Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

5.Мәтінді мәнерлеп оқып, сөздік жұмысын жүргізіңіз. Мәтінге ат қойып, әңгімелеңіз.

Қонақтар үйге кіріп отырысымен, Абай Әбіштің жүзіне үңілді .

  • Неге жүдеусің Әбіш, денің сау ма ?

  • Қаланың оқуы жақсы болғанымен, тамағында нәр бар ма ?!

Сорып тастағандай, шөлмектей болыпсың ғой ? деп, Көкбай Әбіш өңінің ақшылдығы үшін бүкіл қала тамағын кінәлауға айналды.

Тағы бір кезде Абай Әбіштің оқу жайын сұрастырып еді. Петербургтегі Михайлов атындағы артиллерия училищесі Әбіштің айтуынша, оның таңдап түскен мектебі емес екен. Ол әзілдеп отырып, Абайдың өз сөзін келтірді:

«Баламды медресеге «біл» деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім», дегеніңіз есімде, аға! Ниетім, өзіңіз білесіз, политехникалық институт еді. Былтыр да, арғы жылы да оған түсуге менің жолым тар болды. Мынау школдың енді біраз оқуықалды. Өзге оқуды осыны тамам етіп алып, ескермекпін, деген.

Абай әзірге сөзді ұзаққа созған жоқ :

– Ғылымның жаманы жоқ. Біздей сусағанға қай ғылым болса да, соңына түссе, алтын асыл қазынадай. Азаматтық құралыңды мығым етіп берерлік оқу, тәрбие болса, ата-ана одан өзге қолқа салмайды, қарағым ! Халқына басшы болар талап соңына түссең, офицер боп жүріп жетесің бе, бәрібір ! Қай тұрғысынан барсаң да еліңнің мұңы мен мұқтажы мың батпан. Тек, оқып өсе беруіңде, саушылық қуатың ғана жетсе екен деп тілеймін ! деді.

Әбдірахманды тағы да құшақтап, бір қолымен бауырына қысып, ұзақ ұстап отырды. (М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы )

6. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, сөйлем құрастырыңыз.

Беделді, зерек, көзқарас, тереңдету, жете білу, дүниетану, жер аударылған, қатал, қайырымды, тырысу, сынға алу, басылу, дана, жарық көру, арнау, негізін қалаушы.

7. Берілген қара сөздегі философиялық ойды анықтаңыз. Он тоғызыншы қара сөз

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі - өзі де есті болады.

8. Пікірлесейік :

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».

Нұрсұлтан Назарбаев

9-тапсырма. « Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы » өлеңін жаттаңыз

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол - ақынның білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы. Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы, Қосарлы бәйітмысал келді арасы. Қисынымен қызықты болмаса сөз, Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы. Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, Мүнәжәт уәлилердің зар наласы. Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенінше өз шамасы. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы? Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап. Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап. 5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім