетеді.

Тістерінің шығуы. Дені сау баланың 6-8 айлығында тісі жарады (шығады), төменгі екі тісі қылтияды. 8-10 айлығы аралығында үстіңгі 4 тісі, бір жасқа толғанында тағы да төменгі 2 тісі шығады. Осылайша, сәби бір жасқа толғанында 8 тісі болады. Мешел баланың тістері кеш шығады. Тіс жарғанда іші өтуі, тәбетінің қашуы, аузынан сілекейі ағуы, қызынуы, мазасыздануы, ыстығының көтерілуі мүмкін. Ұйқысы да қашады. Мұндайда ем жасаудың қажеті жоқ.

Дәреті. Емшектегі бала алғашқы аптада дәретке тәулігіне 4-5 рет, жыл аяғында 1-2 рет отырады. Туғанна соң бірінші үш күнде кіші дәретке онша көп отырмайды. Тәулігіне 4-5 рет қана. Алайда алғашқы аптасының аяғында, екінші аптаның ортасында тәулігіне 20-25-ке дейін кіші дәретке отырып, жасқа толарда ол 15-16 ретке дейін азаяды. Ішек құрылысы ағзасының жүйке реттеуіштері дұрыс толық жетілмегендіктен, алғашқы айларда нәрестенің асты дұрыс қорыта алмауы, құсуы, ішінің кебуі, кекіруі, дәретке жиі отыруы ықтимал.

Баланың қозғалысы.Бір айлық баланы тік көтергенде басын ұстауға тырысады. 2 айлығында мойны қатайып, етпеттен жатқанда басы мен кеудесін көтеруге тырысады. Демеп ұстаса, жамбастап отыра алады. Шалқасынан жатқан күйі бір бүйіріне аунап түсе береді. Мойны қатайған сайын басын тік ұстайтын болады. 4 айлығында қозғалысы ширайды: көтерілгенінде алақанымен жер тірейді, әрі-бері аунайды, шалқалап «көпір» жасай алады, әр түрлі заттарды қолымен ұстайды. 5 айлығында әлденеге сүйеніп отыра алатын жағдайға жетеді. Қолтығынан демесе, тізесін бүкпей, түзу тұрады, 6 айлығында демеп ұстамай-ақ құйрығын басады, демесе тік тұрады, аяғын басуға талпынады. 7 айлығында еңбектейді, өздігінен отырады, тізерлеп тұрады, 8 айлығында өзі отырып, 9 айлығында қаз тұрады.