Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать
  1. Төмендегі сөз тіркестерін қатыстыра құрмалас сөйлемді орын тәртібі арқылы құрастырыңыз.

Қан, жасуша, көмір қышқыл газы, қоректік заттар, керексіз заттар, дене қызуы, жұқпалы аурулар.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 45-47 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 61-67 беттер

Қосымша әдебиет: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1 Қан тамырларына нелер жатады ?

2. Жүрек жиырылғанда қан қай тамырға барады ?

3. Ең үлкен күретамыр қалай аталады ? деп аталады.

4.Кіші қан айналымы қайдан басталады ?

1. Тақырып №12, аталуы: Қан тамырлары.

2. Сабақтың мақсаты: студенттерге қан тамырларын меңгерту.

3. Оқытудың міндеттері: қан тамырларын қатысты термин сөздерді үйрету.

  • Студент білу керек:

А)берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Кестедегі « Қан айналу жүйесіндегі » терминдерді қазақ тіліне аударыңыз. Кесте №1

Кесте №2. Қан тамырлары

2.Сөздерден құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

қаныққан – насыщенный

тарамдалу – разветвление

шамамен – приблизительно; примерно

серпімді – упругий

шақырым – километр

құяды–вливает

тасымалдайды–переносит

өтеді–протекает

айналады–циркулируется

көбейеді–увеличивается

сіңіреді–усваивается

торлайды–заволакивать

3.Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз. Қан тамырлары

Қан тамырлары (vasa sanguinea, лат. vasa — тамыр, sanguis — қан) — адам мен жануарлар ағзасының жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер. Қантамырлар ағзаны түгелдей торлап жатады. Қантамырлар: күре тамырлар (артериялар), көктамырлар (веналар) және қылтамырлар (капиллярлар) деп 3 топқа бөлінеді.

Күре тамыр (гр. arteria – қантамыр) - қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар тобы. Ең үлкен күре тамыр қолқа деп аталады. Күре тамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады.Күре тамырдың қабырғасы қалың, мықты және серпімді болады. Күре тамырлар бұлшық етке батыңқырап орналасады да, тарамдалып қыл тамырларға бөлінеді, қыл тамырлар арқылы зат алмасу әрекетіне қатысады.

Қылтамырлар (капилляр), лат. capillaris - шаш тәрізді қылдай деген ұғым береді, адам шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды. Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар. Қыл тамырлардың бәрін қосқанда жалпы ұзындығы 100 000 шақырымға дейін жетеді. Қылтамырлардың қабырғасы өте жұка, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады.Қыл тамырлар қабырғасы арқылы оттегін ұлпаға, жасушаларға тасып, олардан көмірқышқыл газын сіңіреді.Сондықтан қанның құрамында оттегі азаяды да, көмір қышқыл газы көбейеді. Қанның түсі өзгеріп, көк тамыр қанына айналады. Қан қыл тамырдан көк тамырға өтедіде, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды..

Көк тамыр (лат. vena - қантамыр, сіңір) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Көк тамырда қан қысымы төмен, оттегі аз, көмір қышқыл газы көп болады.

4.Мәтінге сұрақ әзірлеңіз.