Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

7. Бақылау:

1.Тақырып бойынша 10 тест сұрақтарына жауап беру.

(Тест сұрақтары қосымша беріледі)

1. Тақырып №5, аталуы: Жаңа технологияға негізделген медициналық құрал-жабдықтар.

2. Сабақтың мақсаты: құрал-жабдықтардың термин атауларын білу.

3. Оқытудың міндеттері: ойын жеткізе алуы;

  • Студент білу керек:

А) берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Оқып, аударыңыз.

Медициналық жабдықтар - ауруларды емдеу-диагностикалық іс-шаралар барысында, сонымен қатар оларды күтіп-баптауда емделушілер мен медицина қызметшілерін оңтайлы жағдаймен қамтамасыз етуге арналғанмедициналық техникалық бұйымдар.

1 Медициналық жабдықтардың топтары

11 Емдеу және тексеру іс-шаралары кезінде қолданылатын жабдықтар

1.1.1 Ауруларды тасымалдайтын жабдықтар

1.1.2 Медициналық төсек

1.1.3 Үстелдер мен креслолар

1.2 Емдеу және тексеру іс-шараларын жүргізетін жабдықтар

1.3 Шаруашылық жабдықтары

2 Медициналық жабдықтар күтімі

2. Емдеу және тексеру іс-шаралары кезінде қолданылатын жабдықтар туралы білгеніңізді жазыңыз.[

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.

... тазалығы күнделікті сақталуы тиіс:

... сутек тотығының 3%-к ерітіндісі және 0,5%-к жуғыш затының қосындыларын пайдаланады.

... тотықпау үшін өңделген жабдықтарды құрғақ әрі жұмсақ материалмен сүрту қажет.

... үйкелетін тұстарын майлау (вазелин және басқа майлармен).

Қажетті сөздер: Сүрту , майлау, жабдықтардың, дезинфекциялау

4. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Медициналық техниканың, медициналық қолданыстағы мүліктердің қызмет көрсету нарығындағы орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі болуы тиіс. Қазақстан Республикасында медициналық техниканың, медициналық қолданыстағы мүліктердің қызмет көрсету нарығында кемінде 12 жыл жұмыс тәжірибесіне ие болуы тиіс. Қазақстан Республикасындағы медициналық жабдықтарды, медициналық қолданыстағы мүліктерді, медициналық жабдықтардың қосымша бөліктерін тасымалдауда кемінде 12 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс.Медициналық жабдықтарға қызмет көрсету аспаптық цех құру және биоинжиниринг бойынша, сонымен қатар автокөлікпен, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағында жүк таситын көлікпен қызметтер көрсетуге қажетті жекеменшік құқығы немесе өзге заңды негізде өндірістік/ жөндеу жайлары, құрылыстары, қоймалары, қызметтік және тұрмыстық жайлары, техника және жабдықтары иелігінде болуы тиіс.

Білікті мамандар, оның ішінде шетелде білім алған мамандардың, әрі медициналық жабдыққа қызмет көрсетуге, аспаптық цех құру және биоинжиниринг бойынша қызметтерге байланысты теориялық және тәжірибелік машықтарының болуылары тиіс.

Медициналық техника өндірушісінде білім алған, төмендегілерді қоса алғанда, бірақ осымен шектелмейтін бағыттар бойынша біліктілік сертификаттары бар/ авторластырылған мамандарының болуы тиіс: реанимациялық жабдық; диагностикалық жабдық; зертханалық жабдық; рентгенді- диагностикалық жабдық; залалсыздандыруға арналған жабдық; терапевтік жабдық; операцияға арналған жабдық.