Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

3.Тұрақты тіркестің мағынасын түсіндіріңіз. Сөйлемдер құрастырыңыз.

Ала жібін аттамау, егіз қозыдай, балдай тәтті, балаша мәз болу, желдей есу.

4. Көп нүктенің орнына керекті сөз және сөз тіркесін тауып қойыңыздар.

1.Тіл – адам ойының ... 2. Аңдамай сөйлеген ... ... 3. Ойнап сөйлесең де, ... ... 4. Тисе терекке, тимесе ... 5. Айтылған сөз - ... оқпен тең. 6. Бал тамған тілден ... тамар. 7. Көп сөз - ... 8. Көп сөз – күміс, аз сөз ... 9. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде ... ... 10. Таза сөйлеу – биік ... 11. Көңілсіз ... – ойға олақ.

Керекті сөздер: 1.Құлақ. 2. Мылжың боласың. 3. Мәдениеттілік. 4. У. 5. Атылған. 6. Бос сөз. 7. Айнасы. 8. Ауырмай өледі. 9. Ойлап сөйле. 10. Алтын. 11. Бұтаққа.

5. 4 –тапсырмада берілген мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің «Сөйлеу әдебі» тақырыбымен қандай байланысы бар екенін түсіндіріңіз?

6. Тұрақты тіркестерді сурет арқылы көрсетіңіз.

Бауырына салған– усыновить

Кірпіктерінде қуаныш жасы бар еді– слезы радости на глазах

 Екі көзі оттай жанады– оживляется

 Көздің жауын алады – привлекает взоры 

 Қабағынан қар жауғандай – мрачен, туча – тучей

 Көзімен атып жіберердей – смотреть злым взглядом

 Төбе шашы тік тұрды – волосы встали дыбом

Төбе шашы тік тұрды – волосы встали дыбом

Жегені   желкесінен шықты - Ему это боком вышло Екі иығына екі кісі мінгендей– очень широкоплечий

7. Төрт топқа бөлініп, берілген тақырып негізінде әңгіме құрастырыңыздар.

Нар тәуекел- ер ісі.(Риск-благородное дело)

Уәде-жанның азығы.(Уговор дороже денег)

Бірлік болмай, тірлік болмас (Без единения нет жизни).

Ырыс алды — ынтымақ (Счастья начало – согласие).

8. Өлеңді жаттап, мәнерлеп айтып беріңіз.

«Сіз», «Біз» деген жылы сөз.

«Сіз», «Біз» деген жылы сөз Жақсылық билеп, жанды тез,

Жылытады жүректі. Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық, Баршаға жетер жақсылық,

Тілесе, әр кез жаны ашып, Қызғанбай бөліп алыңыз!

Осы бір шырын –тәттілік, «Сіз», «біз» деген жылы сөз

Тұрмай ма жанға жарасып! Жақсылықтың мейірі.

Баршаға керек жақсылық! Бір-біріне болып көз,

Жақсылық сүйер ханымыз, Кең болсын адам бейілі.

(Ө.Тұрманжанов)

9. Тұрақты тіркестерді пайдаланып, бір-біріңізге тілек айтыңыздар.

Көп жаса– живи долго

Өркенің өссін– пусть множится твое потомство

Мерейлі бол– пусть всегда сопутствует тебе удача

Игіліктің   ерте-кеші жоқ - Никогда не поздно делать добро

Жұлдызың жансын- Пусть твоя звезда горит!

Құшақ жайып - С распростертыми объятиями

10. Қазыбек бидің өсиет- тілегін жаттаңыз

Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма - 

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма,

Өскеніңді өшірерсің.

Басына іс түскен пақырға

Қастық қылма - 

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға

Жәрдемші бол асыға.

Қиын-қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба!

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім