Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мәтінді оқыңыз.Түсінгеніңізді айтыңыз.

Күй атасы-Құрманғазы.

Қ ай ұлтқа, қай халыққа болса да сол ұлтпен, халықпен бірге жасасып келе жатқан киелі мұралары қымбат. Қазақ халқы үшін сондай құнды, бағалы мұралардың бірі – күй.

Қазақ сахарасындағы күй өнері – өте ертеден келе жатқан халқымыздың көне тарихын бойына сіңірген өнер. Күй – қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді түсінген адам жамандыққа, арамдыққа бара алмайды. Күй құдіреті деген осы.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896)- композитор-күйші, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Оның “Сарыарқа”, “Балбырауын”, “Серпер”, “Адай” сынды күйлері Отан, ел деген ұғымдармен астасады. Құрманғазы өмір бойы заңсыз іс-әрекеттерге қарсы күресіп, қарапайым адамдар құқығын қорғап келген.

Құрманғазының “Сарыарқа”, “Алатау”, “Бұлбұлдың құрқұры” атты күйлері туған жер сұлулығын көрсетсе, “Кішкентай”, “Төремұрат”, “Адай” күйлері батырлар бейнесін “Қайран шешем”, “Қызыл қайың”, “Кісен ашқан” күйлері күйші өміріндегі нақты оқиғаларға арналған. Патша үкіметінің қудалауынан туған жерінде қала алмай елмен қоштасу кезінде “Сарыарқа” күйі жазылған. Құрманғазының «Сарыарқасы» мен «Адай» күйлерін тыңдағанда бойды ерекше сезім кернейді. Ұланғайыр қазақ даласы көз алдыңа елестейді. Желмен жарыса жүйткіген жылқылар. Ат үстіндегі қолын сермей жүзі жайнап бара жатқан бала. Шаттық. Қуаныш. Асқақтаған көңіл-күй сезімін сыйлайды.

Құрманғазының күйлерін халық жақсы сақтаған, қазір 60-тан аса күй көпшілікке мәлім. Ұлы күйшіге құрмет ретінде қазақ ұлттық халық консерваториясына, академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестріне, балалар музыкалық мектебіне, саз колледжіне, жас орындаушылар сайысына Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді.

Ұлттық сана, ұлтты сүю, қадірлеу бабаларымыз аманат етіп кеткен дәстүрден, өнерден бастау алатынын ұмытпағанымыз абзал. Қасиетті өнеріміздің бір тармағы, құдіреттісі – күй өнері. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов кезінде «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй» деген.

2. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

1. Қазақ халқы үшін құнды, бағалы мұралардың бірі не?

2. Музыкалық мұраларымыз бізге қалай жетіп отыр?

3. Құрманғазы есімімен аталатын мәдени орындарын білесіз бе ?

4. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесіз?

5. Күй құдіреті неде?

3. Құрманғазының «Сарыарқасы» мен Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйлерін тыңдағанда ойыңызға келген «ассоциацияны» дәптеріңізге жазып, жай сөйлем құрастырыңыз.

Мысалы: Ассоциация: кең дала, жайлау, ... .

Жай сөйлем: күмбірлеген күй кең даламызды елестетті.

4. СӨЙЛЕСІМ.

1.«Күй – сезім туындысы» деген пікірге келісесіз бе? Өз ойыңызды айтыңыз.

2. «Қазақтың ұлттық өнері болған, қазір де бар және болашақта да өз қасиетін жоғалтпай қала береді» дегенге қосар ойыңыз.

5.Төмендегі сөз тіркестерін пайдалана отырып, «Күйшілік өнер» атты шағын ойтолғау жазыңыз.

Күй тартылды, халық, ән салды, ел жиналды, күйшілер жиылды, құнды пікірлер, еңбегін елге жеткізді, күй құдіреті, жаныңды тербиді, қызығамын,үйренгім келеді.

6. Сурет бойынша «ұлттық мәдениет тамыры» деген тақырыпта жай сөйлемдер құрастырыңыз.

7. «Күй ойнайды қазағымның қанында» өлеңін жаттаңыз.

Әнін жазған: Кеңес Дүйсекеев Сөзін жазған: Шөмішбай Сариев

Күй ойнайды қазағымның қанында

Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –  Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген, Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген. Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер, Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Домбырадай шежіре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын халқымның, Аманат қып ұрпағына жолдаған.