Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

5. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, мәтінге қосымша ақпарат ретінде пайдаланыңыз.

Кровь выполняет транспортную функцию. 2. Она приносит к клеткам всех органов питательные вещества и кислород. 3. Кровь обеспечивает защитные реакции организма от инфекций. В плазме находятся клетки крови – эритроциты, лейкоциты и тромбоциты. 5. Плазма в основном состоит из воды. 6. Вода составляет в плазме 90%, остальные 10% - это белки, жиры, глюкоза, минеральные соли и другие вещества. 7. В легких кровь освобождается от углекислого газа.

6.Мәтін бойынша 3 топқа (күре тамыр, көк тамыр, қыл тамырлар) бөлініп, өздеріңізге қатысты мәліметтерді жинастырып, келесі топтарға түсіндірулеріңіз керек (Бұл тапсырмада қамтылу қажет: термин сөздер мен сөз тіркестері; тамырдың ағзадағы басты қызметі, басқа тамырлардан ерекшеліктері, байланыстары; соңында тыңдаушы топтарға арналған сұрақтары). Топтар тапсырмаларын үлкен ақ қағазда жазып, ауызша қорғаулары тиіс.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру.

6. Әдебиеттер:Негізгі әдебит:

Қазақ тілі. З.С. Күзекова . Қазақ тілі практикалық курсы – Алматы, 2009 ж.

Қазақ тілі. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ., Омарова Б., Рамазанова Ш., К.Мұқадиева. Қазақ тілі . Оқу құралы. Алматы, 2008ж.

Грамматикалық анықтағыш.Б. Қапалбеков, С. Құлманов,Г.Қалиақпарова, Алматы, 2010

Қазақ тілі практикумы. З.С. Күзекова. Астана, 2010

Қосымша әдебиет:

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1. Күре тамырдың қызметі қандай?

2. Қылтамырлардың қызметі қандай?

3. Көк тамырдың қызметі қандай?

1. Тақырып №13, аталуы: Тыныс алу жүйесі. Тілдегі объектілік, субъектілік, предикативтік

қатынастар.

2.Сабақтың мақсаты:

- тыныс алу жүйесі туралы мағлұмат беру;

- тыныс алу жүйесі туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- тыныс алу жүйесі туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- зат есімнің жіктелуі туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Оқытудың міндеттері:

-мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру; терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

  • Студент білу керек:

А) берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын жаттаңыз.

көмей (көмекей) – гортань

кеңірдек – трахея

кілегейлі қабықша – слизистая оболочка

шырышты қабықша – слизистая оболочка

залалсыздану – обезвредить

шеміршек – хрящ

түкті – волосистый

сіңір – сухожилие

тармақталу – разветвление

аңқа – носоглотка