Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

2. Сұхбатты оқып, жолдасыңызбен әңгімелесіңіз.

Ерлан: Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң! Жақсы жатып, жайлы тұрдыңыз ба? Бүгінгі жоспарыңыз қандай?

Қонақ: Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң!Рахмет! Егер мүмкін болса, халқыңыздың қазіргі тұрмыс-салтымен таныссам деп едім...

Ерлан: Өте жақсы. Бүгін менің досымның баласы үйленгелі жатыр. Сол тойға келуіңізді сұраймын. Сонда  біздің елдің қазіргі жастарының үйлену салтымен жақын таныса аласыз.

Қонақ: Маған ыңғайсыз болмай ма? Біздің халқымызда «Танымайтын жерге шақырусыз қонаққа бармайды» деген қағида бар.

Ерлан: Өзіңіз де байқаған шығарсыз, біздің қазақ халқы өте қонақжай халық, қонақты еш уақытта жатсынбайды. Қайта Сіздің келгеніңізге қуанып, құрмет көрсетеді.

Қонақ: Дегенмен, ыңғайсызданып тұрмын....

Ерлан: Біздің халқымызда «Қонақтың бөлінбеген еншісі бар», «Құдайы  қонақ» (құдай өзі арнайы жіберген қонақ), «Қонақты қусаң құт қашады» деген сөздер бар. Бізде ешқандай ыңғайсыз болып есептелмейді.

Қонақ: Ерлан мырза, Сіз маған былай да көп қызмет көрсеттіңіз. Шексіз ризамын. Мына айтып отырғаныңызға әбден сенемін. Расында, Сіздің халқыңыз өте қонақжай халық екен!

Ерлан: Онда келісітк кешкі сағат алтыда осында кездесейік. Сонымен, үйлену тойына баратын болдық. Көріскенше күн жақсы болсын!

3. Берілген мәтінге жоспар құрастырыңыз.

4. Берілген сөздердің антонимдерін тауып жазыңыз.

Кедей –  

Ата –

Қымбат –

Жақын -

Жуық -

Жас –

Ана –

Дос -

5. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз.

Қыз, ажар, жігіт, тым, бас қосу, өмір, халық.

6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар.

Неке, неке қию, жас нәресте, ер бала, болашақ келін, жас келін, атастыру рәсімі,

құйрық-бауыр, құда түсу, қалыңмал, кит, тыйым

5. Оқу және оқытудың әдістері: Іздендіру, талдау.

6. Әдебиет:

Негізгі әдебиет:

1.Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева А. Қазақ тілі оқу құралы.-Алматы, 2008ж.

2.Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы: Ғылым, 2009ж.

3.www.til.gov.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен).

Астана, 2010ж.

4.Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. – Алматы.

5.Бектұров Ш., Бектұрова А. «Қазақ тілі» для начинающих. – Алматы, 1994ж.

Қосымша әдебиет:

6.Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.- Алматы: Сөздік,

2003.

7.Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі – Алматы, 2007.

8.Адамбаева Ж.Д., Оңалбаева К.К. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

9.Ақбаева Қ. Қазақ тілі – Алматы, 1996.

10.Нұрғалиева М., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

11.Ерубаева А.Т. Заңгерлерге арналған қазақ тілі – Алматы, 2005.

12.Сүлейменова Э.Д.,Қадашева Қ.,Аханова Д.Қазақ тілі:оқу кешені–Алматы, 1996.

13.Б.Ж. Доскеева «Қазақ тілі» (медициналық оқу орындарына арналған)

14.А.Ш. Бектұрова, Ш.К. Бектұров «Казахский язык для всех»

7. Бақылау:

Тақырып бойынша 10 тест сұрақтарына жауап беру.

(Тест сұрақтары қосымша беріледі)

1.Тақырып № 5, аталуы: Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер.

Фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасы.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін,ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыру Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелері туралы өз ойларын ортаға салу. Фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасы туралы білімдерін арттыру.