Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

7. Бақылау:

1. Тақырып бойынша 10 тест сұрақтарына жауап беру

(Тест сұрақтары қосымша беріледі)

1.Тақырып №27, аталуы: Адам және табиғат егіз.Қазақстанның экологиясы.

Қазақ сөйлемінің өзіндік ерекшеліктері.

2. Сабақтың мақсаты: Қазақ сөйлемінің өзіндік ерекшеліктері туралы мәлімет беру. Сөздік

қорларын байыту,пайдалана білу.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

  • қазақ сөйлемінің өзіндік ерекшеліктерін

  • жаңа сөздерді,мәтін мазмұнын

  • Студент істей білуі керек:

- сөйлем құрастыру,өз ойларын жеткізу

- тақырып бойынша сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Қазақстан экологиясы

Мәтінді оқыңыз.

Адамдардың араласуы мұң екен,

Жер шары тез қартая бастады.

К.Э.Циолковский

У ақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың арақатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің «Эко-Ойкос» деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос.

Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.

Ғ алымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн тонна шаң-тозаң, 5 млрд тонна көмір қышқыл газы, 1 млн тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.

Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.

Мәтінді оқып, түсініңіздер.

  1. Мәтінге жоспар құрыңыздар.

  2. Мәтінді әңгімелеңіздер.

  3. Экология нені зерттейді?

  4. Өздерің тұратын жерлердің экологиялық жағдайы қандай?

  5. Ауыз су мәселесі қалай, дұрыс шешімін тапқан ба?

  6. Арал, Семей қасіреттеріне қосар үніңіз.

1. Төмендегі сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

  1. «Эко-Ойкос» сөзінің мағынасы не?

  2. Бұл сөзді ғылымға кім енгізген?

  3. Қазіргі таңдағы басты проблема не?

  4. Қай жерлердің экологиялық жағдайы өте төмен?

  5. Ауаға тарайтын лас заттардың мөлшері қанша?

2.Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

Айдынды теңіз, айқындала түсу, ұғым, енгізген, қасірет, ауыз-ға алу, тартылу, зиянын тигізу, ластаушы қосылыстар, шоғырлану.

3.Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

  1. Экология мағынасы гректің «Эко-Ойкос» деген сөзінен шыққан …

  2. Бүгінде табиғатты қорғау ісі …

  3. Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға…

  4. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фото-химиялық құрғақ түтін…

  5. Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан…

4.Берілген шағын мәтіннің идеясын айтыңыз.

Апаттың үлкені адамдар бойындағы эгоистік көзқарастан туындап отыр. «Өз жеріме өзім қожамын. Не істесем де өз еркім: өзен, көлін суалтам ба, даласын жыртып, ақ татыр шөлге айналдырам ба, әлде орман, тоғайын құртам ба, тіпті өртеп жіберем бе - ешкім қолымды қақпайды. Әлем кеңістігін еркін билеймін, табиғатты табындырамын», – деген менмен саясат тіршіліктің тынысын тарылтып бітті.

5. «Айнала, қоршаған орта және оны дамыту» тақырыбына шығарма жазыңыз.

6. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Бір тал кессең, он тал ек.

Судың да сұрауы бар

Өрісіне қарап мал өсер,

Өзеніне қарап тал өсер.

Су анасы - бұлақ.

Су ішкен құдығыңа түкірме.

5. Оқу және оқытудың әдістері: Топтық жұмыс, талдау, сұрақ-жауап, баяндау, іздендіру

6. Әдебиет:

Негізгі әдебиет:

  1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева А. Қазақ тілі оқу құралы.-Алматы, 2008ж.

  2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы: Ғылым, 2009ж.

  3. www.til.gov.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). Астана, 2010ж.

  4. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. – Алматы.

  5. Бектұров Ш., Бектұрова А. «Қазақ тілі» для начинающих. – Алматы, 1994ж.

Қосымша әдебиет:

  1. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.- Алматы: Сөздік, 2003.

  2. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі – Алматы, 2007.

  3. Адамбаева Ж.Д., Оңалбаева К.К. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  4. Ақбаева Қ. Қазақ тілі – Алматы, 1996.

  5. Нұрғалиева М., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  6. Ерубаева А.Т. Заңгерлерге арналған қазақ тілі – Алматы, 2005.

  7. Сүлейменова Э.Д.,Қадашева Қ.,Аханова Д.Қазақ тілі:оқу кешені–Алматы, 1996.

13. Б.Ж. Доскеева «Қазақ тілі» (медициналық оқу орындарына арналған)

14. А.Ш. Бектұрова, Ш.К. Бектұров «Казахский язык для всех»