Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

8.Үй тапсырмасы: Домбыраның құрылысын жазыңыз.

5. Оқу және оқытудың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой қорыту, сөйлеу, жаттығу.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебит:

Қазақ тілі. З.С. Күзекова . Қазақ тілі практикалық курсы – Алматы, 2009 ж.

Қазақ тілі. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ., Омарова Б., Рамазанова Ш., К.Мұқадиева. Қазақ тілі . Оқу құралы. Алматы, 2008ж.

Грамматикалық анықтағыш.Б. Қапалбеков, С. Құлманов,Г.Қалиақпарова, Алматы, 2010

Қазақ тілі практикумы. З.С. Күзекова. Астана, 2010

Қосымша әдебиет:

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1. Қазақ халқы үшін құнды, бағалы мұралардың бірі не?

2.Музыкалық мұраларымыз бізге қалай жетіп отыр?

3. Құрманғазы есімімен аталатын мәдени орындарын білесіз бе ?

4. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесіз?

5. Жай сөйлемнің негізгі семантикалық және функционалдық ерекшеліктерін

айтыңыз.

1. Тақырып №22, аталуы: Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар.

2. Сабақтың мақсаты:студенттерді ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар туралы

айта білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: Көпшілік ортада ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар

туралы ойын жеткізе алуы;

- Студент білу керек:

А)берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

- Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Мәтінді оқыңыз.Түсінгеніңізді айтыңыз. Ұлттық байлық, ұлттық валюта.

Ұлттық байлық дегеніміз-елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петти есептеп шығарған. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та – 1805, Ресейде 1864 жылдан бастап жүргізіле бастады.

Ұлттық байлық, негізінен, мынандай салалардан тұрады: ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған барлық мұрасы, табиғат және жер асты байлығы, әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Ұлттық байлыққа жеке коллекционердің қолындағы көне заттар да жатады.

Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады. Барлық ұлттық байлық мемлекеттік байлық болып табылады.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

Ұлттық валютамыз 1993 жылы қарашаның 15-інен бастап айналымға енгізілді.Теңге – Қазақстан Республикасының бірден-бір заңды төлем құралы.

Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар.

Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.

___________________

ұлттық байлық– национальное богатство

көрсеткіш – показатель

есептеп шығарған – высчитал

бағалау – оценка

мұра – наследие

жер асты байлығы – подземное богатство

бір бетінде – на одной стороне

күш-қуат - сила

құпия белгі – секретный знак

ұлы перзенттері - великие личности

басыбайлы болу–быть

зависимыми

дербес ел – суверенное государство

қамтамасыз ететін –

обеспечивающий

ықпал жасайтын – влияющи

1. Мәтіннен жіктік жалғаулы сөздерді теріп жазып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Бірінші бағанадағы сөздердің орыс тіліндегі

баламасын тауып, бағдар сызықпен көрсетіңіз.

бейнеленген богатство

басыбайлы болу власть

айрықша самостоятельный

қазына секрет

дербес изображен

теңелу особенный

құпия соответствовать

билік зависимый

3 . Мақал-мәтелдерді аяқтап, мағынасын түсіндіріңіз.

  • Уәде – алтыннан ......

  • Теңге үнемді .......

  • Тиыннан теңге .......

4.Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Защитные знаки, золотые монеты, мелочь, торговля, наличные деньги.

5. Алғашқы «Ұлттық валютада» бейнеленген тұлғалар туралы жазып, түсіндіріңіз.

6. « Ұлттық байлықты сақтап қалу» атты эссе жазыңыз.

5. Оқу және оқытудың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой қорыту, сөйлеу, жаттығу.