Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

14. А.Ш. Бектұрова, ш.К. Бектұров «Казахский язык для всех»

7. Бақылау:

1.Көркем сөз дегеніміз не?

2.Мұхтар Әуезов кім?

3.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі дегеніміз не?

1. Тақырып бойынша 10 тест сұрақтарына жауап беру.

(Тест сұрақтары қосымша беріледі)

1. Тақырып №26, аталуы: О.Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы.

2. Сабақтың мақсаты: Сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

  • Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін

  • Жаңа сөздерді, мәтін мазмұнын

  • Студент істей білуі керек:

- тақырып бойынша жаңа сөздерді, сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беру,

әңгімелеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Оралхан Бөкеев – бар жанрда бағын сынап, қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған аса көрнекті жазушы, қайраткер қаламгер. Оның қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі де ерекше. Оралхан Бөкеев адамның ішкі әлемін ашып, оның жан – дүниесін үніле зерттеуге талаптанған романтик – жазушы. Оның қай шығармалары болсын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы бірлігі." Оралхан - жазушылыққа өзін бала кезінен дайындаған адам. Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай деген құнарлы да қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарға толы әңгімелер жазған.Оның алғашқы әңгіме – повестерінен – ақ («Қамшыгер», «Үркер», «Бура», «Кербұғы», «Қайдасың, қасқа құлыным») ешкімге ұқсамайтын өзінше сап саптамасы, асқақ мінезі, алғыр зерде – зейіні оқушысын бірден баураған болатын. «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Орал, «Өліарадағы» Қойшы, «Елең - алаңдағы» Зарлық, «Құм мінезіндегі» Бархан, «Мұзтаудағы» Ақтан, «Өз отынды өшірмедегі» Дархан, «Сайтан көпірдегі» Аспан - өзіміз күнде араласып жүрген қарапайым замандастарымыз. "Кербұғы" - символ. Бұл әңгімеде аң дүниесі мен адам дүниесі жер мен көктей астасып, тұтасып кетеді. Кербұғы - өлімнің ақиық шыңына мойынсұну, өмірді қимастықты қиянатқа қимау; өмірді сүю өлімді мойындауға барып тірелетін қорқытшылдық идеяның мәңгілігі шығар. Әдебиетте аң бейнесін сомдау барлық жазушылардың асыл арманы, бірақ оны ұғыну оңай емес, аң бейнесін ашу тіптен қиын, хайуанаттар әлемінің өз философиясы мен таным-зердесі өткізбейтін асу тәрізді. Дүниежүзілік әдебиетте осы асудан өткен жазушылар нағыз суреткерлер. Оралхан Кербұғысына тіршілік философиясын салып жіберуге жаны құмартып, сол сүйіспеншілігінің арынын баса алмай алқынатынын оқырман жүрегі сезбей және қалмайды. Кербұғы - дүниедегі ең асыл қазына аң баласы үшін бостандық, еркіндік болса, автор сол бостандықтың да шектеулі, әншейін ашкөздіктің құрбандығына шалына беруге үкім етілген жалғандығына шағынады. Маралдардың мүйізін отап, қан қылып кесіп алатын адамдардың қылығы бұл әңгімеде астары терең символға ұласар еді. Сол «Кербұғыдағы" қат-қабат астарды адамзат қоғамына да телісе болады. Сонда ойлайсың, осы адам баласы қашан шын азат күйін бастан кешеді деп. Осы әңгімедегі маралдарды қоршау, Кербұғының қоршауды бұзып, қарғып өтіп табуы - ол нендей қоршау, жазушы онымен не айтқысы келеді? Осы әңгіме қоғамдық, әлеуметтік өмірге наразылық емес деп толық илана алар едік.

2.Мәтінге сөздік құрастырыңыз.

3.Табиғат туралы мақал-мәтелдер жазып, жаттаңыз.

4.Өзіңіз ұнататын табиғат мезгілін суреттеп жазыңыз.

5.Үзіндіден Табиғатқа байланысты тіркестерді теріп жазыңыз, мағынасын түсініңіз.

Алтайдың арайлы таңына шомылып, жазығының жазиралы келбетіне суйсінесің, одан балқарағай мен шайыр, иісі қоса аңқыған таңғы таза ауаны жұтып, Алтайдағы жайқалған жазды, қар аралас жаңбырлы күзді, Сібір аязын еске салатын тәкаппар қыс пен көсегесі биік көктемін көз алдынан өткізесің. Бәрі де сырлы, терең әрі шынайы сезіммен жазылған. Тӛлеген Тоқбергенов : «Оралханның сүйсіне сөз қылатын бір артықшылығы оның осы кез келген шығармаларының бәрінде де табиғи сұлулыққа, жер, су, орман сұлулығына деген қамқорлық, қамқорлық қана емес – шын құштарлық, перзенттік

сүйіспеншілік сезіледі.

6. «Қыстағы қар-жерге ырыс, Жердегі ылғал-елге ырыс» тақырыбына эссе жазыңы.

7. О.Бөкей шығармасын оқып, мазмұндап айтыңыз.

5. Оқу және оқытудың әдістері: іздену, талдау

6. Әдебиет:

Негізгі әдебиет:

  1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева А. Қазақ тілі оқу құралы.-Алматы, 2008ж.

  2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы: Ғылым, 2009ж.

  3. www.til.gov.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). Астана, 2010ж.

  4. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. – Алматы.

  5. Бектұров Ш., Бектұрова А. «Қазақ тілі» для начинающих. – Алматы, 1994ж.

Қосымша әдебиет:

  1. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.- Алматы: Сөздік, 2003.

  2. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі – Алматы, 2007.

  3. Адамбаева Ж.Д., Оңалбаева К.К. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  4. Ақбаева Қ. Қазақ тілі – Алматы, 1996.

  5. Нұрғалиева М., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  6. Ерубаева А.Т. Заңгерлерге арналған қазақ тілі – Алматы, 2005.

  7. Сүлейменова Э.Д.,Қадашева Қ.,Аханова Д.Қазақ тілі:оқу кешені–Алматы, 1996.

13. Б.Ж. Доскеева «Қазақ тілі» (медициналық оқу орындарына арналған)

14. А.Ш. Бектұрова, Ш.К. Бектұров «Казахский язык для всех»