Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебит:

Қазақ тілі. З.С. Күзекова . Қазақ тілі практикалық курсы – Алматы, 2009 ж.

Қазақ тілі. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ., Омарова Б., Рамазанова Ш., К.Мұқадиева. Қазақ тілі . Оқу құралы. Алматы, 2008ж.

Грамматикалық анықтағыш.Б. Қапалбеков, С. Құлманов,Г.Қалиақпарова, Алматы, 2010

Қазақ тілі практикумы. З.С. Күзекова. Астана, 2010

Қосымша әдебиет:

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

1. Тақырып №19, аталуы: Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Халықтық қолөнер

Жай сөйлемнің түрлері.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін

арттыру. өз ойларын ортаға салу, халқымыздың мәдени мұрасы дәстүрлі өнер мен қолөнер жайында тарихты білуі.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- дәстүрлі өнер мен қолөнер түрлерін ;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру, сурет

бойынша өз ойын айта білуі.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1). Мәтінді оқыңыз.

Қазақ халқының дәстүрлі өнері

Құлақтан кіріп, бойды алар 

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы.

Қазақ халқының рухани жәдігерліктерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер. Музыка зерттеушілерінің айтуына қарағанда, халқымызда 5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән бар көрінеді. Бұл  - қазақ әншілік өнердің сан ғасырлық даму тарихының бар екендігін бірден бір айғағы.

Киелі қара домбыра мен қарт қобыз сүйемелдеуімен айтылатын дәстүрлі ән өнері кемел құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ-иірімдерімен ерекшеленеді.  Талай ғасыр сүзгісінен өтіп бүгінге жеткен дәстүрлі ән өнерінде әуендік, орындаушылық, құрылымдық өзгешеліктері мен кең тараған мекеніне байланысты шартты түрде бірнеше мектеп қалыптасты. Олар – Арқа, Батыс, Сыр және Жетісу мектептері. 

Дәстүрлі ән мектептерінің өкілдері Рамазан Стамғазиев, Ұлжан Байбосынова, Ардақ Исатаева, Нұрболат Исаев, Нұрсұлтан Елемесов, Зульфия Баймұрзаева.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Қандай атақты күйшілерді білесіз?

2. Домбыра, қобыз жайында не білесіз, оларды қандай аспаптар түріне жатқызуға болады?

3. Майлы шрифтпен берілген сөздерге түсініктеме беріңіз

2. «Батыстық ырғақ ұлтымызға жараса ма?» тақырыбына эссе жазыңыз.

Эссе жазу кезінде берілген тіркестерді қолданыңыз: батыс әуенімен уланған,жеңіл-желпі әндер, ән ақшаның көзіне айналды, тек той-думанның көркі, жан әлемі. өнердің құны,рухани баю, ғибрат алу,

3. Өнер, қолөнер туралы мақал-мәтелдер жазып жаттап алыңыз

4. Суретте берілген аспап түрлерін үш бағанға бөліп жазыңыз

Ішекті аспаптар

Үрмелі аспаптар

Соқпалы, ұрмалы аспаптар

5.Мәтінді оқыңыздар.

Халықтық қолөнер

Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған . Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады.

Академик Ә.Марғұлан: «Есть основание пологать что народное искусство казахов находится в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и других племен, населявщих в древности территорию Казахстана»,- деп көшпенді халық өнерінен бастау алғанын теория жүзінде дәлелдеген.

Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне

сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ,жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра,көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы,шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақмоншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтіннен қолөнер туындыларының аттарын теріп жазып сөздік құрастырыңыз

2.Әлкей Марғұланның өмірбаянымен танысып айтып беріңіз