Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз.

зәр-кіші дәрет – моча

несеп ағар – мочеточник

несеп шығару-мочеиспускание

шат-спайка тазовых костей

жатыр-матка

қуық-мочевой пузырь

түтік-труба

шыжың-недержание мочи ночью

қуықтың қабынуы-цистит

бүйректің қабынуы-нефрит

жыныс қатынасы-половое отношение

бел-поясница

құрысу-судорга

2. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Зәр шығару жүйесі, аурулары

Зәр шығару жүйесі адам ағзасындағы артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметін атқарады. Зәрдің түзілуі – өте күрделі процесс. Ересек адам тәулігіне 1000-1800мг түзеді. Зәр шығару мүшелері екі безден және несепті жинап шығаруға арналған мүшелерден тұрады. Несеп қаннан түзіледі. Несептің құрамында 2-4 % құрғақ зат және қалғаны су болады. Несеп түзу қызметін бүйрек атқарады. Бүйректер құрсақ қуысында жоғары бел омыртқалар тұсында орналасқан. Бүйрек жұп мүше, салмағы 120-200г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен 1-2 см төмендеу болады. Бүйрекке енген қан құрамынан зәр бөліну прцесі жүреді. Сондай-ақ бүйрек ыдырау процесі пайда болған керексіз заттарды ағзадан шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады.

Несеп ағардың ұзындығы 30см, ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүре отырып, қуыққа келіп жалғасады.

Қуық – зәрдің уақытша жиналып тұратын мүшесі. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Қуықтың пішіні жалпы оның созылуына, толуына, тік ішек пен жатырдың көлеміне қарай өзгеріп отырады. Қуықтың түбінен несеп каналы басталады.

Несеп каналы – қуықтың зәр шығаратын түтігі.

Зәр шығару жүйесі жыныс аппараттарымен морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланысты.

Зәр шығару мүшелерінің қабынуына, қызметінің бұзылуына, зәрдің дұрыс жүрмеуіне т.б. себептерге байланысты ауру түрі әр түрлі болады. Зәр шығару мүшелері ауруларына: қуықтың қабынуы, шыжың, бүйректің қабынуы, несептің жоқтығы, үрпінің қабынуы т.б. жатады.

3. Төменде пиелонифрит ауруы бойынша дәрігердің сұрақтары берілген.

Науқастың жауаптарын дайындаңыз.

1.  – Қай  жеріңіз  ауырады?

 - ...  

2.  – Дене қызуыңыз бар ма?

     -  ...

3.  – Ауру кенеттен басталды ма, әлде көптен бері ауырасыз ба?

     - ...

4.  – Беліңіз қалай ауырады, сыздап ауыра ма, әлде батып ауыра ма?

     - ... 

5.  – Зәріңіздің түсі өзгере ме?

     - ... 

6.  – Басыңыз ауыра ма?

     - ... 

7.  – Әлсіздік сезінесіз бе?

     - ... 

8.  – Бетіңізде, денеңізде ісік пайда болған жоқ па?

4.Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

  Бүйрек қабынуы, бүйрек түбегінің қабынуы, жиі кездесетін ауру, зәр шығуының бұзылуы, зәрдің өзгеруі, асқыну кезеңі, диогнозды ерте қою, сауығуға болады, науқасты

тамақтандыру, диетаға көшіру, алғашқы күннен бастап, антибиотиктер енгізу, препараттарды ауыстыру, үзіліс жасау, дәрумендер тағайындау, шөптермен емдеу.

5. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын жалғап,

берілген сөйлемдерді жазып алыңыз.

1. Несеп ... лейкоциттер, бактериялар көбейеді. 2. Науқас ... халі нашарлайды. 3. Несеп... зерттегенде өзгеріс байқалады. 4. Жедел пиелонефрит ... диогнозын ерте қоюдың маңызы бар. 5. Ауру ... белгілері: бел ауруы, қызуы ... көтерілуі. 6. 10-14 күн ... кейін препараттар... ауыстыру керек. 7. Пиелонефрит – бүйрек... ең жиі кездесетін ауруы.