Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

7. Бақылау сұрақтары.

1.Anamnesis morbi не жазылады?:

2.Anamnesis vitae қандай деректер көрсетіледі

3.Status praesens қандай бөлімдерден тұрады?

1. Тақырып №20, аталуы: Дәрумендер.

2. Сабақтың мақсаты:

-мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, үстеулердің түрлерін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру, мәтінде кездесетін медициналық қазақша атауларды игерту.

3. Оқытудың міндеттері:

-мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету, үстеуді дұрыс қолданып, сөйлем құрауға, сөйлей білуге машықтандыру.

  • Студент білу керек:

А) берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Көп нүктенің орнына тиісті мезгіл үстеулерін қойып, сөйлемдерді жазыңыз.

1.Науқасты ... оңаша ұстау керек. 2.Ол ... ауруханада кезекшілікте болды. 3. ... тұмау індетінен сақтану жұмыстары жүргізілді. 4.Бас сақинасымен ауырғанда ... дәрі ішті.

2.“Дәрумендер” мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

Ерекше - особый

Қалыпты - нормальный

Жеткіліксіз - недостаточно

Қорғаныш - защита

Алабұға - окунь

Шаршау - усталость, утомляться

Жүйкесі тозу - повышенная нервозность

Ашуланшақтық - вспыльчивость, раздражительсноть

Өнімдер -продукты

Құрамы -состав

ұнтақ- порошок

3. “Дәрумендер” мәтіні бойынша берілген тіркестерді орыс тіліне аударыңыз.

Мал өнімдері, өсімдік, қалыпты тіршілік, жүрек қызметі, көмірсу, зат алмасу, тез шаршау, дәрумендердің жетіспеуі, ағза, көз жанары нашарлау.

4. Төмендегі берілген мәтінді мазмұндаңыз. Дәрумендер

Дәрумендер - ерекше органикалық заттар. Адам олардың аз мөлшерін ғана пайданалады. Бірақ дәруменсіз біздің ағзамыздағы мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер ағза үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін артырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, адам ауруға шалдығуы мүмкін.

Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Адам әр түлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады. Дәрумендер латын алфавитіндегі А, В, С, Д және т.б. әріптермен белгіленеді.

А дәрумені ағзаның өсуі дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол-дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А дәрумені треска балығының бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде көп кездеседі.

В дәруменінің түрлері өте көп. В1, В2, В6, В12, В15. Сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп айтады. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытқыда болады. В дәрумендерінің тобы бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл дәрумен жеткіліксіз болса адам тез шаршайды, жүйкесі тозады, ашуланшақ болады. В12 дәрумені жетіспесе қан аздық ауруының тууына себеп болады. В15 дәрумені жүрек, қан тамырларының жұмысына және бауырдың ауруына әсер етеді.

С дәрумені ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады. Бұл дәрумендер ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.

Д дәрумені денемізде күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бұл дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Ал дайын дәрумендер таблетка, драже, ұнтақ т.б. қалыптарда дәріханаларда сатылады.

4. «Дені саудың – жаны сау» тақырыбына әңгіме құраңыз.

5.Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататынын көрсетіңіз.

Жүрек, тіс, ішек, қуық, қолқа, саусақ, көмей, бауыр, қылтамыр, өкпе, бүйрек, асқазан, жұлын, несепағар, ми, омыртқа, ұйқы безі, жұтқыншақ, ұлтабар, ортан жілік, мұрын, сегізкөз.

6.Суретте жазылған дәрумендер қандай жеміс-жидектерге тән екенін ажыратып, сұхбат әзірлеңіз.

7. Дәрумендер туралы ертегі құрастырыңыз.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. А., 2001. 129-130-бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 265-267б.

3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 273-277- бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.104-108-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.173-174-бб.