Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

4. Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

5. Төмендегі сызбаға қарап ас қорыту жүйесі туралы әңгімелеңіз.

6. Үлгі бойынша ары қарай жалғастырыңыз.

Төмендегі себептерден

адам қандай зардап шегеді?

Үлгі:Іш қатудан

үлкен дәретке ұзақ уақыт бармаудан ағза уланады.

Тамақты шайнамастан асығыс жұтудан

Тәбеті нашарлаудан

Зиянды әдеттердің әсерінен

Ауыздан жағымсыз иіс шығуынан

7. Бауыр мен өкпеге салыстыру жүргізіңіз.

8. Төмендегі сұхбатты мазмұнына қарай толықтырыңыз.

– Қай жеріңіз ауырады?

–...

– Қай кезде ауырады? Тамақ алдында ма, әлде тамақтанғаннан кейін бе?

– ... .

– ...?

– Ащы тамақ жегеннен кейін ауырады.

– ...?

– Кеше кішкене қызуым болды.

– Әлсіздік сезінесіз бе?

–...

– Жүрегіңіз айни ма?

– ...

– ...?

– Иә, бірнеше рет құстым.

– Тәбетіңіз қалай?

– ... .

– Ішіңіз қата ма?

– ... .

– ...?

– Иә, асқазаным қыжылдайды.

9. Науқас адамға дәрігердің атынан кеңес беріңіз.

а. Рецепте тағайындалған дәрі-дәрмектерді көрсетілуі бойынша қабылдаңыз.

ә. ____________________________________________________________________

б._____________________________________________________________________

в._____________________________________________________________________

г._____________________________________________________________________

10. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз немесе консилиум жүргізуге дайындалыңыз.

Жедел жәрдем арқылы жеткізілген 68 жастағы науқастың асқазаны ұдайы сыздап ауырады, жүрегі айниды, жиі кекіреді, тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан соң ауру оң жақ белге беріледі. Науқасқа алғашқы көмек көрсетілді, қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Бірақ науқас тағайындалған антибиотиктерді қабылдаудан бас тартты.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру.

6.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 25-28 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 20-26 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Бақылау:

Ас қорыту қандай үрдіс?

Ас қорыту жолына нелер жатады?

Он екі елі ішекте қандай үрдіс жүреді?

Бауыр қандай қызмет атқарады?

Аш ішекте қорытылмаған заттар қайда барады?

Асқазанда ас қанша сағаттай болады?

Он екі елі ішекте қандай үрдіс жүреді?

Бауыр қандай қызмет атқарады?

Ең соңғы қорытылу қай жерде болады?

1. Тақырып №16, аталуы: Зәр шығару жүйесі.

2.Сабақтың мақсаты:

- зәр шығару жүйесі туралы мағлұмат беру;

- зәр шығару жүйесі, аурулары туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- зәр шығару жүйесі және аурулары туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат

құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Оқытудың міндеттері:

-ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

  • Студент білу керек:

А)берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.