Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать
  1. Деректі аударыңыз.

Шәкәрімнің баласы Ахат ақын шығармалар жинағын дайындасу үшін институтқа уақытша жұмысқа алынылды. Екі томдық шығармалар жинағын құрастырудың жауапкершілігі бөлім меңгерушісіне жүктелді де, Ахат аға екеуміз қолжазбаны дайындаушы болып бекітілдік. Ақын шығармаларын баспа бетінде толық жариялау мәселесі қолға алынып, бұрын бізде даяр тұрған Шәкірім шығармаларының екі томдық қолжазбасы «Жазушы» баспасына тапсырылды.

6. Аударыңыз. Жоспар құрып, сұхбатқа айналдырыңыз.

Шәкәрімнің анасы

«Алып та, ақын да, батыр да – анадан» – дейтін ғибрат сөздің растығы мейірім шапағатқа толы Зере әжелердің үлгісі дер болсақ, Ұлжан ана – салқын қанды, сабырлы ақыл иесі дейміз. Ал, Ділдә мен Дәмегөйлер – қайратты да қайырымды ауыл анасы, ақылгөй даналары еді. Әйгерім сынды келіндер сұлу мүсін, қоңыраулы әсем әуен-әні, жарасымды сәні, нәзік қылықты сипаттарымен ерекшеленетін екен. Төлебике болса, махаббатқа берік, төңірегіне нұршуағын молынан шашатын, имандылық киелі жолдағы бекзаттықтың белгісін паш еткен, ар мен намыс сақшысы бола білген жан еді. Төлебикенің жарына, балаларына : Омар, Нұртаза, Шаһмардан және кенже ұлы Шәкәрімге деген махаббаты өзгеше ыстық, оларды баулуға ынта, жігері мол болған.

Төлебике жастай сауатын ашып, арап пен түркіше жетік, қол өнер шеберлігін балаларына үйретуден жалықпаған.

Құнекең Құдайбердінің Төлебикеден алғашқы үйленген бірер жыл бала көтермеуіне алаңдап, келінімен ақыл қоса отырып, әйел үстіне екінші әйел алуын құп көрген екен. Баласының тоқалы Бұлқынайдан Әмір атты тұңғыш немересін көреді. Оны Төлебикенің бауырына салып, «құрсақ жібіту» рәсімін де ойлайды. Ата-ана тілегін алла қабыл алып, Төлебике де алтын асықтай төрт ұл әкеліп, сүйікті де, асыл келін атанады.

Төлебике Әнет, Қарабатырлардың нашар, жетім-жесірлеріне қамқорлық көрсеткен. Әсіресе, мал қора-жайларындағы қи оярда, соғым соярда олардың әйел-еркектерін шақырып, жұмысқа қосып, қайтарларында қап-қап ет, керек жарақтарын арқалатып, немесе кісі қосып, көлікпен жіберіп отырған. Бұған үйренген жұрт құр қол қайтпайтындарын біліп, бірдеңе дәметкен. Сол себепті де ел ішінде қосалқы есімі Дәметкен.

7. Кестені толтырыңыз. Шәкәрім «Жастық туралы»

Өлеңнен үзінді

Үзінді жайлы пікір

Ой – тұжырым мазмұнға сәйкес мақал-мәтел

«Жастық туралы»

Гауһардай көзі,

Бұлбұлдай сөзі,

Жаннан асқан бір пері.

Жүзі бар Айдай,

Мінезі майдай,

Өзгеден артық сол жері, –

8. Қазақ тіліне аударыңыз. Жизнь Шакарима, как и жизнь многих великих людей состоит из легенд. А что известно точно ? То, что литературный псевдоним поэта «Мұтылған» – в переводе на русский означает «забытый». Эту поэму считают автобиографической. Она написана в зрелом возрасте и является подведением итогов пройденной жизни. Поэма ценна не только биографическими сведениями, благодаря ей, мы можем проследить становление взглядов, идей поэта-мыслителя.От природы он был одарен удивительной музыкальностью – играл на скрипке, гармони, домбре, сочинял музыку на сообственные стихи. А также владел кузнечным ремеслом, швейным делом. Сын Ахат вспоминает, что одежда сшитая отцом была довольно оригинальной. В ней сочетались элементы одежды европейской и восточной культур.

9. Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасына қарай аударыңыз және жаттап алыңыз.

Адамдық борышың, -

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта оны біл.

Талаптан да, білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,

Өнерсіз,

Болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба,

Мансаптың тағы үшін.

Нәпсіңе билетпе,

Басыңның бағы үшін.

Өміріңді сарп қып өлгеніңше,

Жоба тап,

Жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып,

Қауымға келмейсің,

Барыңды,

Нәріңді тірлікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,

Шын бақыт, -

Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің! (Ш.Құдайбердіұлы)

Сөздік

Ақ жолдан айнымай – идти по правильному пути

Болады ақыл тұл – ум будет не нужен (тұл-отрицание)

Нәріңді тірлікте бергейсің – отдать все способности жизни

Нәпсіңе билетпе – не дать властвовать страсти

Қауымға келмейсің – не возвращаешься в общество

Ғибрат алар – дать пример

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім