Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

8. Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыз.

  • Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды.

  • Күретамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады.

  • Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.

  1. Жүрек, қан сөздеріне қатыстыжасалған фразалық сөздердің мағынасын сәйкестіріңіз.

Қаны басына шабу

қатты қуану

Жүрегі ұшу

өз-өзіне келу

Жүрегі орнына түсу

тамақтану

Жүрегі жарыла қуану

қатты қорқу

Жүрек жалғау

қатты қайғыру

Қан жұту

қатты ашулану

10.Сөйлемдердегі фразалық тіркестерді қажетті формаға қойыңыз.

  • Біз таңертеңнен бері тамақ ішпей енді ғана жүрек жалға... .

  • Ілулі тұрған тізімнің ішінен інімнің аты-жөнін оқығанда жүрегі... жарыла қуанды...

  • Бәсе, мен де адамның баласы едім ғой деп, жүрегі орнына түс... боп, Айша баласын кеудесіне басты.

  • Шешесі соғыстағы баласынан хат ала алмай, қан жұт... отырғанда күтпеген жерден хабар келіп, жүрегі орнына түс... .

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебит:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 45-47 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 61-67 беттер

Қосымша әдебиет: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7.Бақылау:

1. Жүрек-қан тамырлар жүйесі туралы мағлұмат беру

2. Адамның жүрегі төрт неше бөліктен тұрады?

3. Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?

4. Адам ұйықтағанда жүрегі қалай соғады?

5. Дене еңбегі кезінде қалай соғады?

1. Тақырып №11, аталуы: Қанның қызметі. Құрмалас сөйлем жүйесінің орын тәртібі.

2. Сабақтың мақсаты: студенттерге қанның қызметін меңгерту.

3. Оқытудың міндеттері: қан тамырларын қатысты термин сөздерді үйрету.

  • Студент білу керек:

А)берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қан тамырларына күретамырлар, көктамырлар, қылтамырлар жатады. Күретамырлар мен көктамырлар аралығында қылтамырлар бар.

Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан күретамырлармен ағады. Жүрек жиырылғанда қанды күретамырларға үлкен қысыммен айдайды. Ең үлкен күретамыр қолқа деп аталады. Күретамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады. Күретамырдың қабырғасы қалың, мықты және серпімді болады. Күретамырлар бұлшық етке батыңқырап орналасады да, тарамдалып қылтамырларға бөлінеді, қылтамырлары арқылы зат алмасу әрекетіне қатысады. Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар. Қылтамырлардың бәрін қосқанда жалпы ұзындығы 100 000 шақырымға дейін жетеді.Қылтамырлар қабырғасы арқылы оттегін ұлпаға, жасушаларға тасып, олардан көмір қышқыл газын сіңіреді. Сондықтан қанның құрамында оттегі азаяды да, көмір қышқыл газы көбейеді. Қанның түсі өзгеріп, көктамыр қанына айналады. Қан қылтамырдан көктамырға өтеді де, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды. Көктамырда қан қысымы төмен болады. Қан айналу жүйесі бір-бірімен байланысты үлкен және кіші қан айналым шеңберінен тұрады. Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан қолқа арқылы басталып, бүкіл денеге тарайды, одан көктамыр арқылы келіп оң жүрекшемен аяқталады. Кіші қан айналым шеңбері оң қарыншадан басталады. Ол өкпе күретамыры мен қылтамырлар арқылы өтіп, сол жүрекшемен аяқталады.

2.Мәтінді аударыңыз, сұхбат құрастырыңыз.

Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан тамырмен бойлай ағып, көптеген қызмет атқарады. Ол оттегін өкпеден жасушаларға тасып, оның орнына көмір қышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді. Сөйтіп, тыныс алу қызметін атқарады. Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды өзіне сіңіріп, денеге таратады. Бұл —қоректендіру қызметі. Жасушалардағы пайда болған, оның тіршілігіне керексіз заттарды зәр шығару жүйесіне жеткізеді. Сондай-ақ, қан су мен минералды заттардың көлемін және дене қызуының бір қалыпты болуын сақтайды. Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады. Ол 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады. Осы уақытта өзінің барлық қызметтерін атқарып үлгереді. Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Мұның 22-60% плазма және 40-45 % қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10% минералды және органикалық заттар бар. Минералды заттардың ішінде 1% натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор, күкірт, йод, фосфор аниондары болады.