Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

4. Бейнесюжеттік тапсырманы орындаңыздар

1-тапсырма: Сүйектерді нөмірлеп, атауларын жазып қаңқаны құрастырыңыз

2 - тапсырма: Сұрақтарға бірден жауап беріңіз

5. Қаңқаның құрылысын суретке қарап жатқа айтып беріңіз.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру.

6.Әдебиеттер:

1. Б.Ж. Доскеева «Қазақ тілі» (медициналық оқу орындарына арналған)

2. А.Ш. Бектұрова, Ш.К. Бектұров «Казахский язык для всех»

3. М.Ахметов «Медициналық термин сөздігі» Алматы. 2009ж.

7. Бақылау.

1.Тақырып бойынша 10 тест сұрақтарына жауап беру.

(Тест сұрақтары қосымша беріледі)

1. Тақырып №9, аталуы: Адам ағзасы. Құрмалас сөйлем.

2.Сабақтың мақсаты: адам ағзасы туралы мағлұмат беру; адам ағзасы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету; адам ағзасы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу; жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

3. Оқытудың міндеттері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

  • Студент білу керек:

А)берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мәтінді оқыңыз.

Адам деген – ардақты ат, қазақ халқы оны ежелден қастерлеп, табиғаттың ерекше сыйы деп бағалайды және кім деген сұрақ тек адамға ғана қойылады.

Адамның ағзасындағы әрбір мүше белгілі бір қызмет атқарады. Дене мүшелері атқаратын қызметіне қарай бірнеше мүшелерден бірігіп, жүйе құрайды.

Қан айналу жүйесі денедегі барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды жеткізіп тұрады.

Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхылар жатады. Ағзаның оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп отыруы осы тыныс алу жүйесінде өтеді.

Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек-қарын жолында қорытылады.

Зәр шығаружүйесі мүшелеріне қос бүйрек, несепағар, қуық жатады. Бүйректе қан тазартылады, несеп түзіледі.

Жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Тірек-қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады. Қаңқа – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек. Сүйектерге бұлшық ет бекиді. Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді, әр түрлі қимылдар жасайды.

Адам ағзасындағы сезім мүшелерінің де қызметі ерекше. Сезім мүшелеріне көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу, тепе-теңдікті сезу жатады. Ағзадағы барлық жүйелер арасында әр түрлі жолдар мен өзектер арқылы үздіксіз кең көлемде мәлімет алмасу жүріп жатады. Бұл мәліметтер қан, лимфа және гормон арқылы жүреді.

Адамның тіршілік әрекеттері жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп отырады. Өйткені дамудың әрбір сатысында өзіндік физиологиялық көрсеткіштер қалыптасады. Адам өмірі құрсақта даму, балалық шақ және ересек жас болып үш сатыға бөлінеді.

I. Құрсақтағы 2 айға жуық ұрықтық даму (эмбриогенез) және 2 айдан 9 айға дейін нәрестелік даму (фетогенез) кезеңдерінен тұрады.

II. Балалық шақ (құрсақтан тыс даму) бірнеше кезеңнен өтеді:

  • Жаңа туған (неонаталдық) кезең – туған күннен 4 аптаға дейін, бала қырқынан шыққанша созылады. Бұл кезеңде ағза сыртқы ортаның жаңа жағдайларына икемделеді.

  • Бөбектік шақ – бөбек өмірінің 1-жылы;

  • Сәбилік шақ – 1-3 жас аралығы;

  • Бүлдіршін шақ: 4-7 жас аралығы;

  • Естияр шақ: ұлдарда – 8-12 жас аралығы, қыздарда – 8-11-ге дейінгі жас аралығы;

  • Жеткіншектік – балиғаттық шақ: ұлдарда 13-16 жас аралығы, қыздарда 12-15 жас аралығы;

  • Жас өспірімдік шақ: (бозбала) жігіттерде 17-21 жас аралығы, (бойжеткен) қыздарда – 16-20 жасқа дейін.

III. Ересек жас бірнеше кезеңнен құралады:

  • Кәмелеттік кезең: ерлерде 22-35 жас аралығы, әйелдерде 21-35 жасқа дейін. Бұл кезеңде адамның өсуі тоқтайды, ағзаның құрылымы мен қызметі толық қалыптасады, іс-әрекеті белсенді және тиянақты болады.

  • Кемел шақ: ерлерде 36-60 жас аралығы, әйелдерде 36-55 жасқа дейін. Бұл кезде олардың жүйке және эндокриндік жүйелері өзгеріп, қайта қалыптасады, тіршілік әрекеттерінде айтарлықтай өзгерістер болады.

  • Егделік кезең: ерлерде 61-74 жасқа дейін, ал әйелдерде 55-74 жасқа дейін. Бұл кезеңде ағза тез қартаяды. Сондықтан олар осы кезеңдерінде кездесетін ауруларға жиі шалдығады.

  • Кәрілік кезең ерлер мен әйелдер 75-тен асқаннан кейін басталады. Ағза тоза бастайды, негізгі тіршілік әрекеттері күрт төмендейді.

  • Ұзақ өмір сүрушілер 91 жастан асқан адамдар.