Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

8.Оқып, аударыңыз.

Кез – келген, тіпті ең бір күтпеген, қауіпті жағдайларда, дәрігер қатты қобалжып, қорқып немесе жіберген қатесі үшін қатты жабырқап тұрса да, науқасқа көрсетпеуі, сездірмеуі тиіс.

Әрқашан дәрігер өзіне сенімді болу керек. Дәрігердің қиын жағдайда өзін-өзі ұстап, барлығы жақсы, дұрыс болады деген үміті науқастың сенімін сақтайды.

Коммуникативті және экспрессивті қимылдар, сенімділікті, ілтипаттылықты білдіретін мимикалық реакциялар, эмоционалды жақындықты білдіретін ара қашықтық, дәрігердің сыртқы келбеті, сөйлеу мәнері, кәсіби біліктілігі науқастың сенімін арттырып, үмітін оятады.

Медицина қызметкерінің тағы бір кәсіби маңызды жоғары қасиеті, бұл кәсіби іс – әрекет барысында қалыптасатын коммуникативті толеранттылық болып табылады.

Коммуникативтік толеранттылық коммуникативті біліктіліктің маңызды бір құрамдас бөлігі, шыдамдылық, төзімділік дегенді білдіреді.

Коммуникативтік толеранттылық дәрігердің науқас бойындағы жағымсыз қасиеттері мен әдеттерін, жеке ерекшеліктерін, ойлау стереотиптерін, тіпті сөйлеу мәнерін қаншалықты төзіммен қабылдайтынын айғақтайды.

Науқас түрлі ойлар мен сезімдер туғызуы мүмкін. Ол дәрігерге ұнауы, ұнамауы, жағымды немесе жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Дегенмен, дәрігердің кәсіби дайындығы жанжал, қақтығыс жағдайын болдыртпайды.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім

6. Әдебиеттер:

1. ИсаеваЖ Т,Тәттібаева А.Е.,.Т. Қазақ тілі Алматы, 2011ж.

2. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж.

Қосымша әдебиет: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

3. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

4.Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1. Қазақтың қандай атақты дәрігерлерін білесіз?

2. Қазіргі кездегі қандай көрнекті дәрігерлерді білесіз?

3. Т.Шарманов туралы не білесіз?

4. Қ.Ормантаевтың қандай еңбектерін білесіз?

5. А.Рақышовтың еңбек жолы қалай және қашан басталды?

6. Анатомия нені зерттейді?

7. М.Әлиевтің қандай еңбектерін білесіз?

8.Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, уролог-дәрігер О.Жарбосынов туралы не білесіз?

9. А.Н.Сызғанов кім?

10. Дәрігер мамандығы туралы не айтасыз?

1.Тақырып №8, аталуы: Адам қаңқасы.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің сөйлеу қабілеттерін кәсіби бағытта арттыру.

Болашақ маман ретінде науқасқа сұрақ қоя білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- қаңқаның құрылысын;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша термин сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру, сурет

бойынша өз ойын айта білуі.