Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

6.Сурет бойынша халықтық өлшемдердің атын жазып, сұхбат құрастырыңыз.

7.Берілген сөйлемдерді негізге алып, шағын мәтін әзірлеңіз.

Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Қазақтарда баланың он үш жасқа толуы алғашқы «мүшел жасы» делінеді, ... ...

Балалық шақ

13 жасқа дейін: нәресте, бөбек, сәби, балдырған, бүлдіршін, жеткіншек, бала.

Жастық шақ

25 жасқа дейін: жасөспірім, бозбала, ересек, ұлан, жігіт (бойжеткен).

Кемел шақ

37 жасқа дейін: аға, жігіт ағасы, келіншек, әйел, ана, тәте, апа.

Есейген шақ

49 жасқа дейін: отағасы, ел ағасы, әке, көке, (ана).

Аталық шақ

61-73 жасқа дейін: ата, ақсақал, шал,(апа, әже, кемпір).

Қарттық шақ

85-97 жасқа дейін: қария, қарт, кейуана, баба.

8. Әр топ суреттегі уақыттың өтуін, қимыл-әрекеттің жылдамдығын білдіретін тұрақты сөз тіркестерін пайдаланып, әңгіме құрастырыңыздар.

9.Жағдаяттық тапсырма.

А)Үйге келгенде телебағдарламаға қарап, 5 минуттан соң сіздің жақсы көретін хабарыңыз басталмақ, бірақ сізде аяқталмаған жұмыс мойныңызда тұр. Сіз не істейсіз ?

Б)Сіз белгіленген уақытта кездесуге кешіктіңіз, кездесуге келген адам кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз.

10.Тұрақты тіркестердің мағынасын синонимдік қатармен беріңіз.

Қас қағым сәт, түс көргендей уақыт, қамшының сабындай қысқа ғұмыр, көзді ашып-жұмғанша, өткен өмір, түн ұйқысын түгел ұйықтаған мақсатына жете алмайды.

11. «Уақыт және адам» тақырыбына эссе жазыңыз.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

1. Қазақ тілі. З.С. Күзекова . Қазақ тілі практикалық курсы – Алматы, 2009 ж.

2.Қазақ тілі. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ., Омарова Б., Рамазанова Ш., 3.К.Мұқадиева. Қазақ тілі . Оқу құралы. Алматы, 2008ж.

4.Грамматикалық анықтағыш.Б. Қапалбеков, С. Құлманов,Г.Қалиақпарова, Алматы, 2010

5.Қазақ тілі практикумы. З.С. Күзекова. Астана, 2010

Қосымша әдебиет:

6.Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1.Мүшел жас дегеніміз не ?

2.Балалық шақ неше жастан басталады ?

3.Жастық шақ қалай аталады ?

4.Кемел шақ, есейген шақ, аталық шақ,қарттық шақ деген не ?

1. Тақырып №13, атауы: Уақыт алтыннан да қымбат. Студенттің бос уақыты.

2. Сабақтың мақсаты: Сөздік қорын молайту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- «Уақыт және адам» тақырыбына байланысты сөздерді білу керек

  • Студент істей білуі керек:

- Мәтінді оқып, әңгімелеп беру, сұрақтарға жауап беру, сөйлем құрастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Мәтінді оқып, аударыңыз.

УАҚЫТ – АЛТЫННАН ДА ҚЫМБАТ

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Бүгінгі күні өркениетті елдерге барсаңыз, кез келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екендіктерін бірден аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрселерден қағылатындықтарын жақсы біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендіктерін байқап таң қаласыз. Сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Ал біздегі сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсінік оларда жоқ.Қазірде көбі бос уақыт пен денсаулықтың қадірін, өкінішке орай түсінбейді дер едік. Әсіресе, уақыт мәселесіне өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулар көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді.

Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамағандығын дәлелдеген.Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. «Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек.

Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жемек. Абай атамыз да өзінің қара сөздерінің бірінде: «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде 1 күндік өмірді бар жиған малына сатып алуға таба алмайды» - деген...