Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

7. Бақылау:

1. Дәрумендер деген не?

2. Дәрумендердің маңызы қандай?

3. Дәрумендер нелерде болады?

4. Дәрумендер қалай белгіленеді?

5. А дәруменінің қаситеті қандай?

6. В дәруменінің қаситеті қандай?

7. С дәруменінің қаситеті қандай?

8. Д дәруменінің қаситеті қандай?

1. Тақырып №21, аталуы: Нәресте және оны күту.

Сөйлемнің функциональдық, семантикалық ерекшеліктері

2. Сабақтың мақсаты: нәресте және оны қалай күту туралы айта білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: нәрестені күту туралы ойын жеткізе алуы;

  • Студент білу керек:

А) берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мәтінді оқыңыз.Түсінгеніңізді айтыңыз.

Нәресте және оны күту

Кіндік кесілгеннен кейін оның түбірі қалады. Кіндік жарасы оңай қабынады. Бірақ мұның алдын алу аса қиын емес. Кіндігі түспей тұрып нәрестені таза сумен шомылдыруға болады. Кіндікке қол тигізбестен бұрын қолыңызды жақсылап тазалап жуыңыз! Қайнап, суыған сумен ылғалданғанмақтамен кіндікті күн сайын тазартқаныңыз жөн. Кіндікті құрғақ ұстаңыз. Ол 3 – 7 күннен кейін қарайып, өзінен-өзі түсіп қалады. Егер жара қызарып, іріңдеп, жағымсыз иіс шығара бастаса,бұл оған инфекция түсті деген сөз. Баланы дереу дәрігерге көрсету керек.

Туылғаннан кейін бірнеше апта бойы нәрестенің көзінен көбіне сарғыш шырыш бөлініп тұрады. Оны қайнап, суыған суға малынған немесе емшектен аздап сүт тамызған мақтамен жайлап тазалауға болады. Ал егер көз іріңдеумен қатар қызарып, ісіп жатса, дәрігерге қарату керек.

Көптеген нәрестелердің денесі туылғаннан бір тәуліктен кейін сарғыштанып кетеді. Бұл қалыпты жағдай, оған арнайы емнің қажеті жоқ. Тек жиірек, 2 – 3 сағат сайын емізіп, күннің сейілген жарығымен сәулелендіріңіз. Әдетте сарғыштық 3–6 күннен кейін өздігінен басылады. Бірақ емшек еметін нәрестелерде ол одан да көбірек уақытқа сақталуы мүмкін.Нәресте сергек, емуі дұрыс, күніне 3 – 4 рет кіші дәретке, 1 – 2 күнде бір рет үлкен дәретке отыратын болса, алаңдамауға да болады. Ал егер сарғыштық күшейе түсіп, бір аптадан кейін де басылмай тұра берсе немесе туылғаннан кейінгі 24 сағат өтпей тұрып-ақ пайда болса, дереу дәрігермен байланысыңыз.

2. Сурет бойынша әнгіме құрастырыңыз.

3.Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Нәресте, екпе, жаялық, қалыпты, сергек, аптабойы, сарғыш, кіндік, шомылу, ішінің кебуі, ұқалау,созу, есінеу, керілу, кекіру, ықылықтау, құсу, нәжісі, зәр шығаруы.

4.Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын беріп,мағынасын түсіндіріңіз.

Адам болатын бала алысқа қарайды.

***

Адам болатын бала — ағайыншыл,

Бай болатын бала — айырбасшыл.

***

Ат болар тай саяққа үйір,

Адам болар бала қонаққа үйір.

***

Атың жаман болса, қырың кетер,

Балаң жаман болса, арың кетер.

***

Ат болатын құлынның бауыры жазық келер,

Адам болар баланың маңдайы жазық келер.

***

Асығу — баланың ісі, аттандыру — ананың ісі.

***

Артында қызы қалғанның — ісі қалғаны,

Ұлы қалғанның — өзі қалғаны.

***

Әкесі құрдастың баласы құрдас.

***

Әкесі ұрған ұл оңар, шешесі ұрған қыз оңбас.

***

Әкесін сыйламағанды баласы сыйламайды.

***

Нар баласын қарпып сүйер.