Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

9. Үлгідегідей толтырыңыз.

Үлгі: Спорт денсаулыққа пайдалы. Темекі денсаулыққа зиянды.

Денсаулыққа пайдалы------------ Денсаулыққа зиянды-------------

------------ --------------

------------- ---------------------

5. Оқу және оқытудың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой қорыту, сөйлеу, жаттығу

6. Әдебиет:

Негізгі әдебит:

  1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева А. Қазақ тілі оқу құралы.-Алматы, 2008ж.

  2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы: Ғылым, 2009ж.

  3. www.til.gov.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). Астана, 2010ж.

  4. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. – Алматы.

  5. Бектұров Ш., Бектұрова А. «Қазақ тілі» для начинающих. – Алматы, 1994ж.

Қосымша әдебиет:

  1. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.- Алматы: Сөздік, 2003.

  2. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі – Алматы, 2007.

  3. Адамбаева Ж.Д., Оңалбаева К.К. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  4. Ақбаева Қ. Қазақ тілі – Алматы, 1996.

  5. Нұрғалиева М., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  6. Ерубаева А.Т. Заңгерлерге арналған қазақ тілі – Алматы, 2005.

  7. Сүлейменова Э.Д.,Қадашева Қ.,Аханова Д.Қазақ тілі:оқу кешені–Алматы, 1996.

13. Б.Ж. Доскеева «Қазақ тілі» (медициналық оқу орындарына арналған)

14. А.Ш. Бектұрова, Ш.К. Бектұров «Казахский язык для всех»

7. Бақылау:

1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін не істеу керек?

2. Зиянды әдеттер не жатады?

3. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді қалай түсінесің?

4. Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен 2002 жылды ненің жылы деп жариялды?

Тақырып бойынша 10 тест сұрақтарына жауап беру.

(Тест сұрақтары қосымша беріледі)

1. Тақырып №15, атауы: Ауру –астан.

2. Сабақтың мақсаты: Практикалық тұрғыдан жаттықтыру, сөздік қорын молайту,

сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- мәтін бойынша жаңа сөздерді білу.

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беру,

сөйлем, сөз тіркестерін құрастыру,өз ойын жеткізе білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Мәтінді оқып, аударыңыз.

Ауру – астан

Қазақ «Ас – адамның арқауы» деп тегін айтпаса керек. Шындығында да, адам денсаулығының бас­ты кепілі – дұрыс тамақтану. Соңғы жылдары мамандар тарапынан көп талқыға түсіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініп жүрген басты экологиялық мәселелердің бірі – адамдардың дұрыс тамақтанбауы. 

Ас – өмірдің көзі екені рас. Таңдап, талғап жейтін дәрумендері ағзаға пайда әкелетін ас-судың жөні бөлек. Дегенмен, қазір ұй­қыға кеткенше ықылық атып тойып, ас ішетіндер жетіп артылады. Соның зар­дабы болар, тіпті, жасы отызға жетер-жетпесте қарын­дары шығып, демігіп қала­тын азаматтар мен келін­шек­тер көбейіп кетті. Бұл – жалғыз бізде емес, әлемнің біраз елде­рін­де қалыптасқан ахуал. Айталық, еуропа елдерін­де көпшілік жылдам дайын­­да­ла­тын «хот-дог», «гам­бур­герді» оқу орын­дары, мектептерде сатуға тыйым салды. Өйт­кені, жыл­дам ас жеу мен майлы тамақ­тан мектеп оқушыла­рының, жастардың арасын­да ша­ма­дан тыс сал­мақ қосып, семіздік ауруы­на шал­дық­қандар аз емес кө­рінеді. «Хот-дог» пен «гамбур­герлер», «твис­тер» не­­ме­се осы тақылет­тес дәм­­дер сататын орындар Аста­нада да жетіп артылады. Фаст-фудттарда иі­сін бұрқыратып, тез жасайтын дәмдердің құра­мын­да май, химиялық қоспа­­ларға қоса, түрлі дәм­­деуіш­­тер баршылық. Олар семіруге көп әсер етеді. Зерт­­теу­­шілердің ай­туы­на қара­ғанда, жер шары тұрғын­дарының 30-35 пайызы семіз­діктен зардап шегеді екен. Бұл – бір, екіншіден, қазір асқазан-ішек, жүрек-қан тамырлары, қант диабеті сынды аурулар көбейді. Мұндай сырқат­тардың себебі, асты жөнсіз көп әрі асығыс ішіп-жегеннен дейді дәрігерлер. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының  дерек­тері  бойынша, аурулардың 80%-ы белгілі бір дәрежеде тамақтануға байланысты, ал дерттердің 40%-ы  тамақ­тану факторына тіке­лей байланысты. Сондай-ақ, чипсы, сағыз, чупа-чупс, шоколад сынды тәттілерді ең көп жейтіндер – балалар мен жастар. Олар­дың да құрамында денсау­лыққа зиянды заттар баршы­лық. Әсіресе, балалар құ­мар­­та­тын «Nesquik», «Snikers», «Orbit», «Coca-cola»-ның құра­мын­да химиялық қоспалар өте көп. Солай бола тұра біздің дүкен­дерде көп сатылады, ата-аналар да осыларды сатып алып береді. Нәти­жесі белгілі, атын естімеген сырқаттар белең алды. Бабаларымыз айтқан «Ауру – астан» деген осы. Сосын балалардың шамадан тыс шыдамсыздығы мен жүйкелерінің тез жұқаруын, оған қоса ұмытшақтығын күнделікті қолданып жүрген астан іздеңіз! Адам тәулігіне 5 рет тамақтануы тиіс, – дейді диетолог-дәрігерлер. Әр тамақтанғанда ас мөлшері 200 грамнан аспай, яғни, адам ас ішкенде тоя жемей, тек қарынның ашқаны басылғандай мөлшерде ғана тамақтануы тиіс. Әрі кешкі сағат 6-7-ден кейін мүлде ас ішпеу керек. Соны­мен қатар, көп қимыл­дап, әсіресе, жаяу жү­ріп, жүгіріп, бір сөзбен айт­қанда, күн сайын бойда­ғы энергияны сыртқа шыға­рып отырған жөн. Ерте­ден бастап ата-бабала­ры­мыз жылқы, қой, сиыр етін жеген, ақтан жасал­ған сүт, айран, құрт, май сияқ­ты өнім­дерді қолда­нып, төл сусынымыз шұбат пен қы­мызды ішкен. Бұл тағам­дардың пайда­сы жайлы айтпасақ та белгілі. Әйтпесе, бұрын-соңды суға дейін талғап ішетін текті халқымыздың мұндай белгісіз азықпен қоректенбегені бесенеден белгілі. Сондықтан, дұрыс тамақтана білейік!

Сөздік

Ас – пища

Дұрыс тамақтану – правильное питание

Денсаулық – здоровье

Кепіл – залог

Ағза – организм

Дәрумен – витамин

Шымырлық – закаленность

Ұлану – отравиться

Дерт – болезнь

Химиялық өндеу – химическая обработка

Ас қорту жүйесі – пищеварительная система

Жылқы еті – конина

Әлеуметтік фактор – социальный фактор

Өмір – жизнь

Зиян – вредный

Дамиды – развивается

Күресу – бороться

Құбылыс – явление

Сау – здоровый

Ұрпақ – поколение

Байлық – богатство

Ерекше – особенный

Мәзір – меню

Дерт– болезнь

3. Сөйлемді дұрыс құрастырыныз

А) қорыту, ас, ал, ондай, сөзсіз, әркімнің, салмақ, үнемі, түсірері, тұтыну, жүйесіне

Ал ондай үнемі тұтыну әркімнің ас қорыту жүйесіне салмақ түсірері сөзсіз

Б) жеңіл, құрамында, жылқы, қорытылады, холестерин, өте, болмайды, етінің

Жылқы етінің құрамында холестерин болмайды, өте жеңіл қорытылады

4. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Салауатты –

Қажет –

Зиянды –

Дамиды –

Аурулар –

Болашақ –

Жауапкершік –

Денсаулық –

5. Мақал – мәтелдерді толықтырыңыз.

  1. Бас аманда мал тәтті,

Бас ауырса, ...тәтті, ( жан)

  1. ... өлім тілегенше

өзіңе жүрім тіле. ( біреуге )

  1. Өлім деген ойран,

Өмір деген .... ( майдан )

6.« Дұрыс тамақтану» деген тақырыпқа эссе жазыңыз.

7. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз..

1.... - өсімдіктердің түбір тарамы....- адам денесіндегі қан жүретін жол. 2. Адамдар... ду етіп күлді.... - жап - жазық жер. 3.... – газет, журнал, кітап шығарумен айналысатын мекеме. Тамағы... болып ауырған адам суық су ішпеуітиіс. Керекті сөздер: тамыр, баспа, тегіс.

8.Берілген мақал-мәтелдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Сыйлап берсе, суын іш.

2. Тату үйдің тамағы тәтті.

3. Аштың ақылы астан әрі аспайды.

4. Ет – етке, сорпа – бетке.

5. Ас қадірің тоқ білмейді..

6. Асы бар аяқ әдемі.

7. Атың барда – жер таны желіп жүріп,

Асың барда – ел таны беріп жүріп.

8. Берген ас түске жетпейді,

Ниет естен кетпейді.

9. Дастарханда наны жоқтың,

Тамағының сәні жоқ.

10. Асы жоқ алтын аяқтың,

Алтынын ал да отқа жақ.

5. Оқу және оқытудың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой қорыту, сөйлеу, жаттығу.

6. Әдебиет:

Негізгі әдебит:

  1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева А. Қазақ тілі оқу құралы.-Алматы, 2008ж.

  2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы: Ғылым, 2009ж.

  3. www.til.gov.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). Астана, 2010ж.

  4. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. – Алматы.

  5. Бектұров Ш., Бектұрова А. «Қазақ тілі» для начинающих. – Алматы, 1994ж.

Қосымша әдебиет:

  1. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.- Алматы: Сөздік, 2003.

  2. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі – Алматы, 2007.

  3. Адамбаева Ж.Д., Оңалбаева К.К. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  4. Ақбаева Қ. Қазақ тілі – Алматы, 1996.

  5. Нұрғалиева М., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  6. Ерубаева А.Т. Заңгерлерге арналған қазақ тілі – Алматы, 2005.

  7. Сүлейменова Э.Д.,Қадашева Қ.,Аханова Д.Қазақ тілі:оқу кешені–Алматы, 1996.

13. Б.Ж. Доскеева «Қазақ тілі» (медициналық оқу орындарына арналған)

14. А.Ш. Бектұрова, Ш.К. Бектұров «Казахский язык для всех»