Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

6.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 22-25

беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 20-26 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Бақылау:

1.Ағза және сыртқы орта аралығындағы газ алмасу үрдісі қалай аталады ?

2.Тыныс алу мүшелеріне нелер жатады ?

3.Көмейдің қызметі ? (көмекей) .

4. Кеңірдектің пішіні.

5.«bronchus» – грек тілінен аударғандағы мағынасы қалай аталады ?

1. Тақырып №14, аталуы: Жүйке жүйесі

2.Сабақтың мақсаты:өтілген тақырып туралы айта білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: ойын жеткізе алуы;

  • Студент білу керек:

А)берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Кестедегі терминдердің қазақ тіліндегі баламасын беріңіз, сөйлем құрастырыңыз.

2.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады.Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.

Жүйке жүйесі орталық және аймақтық бөлім болып екіге бөлінеді. Орталық бөлім ми және жұлыннан құралады. Аймақтық бөлімге жүйкелер

мен жүйке түйіндері жатады.

Жұлын омыртқа жотасынын өзегіне орналасады. Оның диаметрі 1 см. Жұлынның ортасына сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады.. Жұлынның қызметін ми реттеп отырады. Жұлын негізінен рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.Жұлын зақымдалғанда өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді. Жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі.

Ми бас сүйек қуысында орналасады. Оның орташа салмағы 1300-1400г. Адамның миы 20 жасқа дейін өседі. Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортанғы ми, мишық, сопақша ми. Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен, бір-бірімен тығыз байланысты.

Жүйке жүйесінің бір бөлігі қанқа бұлшық еттерінің қызметін реттейді, ол соматикалық жүйке жүйесі деп аталады. Соматикалық жүйке жүйесі арқылы адам іс - әрекетті меңгереді, яғни өз еркімен қимылдайды немесе қозғалысты тоқтатады. Жүйке жүйесінің бір бөлігі ішкі мүшелердің жұмысын реттейді, ол автономиялық жүйке жүйесі деп аталады. Автономиялық жүйке жүйесінің қызметі адам еркіне бағынбайды. Мысалы, жүректі тоқтатуға, астың қорытылуын тездетуге болмайды.