Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

7. Сызба арқылы өз Отаныңыз туралы әңгімелеңіз.

8. Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңыз және оларды пайдаланып сұхбат құрастырыңыз.

Үлгі: площадь – жер көлемі. Қазақстанның жер көлемі қанша? – Қазақстанның жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады.

Площадь, суверенный, поселиться, численность населения, природа, расти, полезные ископаемые, появляться, кочевой, развиваться, превратиться, первый президент.

5. Оқу және оқытудың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой қорыту, сөйлеу, жаттығу.

6. Әдебиет:

Негізгі әдебит:

  1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева А. Қазақ тілі оқу құралы.-Алматы, 2008ж.

  2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы: Ғылым, 2009ж.

  3. www.til.gov.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). Астана, 2010ж.

  4. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. – Алматы.

  5. Бектұров Ш., Бектұрова А. «Қазақ тілі» для начинающих. – Алматы, 1994ж.

Қосымша әдебиет:

  1. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.- Алматы: Сөздік, 2003.

  2. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі – Алматы, 2007.

  3. Адамбаева Ж.Д., Оңалбаева К.К. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  4. Ақбаева Қ. Қазақ тілі – Алматы, 1996.

  5. Нұрғалиева М., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  6. Ерубаева А.Т. Заңгерлерге арналған қазақ тілі – Алматы, 2005.

  7. Сүлейменова Э.Д.,Қадашева Қ.,Аханова Д.Қазақ тілі:оқу кешені–Алматы, 1996.

13. Б.Ж. Доскеева «Қазақ тілі» (медициналық оқу орындарына арналған)

14. А.Ш. Бектұрова, Ш.К. Бектұров «Казахский язык для всех»

7. Бақылау:

1. Тақырып бойынша 10 тест сұрақтарына жауап беру.

(Тест сұрақтары қосымша беріледі)

1.Тақырып №17, атауы: Қазақстан- көп ұлтты мемлекет. Қазақ елі- бай ел.

2.Сабақтың мақсаты:Студенттердің ой-өрістерін,ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыру.Қазақстандағы көп ұлтты мемекеттерінің мәселелері туралы өз ойларын ортаға салу. Қазақ елінің байлығы туралы білімдерің арттыру.

3. Оқытудың міндеттері:

- Студент білу керек:

ҚР-ның көп ұлттық саясатын білу керек

  • - сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

- Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің  еліміздің ең басты байлығы.  Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "өзге ұлттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.

         Қазақстан тарихының едәуір бөлігі - оны мекендейтін халықтардың этностық және мәдени өзара іс-қимылдарының тарихы. Әлемдік тарихта әртүрлі ұлт өкілдерінің бір жерде, бір елде бірлесіп өмір сүруі - әсте де тың құбылыс емес. Бұл ретте Қазақстанның көпұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттардан жалғасын тауып, сабақтасып келеді.

       Елбасының, мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарында ұлтаралық татулықтың, халықтардың өзара түсіністігі мен келісімін нығайта беру, оларды алдағы уақытта топтастырып, жарастыра беру айрықша орын алды.

         Ең бастысы, ұлт аралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз.

2. Сөздердің мағынасын ашыңыз.

Бауырмал халық –

Қаймағы бұзылмаған –

Айнымас достыққа сыза түспес-

Ауызбірлік пен түсіністік –

Көп ұлтты халық –

Мемлекетіміздің басты жетістігі –

Еліміздің басты жетістіктері –

3. Сөйлемдерді дұрыс аяқтаңыз.

Елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының...

Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі...

Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері...

Ұлт аралық татулық арқасында...

Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы...

4. Берілген сөздерді мағыналық жағынан дұрыс тіркестіріп жазыңыз

Қарапайм достық

Халықтар халық

Мемлекет татулығы

Бауырмал жетістігі

Ұлт өркендеуі

5. Мәтінді оқып, негізгі ойды табыңыз. Қысқаша орыс тіліне аударыңыз.

Қазақ елі – бай ел

Қазақстан сөзсіз, қазақтың елі, қазақтың жері – ата мен бабадан мұраға қалған, аналардың аманаты, жастардың болашағы, балалардың бала шағы. Көркіне көз тоймайтын тамаша табиғаты бар, қойнауы тұнған қазына, жайлауы – құт мекен, сулары мөлдір шық, таулары заңғар қамал – Қазақ елі шынымен бай-ақ.

Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай бойынша он  үшінші орында.

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Қазақстанда барланган тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастүз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш) және Орал-Каспий (Жайың-Жем)  жатады.

Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі больш табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында,   газ бен газды конденсат — 15-ші, мұнай өндіру — 23-орында.  Қазақстанның үлесіне барланған мұнай қорының 2%-на дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен кен орындарының өндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат — шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен  13  млрд.  тонна.

Казақстанда барлық өнеркәсіп салаларының жедел дамуына қажетті минералдық-шикізат ресурстары жеткілікті.