Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

3.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Шығыс медицинасы

Медицина дамуында шығыс медицинасы ерекше орын алады. Шығыс медицинасы жайлы деректер адамзатқа ежелден белгілі.

Шығыстың ғұлама ғалымдары Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Бәкір Ар-Рази (Разес), Әбу Райхан әл-Бируни медицина, жаратылыстану, астрономия, философия т.б. ғылым салаларына арнап еңбектер жазып, адамзат дамуында өшпес із қалдырды. Олардың еңбектері бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жойған жоқ. Мысалы, Әбу Әли ибн Синаның «Китаб ал-Канун фит-т-тибб» («Канон врачебной медицины »), «Китаб аль-Шифа» («Книга исцеления») т.б.еңбектерінің медицина даму тарихында маңызы зор. Ғұлама ғалымның бұл еңбектері ХII ғасырда араб тілінен латын тіліне аударылған. Мұнда кейбір ауру түрлері сипатталып, оны емдеу әдістері көрсетілген. Сонымен бірге денсаулықты сақтау, нығайту жолдары, әртүрлі өсімдіктердің пайдасы туралы да мәлімет

Шығыс медицинасында науқастарды емдеу үшін әртүрлі дәрілік өсімдіктер, емдік балшық, минералды сулар қолданылған. Сонымен бірге массаж жасау, нүктелі массаж, инемен емдеу т.б. кең тараған.

Инемен емдеу (чжень) және денені күйдіріп емдеу (цзю) – талай ғасырлардан бері медицинаға белгілі. Ол осыдан бес мың жыл бұрын Тибет (Қытай) медицинасында қолданылған. Ол кездерде ине орнына үшкір тас, жануарлар сүйегі, күйдіру үшін қамыстың шоғы пайдаланылғаны туралы деректер бар. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда жазылған қытай халық медицинасының он сегіз томдық «Хуанди нэй –цзин» деп аталатын кітабында инемен және күйдіріп емдеу әдістерін қандай ауруларға қарсы қолдану қажеттігі көрсетілген. Сол кездің өзінде-ақ, Қытай инемен емдеу орталығына айналып, бұл елге Жапония, Үндістан сияқты елдерден дәрігерлер келіп, емдеу сырын үйрене бастайды. Ал, ХІХ ғасырдан бастап Европада да инемен емдеуді қолдана бастады.

Денедегі емдеу нүктелерін бармақпен басып емдеуді - нүктелі массаж деп атайды. Бұл емдеу әдісі Жапонияда пайда болған деп есептеледі. Жапон тілінде Ши-атсу деп аталады (ши-бармақ яғни, саусақпен басу деген сөзден шыққан). Бұл әдіспен кейбір мүшелердің бұзылған қызметін қалпына келтіруге болады екен.

Сонымен бірге, шығыс медицинасында емдік дене шынықтыру жаттығуларына да көп көңіл бөлген.

Шығыс медицинасы адам ағзасы біртұтас, бірімен– бірі байланысып жатқан бөлінбейтін жүйелер мен жасушалар жиынтығы деп қарайды. Сондықтан егер жанарыңыздын көру қабілеті азайса, онда көзбен бірге бауырды да емдеуді қолға алады.

Ал, созылмалы ауруларға ұшырағандарға емдік дәрілер бірден тағайындалмайды, емдеу үш кезеңге бөлінеді:

бірінші кезең – ағзаны тазалау;

екінші кезең – ағзаны жетіспейтін микро– макро элменттермен толықтыру;

үшінші кезең – ағзаны қайта қалпына келтіру.

4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауаптарға жауап беру

1. Медицина дамуында шығыс медицинасының маңызы қандай?

2. Шығыстың қандай ғұлама ғалымдарын білесіз?

3. Ибн-Сина еңбектерінің маңызы қандай?

4. Шығыс медицинасындағы емдеу тәсілдері қандай?

5. Инемен емдеу әдісінің ерекшелігі қандай?

6. Нүктелі массаждың пайдасы қандай?

7. Шығыс медицинасының қандай ерекшелігі бар?