Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

7. Бақылау:

1. Медицина дамуында шығыс медицинасының маңызы.

2. Шығыстың ғұлама ғалымдары.

3. Ибн-Сина еңбектерінің маңызы.

4. Шығыс медицинасындағы емдеу тәсілдері.

5. Инемен емдеу әдісінің ерекшелігі.

6. Нүктелі массаждың пайдасы.

7. Шығыс медицинасының ерекшелігі.

1. Тақырып № 5, аталуы: Фармакология, фармацевтика. Оптика.

Сөз тіркесі арқылы сөйлем құраудың прагматикалық сипаты.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін,ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Фармакология, фармацевтика. Оптика. Сөз тіркесі арқылы сөйлем құраудың

прагматикалық сипаты туралы өз ойларын ортаға салу.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек: Ережелерді білу керек

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

Фармакология (грек. pharmacon — дәрі және logos — ілім) — адам организміне әр түрлі дәрілік және биологиялық белсенді заттардың тигізетін әсерін зерттейтін, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін іздеп табуды қарастыратын ғылым. Фармакологияда организмге дәрілік заттардың әсерін жануарларға әр түрлі әдістермен (мысалы, физиол., биохим., гистол., т.б.) жасалынған тәжірибелер негізінде анықтайды. Дәрілік заттар, олардың адам тәніне тигізетін ықпалы туралы деректерді жинақтау, топтастыру, бір жүйеге келтіру өте ерте заманнан қолға алынған. Мысалы, мысырлық папирус Эберстің (б.з.б. 17 ғ-да) еңбектерінде, Гиппократ шығармаларында 300-ге жуық дәрілік өсімдіктердің атаулары, олардан дәрі жасау тәсілдері, пайдалану туралы мәліметтер жазылған. Сондай-ақ ГаленӘбу Әли ибн СинаПарацельсеңбектерінде де айтылған. АрабияҚытайҮндістан елдерінде ежелгі заманның өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді көп пайдаланғаны белгілі. 19 ғасырдың ортасында эксперименттік Фармокологияның негізін Р.Бухгейм (Дерпт) салған.

Оптика (гр. optіke – көзбен қабылдау жөніндегі ғылым, optas – көрінетін) – физиканың сәуле (жарық) шығару табиғатын, жарықтың таралуын және оның затпен әсерлесу құбылыстарын зерттейтін бөлімі. Жарық электро-магниттік толқын болғандықтан Оптика электро-магниттік өріс жөніндегі жалпы ілімнің (электрдинамиканың) бір бөлігі болып табылады. Оптикалық сәулелер толқын ұзындығы (λ) бойынша 1 нм-ден 1 мм-ге, бір жағынан рентген, ал екінші жағынан радиосәуленің микротолқындық диапазонына дейінгі аралықты қамтиды. Жарықтың толқындық қасиеттері физикалық Оптиканың негізгі бөлімі – толқындық Оптикада зерттеледі. Толқындық Опитканың негізін Х.Гюйгенс (1629 – 1695), Т.Юнг (1773 – 1829), О.Френель (1788 – 1827) және т.б. қалаған. Гюйгенстің Оптикаға қосқан, осы кезге дейін маңызын жоймаған ең басты үлесі – Гюйгенс – Френель принципі.

Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:

Қайрат баяндады;

балаларға баяндады;

Досанмен болған;

болған әңгіменің;

әңгіменің мән-жайын;

мән-жайын баяндады.

Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады.

Грамматикалық жаттығулар

4. Жоғарыда берілген суреттегі сөзді қазақшаға аударыныз.

5. Бүгінгі тақырып бойынша мысалдар келтіріп жазыныз.

6. Тақырып бойынша тест құрастырыныз.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім