Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Сырқатнама бес бөліктен тұрады:

І. Паспорт бөлімі;

ІІ. Аурудың шағымдары;

ІІІ. Anamnesis morbi (Нақты аурудың тарихы - история настоящего заболевания)

ІҮ. Anamnesis vitae (Өмірбаяндық анамнез - анамнез жизни)

Ү. Status praesens (науқастың қазіргі жағдайы - настоящее состояние больного)

І.Паспорт бөлімінде:

Науқас туралы жалпы ақпарат

1.Атын-жөні

2.Жасы, жынысы

3.Ұлты

4.Білімі

5.Жұмыс орны

6.Атқаратын қызметі

7.Тұрғылықты мекенжайы

8.Ауруханаға келіп түскен күні

9.Ауруханадан шығарылған күні

ІІ. Аурудың шағымдары;

ІІ. Шағымдар

1.Негізгі – науқастың дәргерге келген себебін түсіндіретін

шағымдар

Негізгі шағымдарды анықтау методикасы:

А) «Қандай шағымдарыңыз бар?» сұрағын қою арқылы

Б) Шағымдардың белгілерін нақтылау

В) Әр жүйе бойынша науқасқа қосымша сұрақтар қою

Қосымша – әр жүйе бойынша қосымша сұрақтар қою арқылы

анықталатын шағымдар

Мысалы: Жайшылықта ентігісіз бе?

Тәбетіңіз нашарлаған жоқ па?

Жөтелесіз бе?

Үлкен дәретке күнделікті барасыз ба?

ІІІ. Anamnesis morbi (Нақты аурудың тарихы - история настоящего заболевания)

Қашан, қайда және қандай жағдайда ауырған. Аурудың басталуына не себеп болған (физикалық күш түсу немесе ақыл ойының қажуынан, қатты суық өткендіктен, психикалық зақымнан). Ауру қалай басталған – жедел немесе біртіндеп. Науқас өзінің сырқаттануын немен байланыстырады. Аурудың алғашқы белгілерін нақты сипаттап жазу, жаңа белгілердің пайда болғандығын жазу.

ІҮ. Anamnesis vitae (Өмірбаяндық анамнез - анамнез жизни)

1. Туған жері. Қандай отбасында өскендігі.

2. Тұрмыстық-материалдық жағдайы (Қайда және қандай жағдайда өскендігі).

3.Еңбек анамнезі: қай уақыттан бастап жұмыс істегендігі, еңбек жағдайы мен түрі, кәсіби зияндылығы, жұмыс істейтін орнының жағдайы (температурасы, ылғалдылығы, жарықтандырылу жағдайы, зиянды заттармен контактылығы).

4.Әдетті интоксикациясы: темекі тартатындығы, ішімдікке әуестігі, наша тартатындығы (неше жастан бастап).

5.Жыныстық өмірі: неше жасынан бастап жыныстық қатынасқа түскендігі, әйел адамдарға – минустрациялық цикілінің басталғандығы, бұзылғандығы, аяқталғандығы. Неше бала туғандығы, түсіктің болғандығы, қазіргі таңда неше баласының барлығы

6.Ертеде ауырған аурулары: травма, жарақат, контузия, операциялары; ауырған барлық аурулары бойынша сұрастыру. Туберкулез, жұқпалы аурулар, жыныстық аурулар, психикалық аурулар, қатерлі ісік ауруларына баса назар аудару.

7.Эпидемиологиялық анамнез (жұқпалы ауруға кумәндану болған кезде)

а) жұқпалы ауруға шалдыққан науқаспен контакта болғандығы (отбасында, мектепте, жұмыста, туысы, танысы т.б)

8. Аллергиялық анамнез:

а) отбасындағы аллергияға бейімділік (апасы, әкесі, анасы, ағасы, қарындасы т.б)

б) қан құю кезінде (қашан), вакцина, укол, медикаменттерге(қандай және қашан) аллергиялық реакциясы

в) түрлі тағамдарға, алкогольге, шаңға т.б аллергиялық реакциясы

аллергия – (түсінік.Сезiм мүшелеpiнiң жоғаpғы pеакциясы)

~алиментарлық аллергия(тағамдық аллергия)-алиментарная

~ баяу дамитын типті аллергия – замедленного типа

~ үй тозаңына – к домашней пыли

~ тері аллергиясы - кожная

~ жасырын аллергия – латентная

~ өсімдік тозаңына – на пыльцу (растений)

~жәндіктердің шағыуына аллергия– на укус насекомого

~ жұмыртқаның ақуызына(сарыуызына) – на яичный

белок(желток)

~ тағамдық аллергия – пищевая

Ү. Status praesens (Науқастың қазіргі жағдайы - настоящее состояние

больного)

І. Жалпы тексеру (Общий осмотр)

  1. Жалпы жағдайы (общее состояние)

-қанағаттанарлық – удовлетворительное

-ессіз – бессознательное

-қауіпті – критическое

-депрессиялық – депрессивное

-қалыпты – нормальное

-үмітсіз – безнадежное

-дүрбелең, урейлі күйі – паники

-қиялилық, параноидтық жағдай, қияли күй – параноидное состояние

-ауыр – тяжелое

- опьянения

-орташа - среднее

- орташа ауырлықта – средней тяжести

2.Науқастың хал-жағдайы (положение больного)

-белсенді –активное

- енжар – пассивное

3.Санасы, есі (сознание)

- анық – ясное

-шатасқан – спутанное

-тежелген - заторможенный

- ес-түссіз – бессознательное состояние (кома, сопор)

4.Бет әлпеті (выражение лица)

-абыржыулы - возбужденное

- селқос – безразличное

- маска тәрізді – маскообразное

- мұңды – страдальческое

5.Аузын тексеру (осмотр рта: форма, симметричность углов, окраска губ, трещин)

6. Дене бітімі (телосложение)

- дұрыс – правильное

- дұрыс емес - неправильное

- мықты- крепкое

- орташа – среднее

- әлсіз - слабое

7.Тері жамылғысы (кожные покровы)

Түсі – цвет (с указанием места окраски)

  • қалыпты – нормальный

  • қызыл-красный

  • бозғылт –бледный

  • сарғыш, сарғайған – желтушный

  • топырақ түстес- землистый

  • қызыл күрең – багровый

  • қара қоңыр – темно-коричневый

  • көгерген – цианотический

Терінің ылғалдылығы (степень влажности)

- қалыпты –нормальная

- ылғалдылығы жоғары – повышенная

- ылғалдылығы төмен – пониженная

- терісі құрғақ – сухость кожи

- қабыршақтану(түлеу, қопсу) – шелушение

Бөртпелер - сыпи:

қызару, қызарған жер – эритема

дақ – пятно (Бельский-Филатов-Коплик дақтары – ұрттың сілемейлі қабығындағы қызылша ауруының белгісі)

түйіншек – папула (терідегі түйіншек, эпидермалық папула)

күлдіреуік – волдырь (терінің күлдіреуі)

қабыршақ – чешуйки (тері жамылғысы қабыршақтанған)

жарылу, тіліну – трещина (тері жамылғысы жарылып кеткен, тілініп кеткен)

8.Сілемейлі қабығы – слизистые оболочки (ауыз қуысы, мұрын, көз, таңдай т.б.)

а) Түсі (сілемейлі қабығының) - цвет:

- бозғылт –бледный

- сарғыш, сарғайған – желтушный

- көгерген – цианотический

- шиедей қызыл – вишнево-красный

Тілі:

-таза - чистый

-ылғалды - влажный

-құрғақ - сухой

9.Тері шелмайы - подкожная клетчатка

Тері асты шелмай қабатының дамуы (развитие подкожно-

жирового слоя):

  • қалыпты жетілген– нормальное

  • нашар жетілген – слдабое

  • артық жетілген – черезмерное

10.Ісіну белгілері (отеки):

  • аяқ-қолдың ісінуі – отеки конечностей

  • беттің ісінуі – отечность лица

11.Лимфа түйіндері – лимфатические узлы

Үлгі: І жақта берілген науқастың өмірбаянын оқып шығыңыз. Осы мәліметтер бойынша төменде берілген құжаттың толтырылуына назар салыңыз.

1981 жылғымын. №22 орта мектепте математика пәнінен сабақ беремін. Бірінші жүктілігім. 15 апта болды. Мекенжайым бойынша гинекологтің бақылауындамын. Екі аптадай болды тәбетім нашарлап, аузымда дәм жоқ, кекіре беремін. Шашыма ақ түсіп, түсіп жатыр. Тез шаршап қаламын. Кеше жұмыста отырған кезімде басым айналып құлап бара жатқаным есімде. Есімді жиып көзімді ашқанымда ауруханада жеткізіліппін. Әріптестерім жедел жәрдем шақырыпты. Бала кезімнен анемия болған. Арнайы ем қабылдаған емеспін. Анам қызылша, жеміс-жидектер жегізетін. Етеккірім 15 жасымнан келді. Етеккірім келгенде әлсіреп қалатынмын. Отбасымыздың жағдайы орташа болды. Жасыма сай жетілдім .Ешқандай зиянды әдеттерім жоқ, жұқпалы аурулармен ауырған емеспін. Отбасымның жағдайы орташа. Маусымды аллергиям бар.

Емдеуші дәрігердің науқасты бастапқы қарауы

Түскен кездегі шағымдары: тәбетінің нашарлауы, әлсіздік, ашшы кекірік, аузында дәмнің жоқтығы, шашының түсуі

Anamnesis morbi: Екі аптадай әлсізді, шаршап-шалдығу, тәбетінің нашарлауы, ашшы кекірік, шашының түсуі болған. Бала кезінен анемиясы бар. Емделмеген. 22 сәуір күні жұмыста отырған жерінде есінен танып құлаған.Әріптестері жедел жәрдем шақырған. Ауруханаға жеткізілген.

Anamnesis vitae: Семей қаласының тұрғыны. №22 мектепте мұғалім. Жүктілігі 15 апта. Бірінші жүктілігі. Мекенжайы бойынша гинекологтің бақылауында. Отбасының материалдық жағдайы орташа. Етеккірі15 жасынан. Зиянды әдеттері жоқ. Жұқпалы, жыныстық ауруларды жоққа шығарады.

Тағам өнімдеріне, дәрілік заттарға реакциясы: жоқ. Маусымды аллергиясы бар.________________________________

Тұқым қуалайтын аурулары: жоқ________________________

Status praesens

Жалпы жағдайы: оршаша ауырлықта______________________

Науқастың хал жағдайы: енжар___________________________

Санасы, есі: анық________________________________________

Бет әлпеті: мұңды________________________________________

Дене бітімі: дұрыс________________________________________

Тері жамылғылары: бозғылт______________________________

Терінің ылғалдылығы: терісі құрғақ, қопсу бар______________

Перифериялық лимфа түйіндері____________________________

Ісіну белгілері: жоқ______________________________________

Тыныс алу жүйесі: тыныс алуы мұрын арқылы, еркін

Жүрек-қан тамыр жүйесі Жүрек және күре тамыр аймағында потологиялық пульсайиялар жоқ (бар болса қайда).

Жүрек шекаралары ( қалыпты, кеңейген) (кеңейсе қайда)

Жүрек тондары: (анық, тұйықталған). Жүрек ырғағы:(дұрыс, дұрыс еме). Шулары: естілмейді (естілсе қайда)

АҚҚ_________________________________________________

Асқорыту жүйесі: тілі таза, ылғалды, ...(қандай) түспен жабылған

Ауыз қуысының сілемейлі қабығы: бозғылт

Жұтынуы: қатты, құрғақ тағамдарды жұтқанда ауырсыну бар

Іші: (қалыпты формада, ұлғайған)________________________

Пальпация кезінде:(жұмсақ, ауырсынусыз, ауырсынады)(қай жері)

Нәжісі: күнделікті емес, қатайған_________________________

Зәр шығару жүйесі: бүйректері пальпацияланбайды,

пальпацияланады

Зәр шығаруы: күнделікті, еркін___________________________

Болжама (клиникалық) диагнозды негіздеу: Науқастың шағымына

Анамнезіне

Обьективті көрсеткіштеріне: әлсіздік, шашының түсуі, кенеттен ағаруы, тер жамылғысының құрғақтығы, бозаруы, жұтынуының ауырсынуына

байланысты мынадай болжамалы(клиникалық) диагноз қоямын:

анемия

Емдеу жоспары:

1.Тіртібі:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Диета:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________Жатқызу мақсаты:__________________________________________

__________________________________________________________

Бөлім меңгерушісі: (қолы) аты-жөні

Емдеуші дәрігер: (қолы) аты-жөні

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: сұрақ-жауап, мазмұндау, сұхбаттасу, сұрақ құрастыру , үлгімен жұмыс

6.Пайдаланған әдебиеттер: Жумамбаева Р.М., Даутов Д.Х., Байлдинова К.Ж., Дюсенова Л.Б.,Токабаева А.К. Учебное пособие «Схеме обследования больного в терапевтической клинике»; Ахметов М. Медициналық терминдер сөздігі. Орысша-қазақша-ағылшынша. – Алматы: Дайк-Пресс, 2009. -800 б.; Жылқыбаева А.Ш. Қазақ тілі (медицина саласы студенттеріне арналған оқу құралы). – басылым түрі. – Семей қ. – 2013.