Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- Сөз – синтагмалардың ерекшелігі екенін білу;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Отан – отбасынан басталады.

Отбасы - шағын мемлекет. Сондықтан одан берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, дәстүрдің сақталуы ерекше мәнге ие.

Ұстаздар мен ата-аналар қауымына, билік өкілдеріне, өсіп келе жатқан ұрпаққа рухани адамгершілік, отаншылдық тәрбие беруге мүдделі барлық азаматтарға «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз бекер айтылмаған. Сол айтқандай, тәуелсіз Қазақстан болашағының іргетасы әрбір үйде қаланады, еліміздің экономикалық әулеті әрбір отбасының бақуаттылығынан бастау алады. Дені сау, толыққанды, бақуатты отбасы – қоғамымыз бен мемлекетіміздің берік тірегі.Отан шын мәнінде отбасынан басталады. Отбасында адамдардың өмірге көзқарастары қалыптасып, олардың болашаққа деген арман, үміттері оянады, жан дүниесі халқымыздың рухани мұрасынан сусындайды.

Тәрбие талбесіктен басталады. Ана әлдиін тыңдап өскен жас сәби ана тілін ешқашан жатсынбайды, бабаларымыздың мәдени мұрасын – сарқылмас рухани байлығын бойына сіңіре білген жас ұрпақ қашанда болашақ ел мүддесі үшін аянбай еңбек етпек.

Қоғамымыз бүгінде белсенді өмірлік позиция ұстанатын білімді де іскер, еліміздің лайықты экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ұрпақ өсіретін отбасына мүдделі. Нақ осындай отбасы ғана азаматтық қоғамды қалыптастырудың қуатты факторы болып табылады.

Әрбір отбасы - шағын Отан. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді. Осыны ұмытпау керек. Бала ата-әженің, әке мен шешенің тәлімін көріп бой түзейді. Жақсылықты да, жамандықты да отбасынан алады. Олар барлығын көзбен ұғады. Сондықтан ата-аналардың ісі мен сөзінде сәйкестік болуы шарт. Отбасы үйлесімділігі тағылымды тәрбиеде деп түсінемін.

«Отбасы – шағын мемлекет» демекші елдігіміздің негізі қаланып, ұрпағымыздың дүние танымы қалыптасатын отбасында желкілдеп өсіп келе жатқан балаларымыздың бойына адамгершілік пен имандылық рухын егуге баршамыз мүдделі болсақ болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болатыны сөзсіз.

Сөздік:

Билік өкілдері – представители власти

Үңіліп – заглянув

Жабырқағанда – когда унывал

Қуаныш - радость

Тебіреніс - волнение

Қамқоршысы – покровитель

Тіреуі – опора

Намыс - честь

күш-жігерін – сила воли

атқару - выполнять

түкпір - угол

мәпелеп – лелея

парызы – должность

борышым – долг

бағындыру – покорять

2.Сөзжұмбақты шешіңіз.

1.Тілсіз жау? (от)

2.ҚР рәміздерінің бірі? (елтаңба)

3.Отбасы мүшесі ? (бала)

4. «Отан ……….. басталады»? (отбасынан)

5.Қазақстандағы қала? (СЕМЕЙ)

6.Жыл мезгілінін бірі? (қыс)

О

Т

Б

А

С

Ы

3. Әкенің отбасыда алатын орны туралы ой толғау жазыңыз.

Оқып, есте сақтаңыздар.

Синтагма- контексте берілген бір ұғымды білдіретін интонациялық-мағыналық бірлік. Синтагма бір сөзден, сөздер тобынан, және сөйлемнен тұруы мүмкін. Синтагмаға бөлудің негізгі құралы – пауза. Ол сөйлеу әуенімен (мелодика), ырғақпен (темппен), күштілікпен (интенсивность) қоса хұмсалады. Синтагманың соңғы тұрған сөзіне ең күшті екпін түседі.

4. Синтагманы қолдана отырып «Отбасы» тақырыбына сөйлемдер құрастырыңыздар. Мысалы: Балам, сен сабағыңды оқыдың ба?