Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

2. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, объектілік, субъектілік,

предикативтік қатынастарда сөйлем құраңыз .

Ағза мен сыртқы орта, бүкіл денеге таралу, тыныс алу жолы, дыбыс шығару қызметі, бүйір қабырғалары, мұрын қуысының ішкі қабырғасы, ауаның залалсыздануы, ауаның ылғалдануы, ауаның жылынуы, доға тәрізді, шеміршекті сақиналар, біртіндеп кішірею, ауа жүретін түтікшелер, адам өміріне қажетті, газ алмасуды қамтамасыз ету.

3. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Тыныс алу дегеніміз – ағза және сыртқы орта аралығындағы газ алмасу үрдісі. Ағза оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын бөліп отырады. Адам оттегісіз өмір сүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет. Тыныс алу жүйесі оттегін қан айналу жүйесіне өткізеді. Ал оттегі қанның құрамындағы гемоглобинмен бүкіл денеге таралады.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа, көмей немесе көмекей, кеңірдек, өкпе және бронхылар жатады. Тыныс алу мүшелері тыныс алу, газ алмасу, дыбыс шығару қызметтерін атқарады.

Тыныс алу жолы мұрын қуысынан басталады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Жоғарғы қабырғасы мұрын сүйектері мен шеміршектерден түзіледі. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрын қуысын тең екі бөлікке бөледі. Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты қабықша астарлайды. Онда көптеген қан тамырлары, бездер және түкті эпителий орналасқан. Мұрын қуысы тыныс алу және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Мұрында ауа залалсызданады, ылғалданады және жылынады.

Мұрын қуысынан ауа аңқаға, одан кейін көмейге (көмекейге) барады, көмейден кеңірдекке өтеді.

Көмей (көмекей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы шеміршектерден түзілген. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекиді. Ер адам көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм.

Кеңірдек – көмейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Оның ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдек доға тәрізді, 16-20 шеміршекті сақиналардан тұрады Кеңірдек бесінші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады.

Бронхы (грекше «bronchus» – тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті шырышты қабықшамен қапталған. Бронхылар оң және сол өкпеге кіреді. Өкпеде олар өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолдар (грекше «bronchіolі» – кішірею) деп аталады. Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (латынша «alveolus» – ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Көпіршіктердің саны 300-350 миллиондай.

Өкпелер кеуде қуысында орналасады. Әр өкпе өкпеқаппен қапталған. Ерлердің өкпесінің биіктігі 27-30 см, әйелдердікі 21-23 см. Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкендеу болады. Оң өкпе 3 бөлікке, сол өкпе 2 бөлікке бөлінген. Ересек адам өкпесінің тіршілік сыйымдылығы 3500 . Адам минутына орта есеппен 16-18 рет тыныс алады. Осы мезгілде өкпе 8 л. ауа өткізіп, адам өміріне аса қажет газ алмасуды қамтамасыз етеді.