Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

9. Көп нүктенің орнына қажетті етістікті тілек, бұйрық мәнде қолданыңыз.

Жасы кіші үлкенге бірінші болып ... ... .

Жасы үлкенге жасы кіші ... ... .

Жасы кішіге жасы үлкен ... ... .

Келген қонақ отырғандарға ... ... .

Келіндер ата-енесіне иіліп ... ... .

Баланы ата-анасы жасынан сәлемдесуге ... .

Келген қонақтармен ... ... .

Құда-құдағиларды ... ... .

Ата-енеме иіліп ... ... .

Жиыннан соң атаңа ... ... .

10. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Мәтіндегі «Бәукең» деген кім?

Бәукең дәм үстінде өзін-өзі қалай ұстады?

Әдемі әңгіменің шырқын бұзған кім?

Совхоз директоры дастархан басында отырғандарға қалай сәлемдесті?

Бәукең ол туралы не айтты?

Болған іске байланысты Бәукеңнің көңіл-күйі қайтті?

Совхоз директорын сипаттаңыз.

... Айтқан уақытында Бәукең мен Нарбай ақын да төменге түсті. Екеуі де жайдары, өте көңілді боп көрінді...

Дәм үстінде Бәукең біраз шешіліп, өткен жылы Ыстықкөлде дем алғанын айта бастап еді, жанымызға совхоз директоры болып істейтін тығыншықтай семіз біреудің аяқ астынан келіп киліккені. Әлгі омыраулаған қалпы Бәукеңнің тұсынан ұмтылып барып, Нарбайдың қолын қысты:

  • Ассалаумағалейкум, Нарбай аға, өткен жолы біздің совхозға келіп кетіпсіз. Ауылда болмай қалғаныма сіздің алдыңызда ұяттымын. Арнайы келіңіз. Күтеміз, - деп желімдей жабысып, айрылар емес. Өзгемізге көз қиығын да салмады.

Бауыржан тағы жекіріп тастай ма деп, қипақтап отырған Нәкең «иә, иә, жақсы, жақсымен» тез құтылғысы келіп, жаны шығып барады.

  • Ал сау тұрыңыз, Нәке,- деп бұрыла беріп еді, Баукең:

  • Әй, жігітім,- деп саңқ ете түсті. Директор қайтып оралды.

  • Мен Бауыржан Момышұлы дегенмін. Бір дастарханның басында отырған үш-төрт адамды алалап сәлем бергенді қай атаңнан көріп едің?

Сасып қалған директор:

  • Ө-ө, кешіріңіз,-деп, есі шығып сасқалақтап қалды. Ортаға түскен Нәкең: «Бұл бәленше деген совхоздың директоры» ,- дей бастап еді, Бәукең: - Сәлемін түзей алмай жүріп, жұртты қалай басқармақ? Марш! – деді мұртын тікірейтіп.

М. Шаханов.

11. Мына сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз.

Сәлемдесу әдет пе, әдеп пе?

Орынды сәлемдесу дегенді қалай түсінесіз?

«Ассалаумағалейкум !» деп кіммен сәлемдеседі?

«Сәлем!» деп кіммен сәлемдеседі?

«Сәлеметсіз бе?» деп кіммен сәлемдеседі?

«Кеш жарық!» деп қашан сәлемдеседі?

«Қайырлы таң!» деп қашан сәлемдеседі?

Сәлемдесу нені білдіреді?

12. Сыпайылық әдебіне қатысты мына сөздерді қатыстырып, сөйлемдер жазыңыз.

Кешіріңіз, мүмкін болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін, ғапу етіңіз, кешірім өтінемін, қаласаңыз, қарсы болмасаңыз.

5. Оқу және оқытудың әдістері.

Сұрақ-жауап, түсіндіру , пікірлесім

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебит:

  1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева А. Қазақ тілі оқу құралы.-Алматы, 2008ж.

  2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы: Ғылым, 2009ж.

  3. www.til.gov.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). Астана, 2010ж.

  4. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. – Алматы.

  5. Бектұров Ш., Бектұрова А. «Қазақ тілі» для начинающих. – Алматы, 1994ж.

Қосымша әдебиет:

  1. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.- Алматы: Сөздік, 2003.

  2. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі – Алматы, 2007.

  3. Адамбаева Ж.Д., Оңалбаева К.К. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  4. Ақбаева Қ. Қазақ тілі – Алматы, 1996.

  5. Нұрғалиева М., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  6. Ерубаева А.Т. Заңгерлерге арналған қазақ тілі – Алматы, 2005.

  7. Сүлейменова Э.Д.,Қадашева Қ.,Аханова Д.Қазақ тілі:оқу кешені–Алматы, 1996.

  8. Б.Ж. Доскеева «Қазақ тілі» (медициналық оқу орындарына арналған)

  9. А.Ш. Бектұрова, Ш.К. Бектұров «Казахский язык для всех»