Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

7. Ән шырқайық ! «Армандастар » әнін жаттаңыз.

Армандастар

Сөзін  жазған: Нұрсұлтан Әлімқұлов

Әнін жазған: Әсет Бейсеуов

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік, Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік. Бәріміз де жазылмаған дастан едік, Армандастар – құрдастар!

Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік, Бәріміз бір өмір жолын бастап едік. Армандастар қайда? Абзал достар қайда? Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда? Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда? Сол алғашқы алаулаған сезім қайда? Армандастар – құрдастар!

Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік, Бәріміз бір өмір жолын бастап едік, Армандастар қайда? Абзал достар қайда? Замандастар, қарлығаштар қайда екен?!

Бәрің, достар, әр тарапқа кеттіңдер ме?! Әлде биік асулардан өттіңдер ме?! Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?! Қайдасыңдар, құрдастар?!

Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік, Бәріміз бір өмір жолын бастап едік, Армандастар қайда? Абзал достар қайда? Замандастар, қарлығаштар қайда екен

5. Оқу және оқытудың әдістері.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

Қазақ тілі. З.С. Күзекова . Қазақ тілі практикалық курсы – Алматы, 2009 ж.

Қазақ тілі. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ., Омарова Б., Рамазанова Ш., К.Мұқадиева. Қазақ тілі . Оқу құралы. Алматы, 2008ж.

Грамматикалық анықтағыш.Б. Қапалбеков, С. Құлманов,Г.Қалиақпарова, Алматы, 2010

Қазақ тілі практикумы. З.С. Күзекова. Астана, 2010

Қосымша әдебиет:

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1.Омоним дегніміз не?

2.Синоним дегеніміз не?

3.Антоним дегеніміз не?

4. Адамның мінезіне қатысты қандай сөздерді білесіз?

1. Тақырып №12, аталуы: Уақыт және адам. Синоним,омоним, антонимдердің

семантикалық ерекшеліктерін айыру.

2. Сабақтың мақсаты:студенттерді уақыт және адам туралы айта білуге

дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: көпшілік ортада уақыт туралы ойын жеткізе алуы ;

Студент білу керек:

А)берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Берілген сөздерді, сағаттықатыстыра сөйлем құраңыз.

Қалды, кетті, жарым, тура, дейін, кейін, ертең, бүрсүгіні, алдыңгүні, кешке жақын, таң ата, түсте, түстен кейін, таң сәріде, азанда,тәулік, апта, ай,ғасыр, жыл.

06:35-----------------------

09:00-----------------------

10:30------------------------

11:45------------------------

14:25--------------------------

18:00----------------------------

Үлгі : Таңертеңгі сағат алтыға отыз бес минут қалғанға дейін дене шынықтыру жаттығуын жасаймын.