Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- мамандықтарға қатысты мәліметтерді білу ;

  • - болашақ мамандығы жайлы айта білуі

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру, сурет

бойынша өз ойын айта білуі.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Мәтінді оқыңыз.

(Латын. Professio – өз ісім) – кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде алынатын белгілі бір білімдер мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Көптеген кәсіптер мамандықтарға ажыратылады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық , реніш сезімдері пайда болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Мамандықты дұрыс таңдау үшін, өзінің жеке қасиеттерін, қызығулары мен икемділіктерін анықтап, оқу орындары мен түрлі мамандық туралы толық ақпарат алулары керек.

2) Сөздерді аударып, мағынасын түсіндіріңіз. Жаттап алыңыз

Мамандық – профессия, специальность

Кәсіп –

Қызмет –

Еңбек өтілі –

Білім жетілдіру –

Жұмыс тәжірибесі –

Біліктілік –

Білікті маман –

Адал қызмет ету –

Еңбек кітапшасы –

Жалақы –

Сұранысқа ие –

Оқу мерзімінің ұзақтығы –

3) Жағдаяттық тапсырма.

Мамандық таңдар кез келді. Сіздің таңдаған мамандығыңызға ата – анаңыз қарсы болды. Мамандықты дұрыс таңдағаныңызды, сол мамандыққа бейіміңіз бар екенін дәлелдеңіз, сұхбаттасыңыз.

4) Берілген мәліметтерді пайдаланып «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында журналист пен студент рөлінде сұхбаттасыңыз.

  • ........?

  • Иә, мен Семей мемлекеттік медицина университетінде оқимын.

  • ........?

  • Біздің университетте жалпы медицина, стоматология, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике ісі факультеттері бар.

  • ........?

  • Мен жалпы медицина факультетінде оқимын.

  • ........?

  • Біз бірінші курста химия, анатомия, қазақ тілі, шет тілі, тарих, ішкі аурулар пропедевтикасы т.б. пәндерің оқимыз.

  • ........?

  • Сабаққа кітапхананың оқу залында, компьютерлік сыныпқа барып дайындаламыз.

  • ........?

  • Менің келешекте пластикалық хирургия саласында істегім келеді.

  • ........?

  • Мен анатомия пәнінің ғылыми үйірмесіне қатысамын.

  • ........?

  • Маған болашақ мамандығы өте ұнайды.

5) Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Дәрігерлік диплом, ғылыми қызметкерлер, жас маман, білікті дәрәгер, студенттік өмір, университет түлектері, адам арашасы

6) «Дүниеде мың мамандық – соның бірі сенікі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

7) Дәрігер мамандығы жайлы мақал-мәтелдерді тауып жатап алыңыз.

6. Пайдаланған әдебиеттер: К17 М.Д.Жороқпаева, Ж.Ж.Қасенова, С.Б.Құлыспаева, Ж.С.Құсайынова, А.Ш.Жылқыбаева, Б.А.Жорғатаева Қазақ тілі. Семей – 2009ж. 86 б.

7. Бақылау сұрақтары.

  1. Бірінші тапсырмада берілген жаңа сөздерді жатқа айтыңыз

  2. 10 мақал-мәтелді жатқа айтыңыз

3. Қажет мамандықтар тізбесін жасаңыз

1. Тақырып №32, аталуы. Университет – білім ордасы. Басшының басқару стилі

2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Білім

алып жатқан ЖОО деген құрмет, мақтаныш сезімін қалыптастыру.