Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

6. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп беріңіз, сөздерді жаттап алыңыз

Дәуіт – пайғамбар, ұсталар мен шеберлердің пірі

Ұста –

Зергер –

Тігінші –

Етікші –

Өрімші –

Ағаш шебері –

Бәдізші –

Тоқымаша –

7. Ережені есіңізге сақтаңыз

Жай сөйлем түрлері.

Жай сөйлемдер коммуникативтік мақсаты мен айтылу интонациясы жағынан хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің катысуы сипаты жағынан жалаң, жайылма сөйлемдер, айтылатын ойға катысты сөйлем мүшелерінің болу-болмауы жағынан толымды, толымсыз сөйлемдер, бастауыштың болу-болмауына байланысты жақты, жақсыз сөйлемдер болып бөлінеді.

Сәйкестендіру тесті. 1. Жақты сөйлем 1. Кілең ығай мен сығай, жайсаң мен жампоз. 2. Жақсыз сөйлем 2. Боран ұйытқи соғып тұр. 3. Жалаң сөйлем 3. Әлі жауап қатпаған Абайды сөйлеткісі келді. 4. Жайылма сөйлем 4. Дос жүрегіне сенеді. 5. Толымды сөйлем 5. Өзім сөйлесемін. 6. Толымсыз сөйлем 6. Ақан бүгін шиті мылтықпен киік атып әкелді. 7. Атаулы сөйлем 7. Аспан бүгін тап - таза.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: сұрақ-жауап, мазмұндау, сұхбаттасу, сұрақ құрастыру

6. Пайдаланған әдебиеттер

  1. Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және рең. Ғылыми

әдістемелік монография. – Қарағанды: КарГУ, 1996. – 198 б.

  1. Маргулан А.Х. Казахское декоративное прикладное искусство. –Алма-Ата:

Өнер, 1986. – 256 с.

  1. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. — Алматы: Қазақстан, 1995. – 240б.

  2. Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. –А.:

Казахстан, 1979.

  1. Жәнібеков Ө. Жолайрықта. – Алматы: Рауан, 1965. -109 б.

7. Бақылау:

1.Қазақ халқының дәстүрлі өнері жайында не білесіз?

2.Өнер, қолөнер туралы 10 мақал-мәтелді жатқа айтыңыз

3.Қазақ қолөнерін қандай салалаоға бөлуге болады?

4.Өрімші, бәдізші деген кімдер?

5.Жай сөйлем түрлері атаңыз

1. Тақырып №20, аталуы: Өнер жұлдыздары.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің сөйлеу қабілеттерін арттыру, өз ойларын ортаға салу, мәдениет, өнерге деген қызығушылықтарын туғызу, қазақ тіліндегі қазіргі әндерді тыңдауға баулу

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- өнер саласында еңбек етіп жүрген атақты адамдарды білуі ;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру, сурет

бойынша өз ойын айта білуі.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1)Төмендегі сөздердің мағынасын ашыңыз.

Өнер сүйер қауым –

Халықтың қошеметіне бөлену –

Сал, сері –

Жетістік –

халықтың қошеметіне –

ізденіс –

өз тыңдаушыларын –

терең мағыналы –

2) Мәтінді оқыңыз. Мәтіннің соңында берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды айтуға дағдыланыңыз Ұлттық рухты жоғары ұстаған «МузАрт» тобы

Тыңдармандарына әсем әндер сыйлап жүрген «МузАрт» тобының өнер сүйер қауым үшін алатын орны ерекше. Аталмыш топ өнер әлемінде өз орнын тауып, халықтың үлкен қошеметіне бөленіп, көпшіліктің қуанышына айналып үлгерді. Өзге топтардың арасынан аталмыш топтың суырылып алға шығып, үнемі ізденіс үстінде жүретіндігін айтпай кету мүмкін емес.

«МузАрт» тобы 2001 жылы сәуір айында құрылған болатын. «МузАрт» - көне түркі тілінен шыққан, «УЗ» – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді екен. Топ мүшелерінің айтуына қарағанда алғашқы құрылған кездері «МузАрт»-тың жетістігі бүгінгідей болады деп ойламаған сыңайлы. Ең алғашқы орындаған әндері Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» деген әні. Құрамына Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев және Мақсат Базарбаев кірген топ барша Қазақстанға танымал болғаннан кейін, 2004 жылы алғашқы шет елдік сапарларын бастап кеткен. Ал топтың жаңа құрамында Кенжебек Жанәбілов.

Қазіргі таңда топтың өнеріне сусап, жүрген тыңдармандарда есеп жоқ. Дәл қазiргiдей уақытта жас ұрпақтың бойындағы қазақылық пен ұлттық рухты жоғалтпай ұстап қалатын мағыналы да, мәнді әндер. Жас буын өкілдерінің барлығы дерлік махаббаттың мың соқпағын жол қылған түрлі әндерді тыңдап, алдамшы сезіммен ғана алданып жүрген уақытта «Муз Арт» тобының терең мағыналы әндерін тыңдауды әдетке айналдырып келеді. Мысалы, «Үш қоңыр» сынды әнді жас буын өкілдері де, орта буын өкілдері де тіпті еңкейген қариямызға дейін тыңдап қана қоймай, сөздерін жаттап ыңылдап айтып жүреді. «Әннің де естісі бар, есері бар» деген осы болар, есті әндер халық есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да «МузАрт» тобы халық сүйіспеншілігіне бөлене бермек.

1) «МузАрт» тобының әндерін тыңдайсыз ба?

2) Топ әншілері жайлы не білесіз?

3) Басқа қандай Қазақстандық топтарды өнер жұлдыздарын білесіз?