Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «Адам қаңқасы» тақырыбы бойынша термин сөздерді жазып, жаттап алыңыз.Терминдерді дұрыс айтуға дағдыланыңыз.

бас сүйегі - череп

төбе сүйегі - теменная кость

маңдай сүйегі - лобная кость

шүйде сүйегі - затылочная кость

самайсүйек - височная

үстіңгі (астыңғы) жақ сүйегі - верхняя (нижняя) челюсть

тіласты сүйегі – подьязычная кость

таңдай - небо

қабыртқа - ребро

төс сүйегі - грудина

омыртқа жотасы - позвоночный столб

мойын омыртқасы - шейный позвонок

бел омыртқасы – поясничный позвонок

сегізкөз – крестец

құймышақ - копчик

жілік - трубчатая кость

қол сүйектері - верхняя конечность

бұғана – ключица

жауырын - лопатка

тоқпан жілік - плечевая кость

кәрі жілік - локтевая кость

шыбық сүйегі - лучевая кость

білезік сүйегі - кости запястья

алақан сүйектері - пястные кости

аяқ сүйектері - нижняя конечность

жамбас сүйегі - тазовая кость

ортан жілік - бедренная кость

тізе - колено

асықты жілік - большеберцовая кость

кіші жіліншік (садақ сүйегі) - малоберцовая кость

башпай - пальцы ног

өкшесүйек - пяточная

жүйке талшығы - нервное волокно

шеміршек (омыртқааралық шеміршек) – хрящ

байлам (сіңір) (ортан жілік басының байламы) – связка (головки бедренной кости)

2. Мәтінді оқып шығыңыз. Оқытушының көмегімен аударыңыз.

Бас сүйегі – ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады. Ми сауыты жұмыртқа тәрізді. Оның ішінде ми болады. Ми сауыты өзара қимылсыз байланысқан сүйектерден құралады. Оларға төбе мен самай, мандай және шүйде (қарақұс), жақ сүйектері жатады. Бет сүйектері жұп: үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерден, мұрын, таңдай, көз ұясы, тіл асты сүйектерінен тұрады. Бұлардың ішінде тек астыңғы жақ сүйек қана қимылдайды.

Тұлға қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғалардан және төс сүйегінен тұрады. Омыртқа жотасы мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Омыртқалар бірігіп жұлын өзегін түзеді.

Он екі жұп қабырғалар кеуде қуысын құрайды. Иық белдеуі –иық және қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі арқылы қол сүйектері денемен байланысады. Бұғана мен жауырын бірігіп иық белдеуін құрайды. Кеуденің сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп аталады. Қол сүйектері екі ұзын сүйектен тоқпан жілік пен кәрі жіліктен (шынтақ сүйек, шыбық сүйек) тұрады. Білезік сүйек, алақан сүйек және саусақ сүйектері – қол басы сүйектері болып саналады. Білезік сүйектері қолдың басын қозғалтады.

Жамбас белдеуі – жалпақ жамбас сүйегінен, ортан жіліктен, тізе, асықты жіліктен, өкше сүйектен (толарсақ), табан сүйектері мен башпай сүйектерінен құралады.

3. Жоғарыда берілген сүйек атауларына қатысты термин сөздерді төменде сынықтың түріне байланысты берілген терминдермен байланыстырып науқасқа сұрақ қойыңыз. Жағдайды түсіндіріп беріңіз.Сынықтың түріне қатысты термин сөздерді жаттап алыңыз.

Үлгі: Қолыңызды қозғалтқанда ауыра ма?

Аяғыңыз қай уақытта ауырады?

Басыңызды қалай соғып алдыңыз?

Сіздің асықты жілігіңіз шытынаған. Сізде ашық сынық, тоқпан жілігіңіз көлденеңінен сынып кеткен. Ортан жілігіңіз жаншылып сынып кеткен. Сізде сынық жоқ, аяғыңыздың жұмсақ тіндерін қатты соғып алғансыз. Сіздің бас сүйегіңіздің жіктері ажыраған. Иықбуыныңыз созылған.

Сыну, сынық – перелом

  • жабық сынық (терісі жыртылмай сыну) - закрытый перелом

  • ашық сынық - открытый перелом

  • салдарлық сынық – вторичный

  • қиғаш сынық – косой

  • жаншылып сыну - компрессионный

  • көпжарқыншақты – многоосколочный

  • дұрыс бітпеген сынық – неправильно сросшийся

  • көлденең сынық – поперечный

  • туа болған сынық – внутриутробный

  • уатылған – раздробленный

  • орнынан жылжыған сынық - со смещением

  • бітісіп кеткен сынық – сросшийся

Жылжу, ауытқу (Омыртқаның ауытқуы, таюы) – смещение

Шытынау (сүйек шытынауы) – трещина

Буын таю(шығу) (буынның шала шығуы) – подвывих

Созылуы (иықбуын созылуы) – растяжение (плечевого сустава)

Байламдардың созылуы – растяжение связок

Жамбас түбегейі созылуы – растяжение тазового дна

Алшақтау, ажырау – росхождение

- сүйек сынықтарының бір-бірінен алшақтауы, ажырауы – росхождение

отломки костей

- бассүйек жіктерінің ашылуы, ажырауы - росхождение черепных швов

Соғып алу, соғылған жер (жұмсақ тіндер соғылуы) - ушиб (ушиб мягких тканей)

Қысылу, қысылып қалу, қысып алу – ущемление

Қан ісік, қанды ісік – гематома