Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

7. Бақылау:

1. Тақырып бойынша 10 тест сұрақтарына жауап беру.

(Тест сұрақтары қосымша беріледі)

1. Тақырып №16 атауы: Менің елім- тәуелсіз Қазақстан.

Сөйлем құру жүйесіндегі сөз тіркесінің тіркесімділігінің рөлі мен маңызы.

2. Мақсаты: Антоним туралы жалпы мәлімет беру. Антониммен таныстырып,

практикалық тұрғыдан жаттықтыру, сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін

қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

  • Cөздердің антонимдерін

  • Антонимдерді пайдаланып, сөйлемдер құрастыру

  • Мәтіннің мазмұнын,жаңа сөздерді,өз ойын жеткізу.

  • Студент істей білуі керек:

- Антонимдарды ажырату.

- Антонимдарды таба білу.

- Менің елім - тәуелсіз Қазақстан мәтініне байланысты сұрақтарға жауап

беру, сөйлем, сөз тіркестерін құрастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Менің елім - тәуелсіз Қазақстан.

Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен, шығысында Қытай мемлекетімен, батысында Каспий теңізімен шектеседі.

1991 жылғы 16 желтоқсан еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылды. Қазақстан Республикасы бұл күні тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастықтан өз орнын алды. Қазақстанның ұлттық болмысын, тарихын көрсететін рәміздер бар. Олар: Конституция, Әнұраны, Елтаңба, Ту және мемлекеттік тіл. Қазақстанның ұлттық валютасы теңге 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді.

Біздің республикамызда ұлтаралық, халықаралық қарым-қатынастар жоғарғы деңгейде дамыған. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт тұрып жатыр. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі. Еліміз дүние жүзі мемлекеттерімен мысалы, Ресеймен, Қытаймен, Америка Құрама Штаттарымен тағы басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста.

Қазақстан жері пайдалы кендерге бай, мұнда жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар: темір, мыс, қорғасын, қалайы, күміс, алтын, көмір, фосфориттер. Қазақстанның батысында мұнай мен газдың өте үлкен қорлары болғандықтан, еліміз дүние жүзіндегі мұнай мен газды көп өндірушілердің қатарына жатады.

Қазақстанның болашағы зор. Қазақстан экономикасы нарық жағдайында дамуда. Президент, Үкімет қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайында көп мән береді. 1997 жылы Президенттің республика халқына арналған «Қазақстан 2030» Жолдауы жарияланды. Бұл бағдарламаны негізгі мақсаты – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, тыныштығын қорғау. Қазіргі кезеңде қазақстандықтар осы бағдарламаны орындауда. Мемлекетіміздің экономикасы өсіп, табиғи ресурстары игеріліп, байып келеді. Еліміз дүние жүзіне танылды, Туымыз БҰҰ-ның төрінде желбіреп тұр. Гүлденген, нұрланған Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға күш салуда.

егеменді - суверенный

асу – превышать

мекендеу – населять

өкіл – представитель

ойпат – низменность

шың – пик

созылып жатыр – простирается

жер көлемі – площадь

аймақ – регион

жер шары – земной шар

асыл – драгоценный

мыс – медь

дамыған – развитой

жоғары мәдениетті – высококультурный

айналу – превращаться

1. Мысалдардан антонимдерді анықтаңыз:

Төбесінде көк аспан, табаны астында көк теңіз

(Ә. Нұрпейісов)

Қап-қара түнді көрдім де,

Жап-жарық таңға кездестім

(М. Мақатаев)

Жақсы мақтанса есебін табар,

Жаман мақтанса қатынын сабар.

Адал еңбек елге жеткізер,

Арам қулық елден кеткізер

2. Жақша ішіндегі мағынасы бір-біріне жақын сөздердің тиістісін таңдап сөйлемдерді көшіріңіз.

Қазақстан – (егеменді, тәүелсіз, еркін) ел. Елтаңбаның (жоғары, биік, зәүлім, асқар) жағында жұлдыз бейнеленген. Қазақстанның ұлттық болмысын, тарихын көрсететін (рәміздері, нышандары, белгілері) бар. Қазақстан – менің Отаным екенін (әрқашан, әрдайым, әсте, ешқашан) ұмытпаймын. Мен өзімді Қазақстан азаматы екенімді (мақтанамын, кадір тұтамын, ардақтаймын, мақтаныш етемін).

3. Берілген сөздердің синонимдік қатарын жазыңыз.

Үлгі: Халық, ел, жұрт

Халық, туған жер, әлем, байрақ, таңба, аспан.

Тірек сөздер: көк, ту, жер жүзі, белгі, Отан, дүние, әуе

4. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ... болмас. Өз елің - өлең ... . Отан - ... да ыстық. Ел іші – алтын ... . Кісі елінде ... болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Отан - ... басталады. Туған ... туың тік.

Тірек сөздер: жерге, отбасынан, сұлтан, оттан, төсегің, бесік.

5. Сұхббатты жалғастырыңыз.

- Қазақстанның жері қандай?

- Қазақстанның жері – ұлан-байтақ.

- Қазақстан жері пайдалы кендерге бай ма?

- Иә, елімізде жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар.

- Қазақстанның батысын неліктен мұнайлы аймақ деп айтады?

- ____________________________________________________ .

- Еліміз батысы мен шығысында қандай мемлекеттермен шектеседі?

- ____________________________________________________ .

- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қай жылы жарияланды?

- ____________________________________________________ .

- Республика күнін қашан тойлаймыз?

- ____________________________________________________ .

Сөзжұмбақты шешіңіз.

Р

Ә

М

І

З

1. Тудың басқаша атауы?

2. Қазақстанның мемлекеттік рәмізінің бірі?

3. Бүкілхалықтық сайлаудан кейін Н.Ә.Назарбаев қандай құжатты алды?

4. Тудағы қыран ненің белгісі?

5. Елтаңбаның жоғарғы жағында не бейнеленген?