Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

3) Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып, сөйлемді толықтырыңыз.

1. «МузАрт» тобының әншісі Мейрамбекке ұқсау (секілді). 2. Шамасы, сен «МузАрттың» орындауындағы «Өмір өтті» әнін естімеу (сияқты). 3. Кез келген әнші Мейрамбек секілді әнді жүрегімен айту (керек/міндет). 4. Қазір қазақ эстрадасының көгінде жұлдыздары жарқырап тұрған ән де, әнші де көп (шығар/мүмкін). 5. Шынайы дыбысқа көшу (керек/міндет), биік - биік белестерден көрінуге талпына беру (керек/парыз) деп есептейміз.

4) Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

1. – Сен келесі аптада концертке барасың ба?

– Иә, мен келесі аптада міндетті түрде «МузАрттың» концертіне ... .

2. – Ол Мейрамбектің дауысына риза болған шығар?

– Жоқ, ол кісі тек Мейрамбекке ғана емес, Сәкен мен Кенжебектің жанды дауыстарына да риза ....

3. – Бүгінгі қазақ әндері келер ұрпаққа мұра болып қалу үшін не істеу қажет?

– Бүгіндегі қазақ эстрадасындағы әндер ертеңгі ұрпаққа асыл мұра болып қалу үшін кез келген әнші көп еңбек ... .

4. – Адамға тән қандай қасиетті жоғары бағалайсыз?

– Кез келген адам отанын, тілін, дінін ... . Туған тілін білмейтін адам анасын сыйламайды деген сөз.

5. – Қазақ эстрадасындағы қандай топты халықтың қошеметіне бөленген топ деп есептейсің?

– Мүмкін, «МузАрт» - арманы орындалған бақытты топтардың ... .

Қажетті сөздер:

бірі шығар

болған сияқты

баруым керек

етуі қажет

сүю керек

5) www.via‑musart сайтынан «МузАрт» тобының орындауындағы «Үш қоңыр» әнін тамашалаңыздар.

6) Төмендегі тірек сөздерді пайдалана отырып, «Қазақ ән әлемінің «Үш қоңыры», «Мен ұнататын әндер» атты шағын эссе жазыңыз.

Тірек сөздер: Қазақтың ән әлемі, «қазақ даласы ән салып тұрғандай», бүгінгі заман серілері тәрізді, әнді жүрегімен айту керек, жанды дауыспен жеткізе білу қажет, халқымыздың тамаша табиғаты, асқар таулары, биік шыңдары, пейіліне сай кең даласы, тамылжыған табиғаты, көңілге біртүрлі жақын әрі жылы сияқты.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: сұрақ-жауап, мазмұндау, сұхбаттасу, сұрақ құрастыру

6.Пайдаланған әдебиеттер: www.via‑musart сайтынан, didar-com.kz/?p=1429, www.ktk.kz/kz/news/video/

7. Бақылау:

  1. «МузАрт» тобы осы уақыт ішінде қандай жетістікке жетті, қандай белестерге көтерілді?

  2. Он жыл ішінде неше ән жазылған?

  3. «МузАрт» сөзі қай тілден енген, қандай мағынаны білдіреді екен?

  4. 10 жыл бойы өнерде бірге жүрулеріне не себепші болуы мүмкін деп ойлайсыз?

  5. Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген топтың ұстанымы қандай деп ойлайсыз?

1. Тақырып №21, аталуы: Ұлттық мәдениет тамыры. Күй атасы-Құрманғазы.

Жай сөйлемнің негізгі семантикалық және функционалдық ерекшеліктері.

2. Сабақтың мақсаты:студенттерді ұлттық мәдениет туралы айта білуге

дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: Көпшілік ортада ұлттық мәдениет туралы ойын жеткізе алуы;

Студент білу керек:

А) берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.