Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебит:

Қазақ тілі. З.С. Күзекова . Қазақ тілі практикалық курсы – Алматы, 2009 ж.

Қазақ тілі. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ., Омарова Б., Рамазанова Ш., К.Мұқадиева. Қазақ тілі . Оқу құралы. Алматы, 2008ж.

Грамматикалық анықтағыш.Б. Қапалбеков, С. Құлманов,Г.Қалиақпарова, Алматы, 2010

Қазақ тілі практикумы. З.С. Күзекова. Астана, 2010

Қосымша әдебиет:

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау: Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Адамның жақсы мінезін атаңыз.

  2. Адам бойындағы жағымсыз әрекеттерді айтыңыз

  3. Адамның сыртқы келбетіне байланысты сөз тіркестерін айтыңыз

  4. Қазақтар режіскен адамдарды татуластыру үшін қандай сөздер айтқан.

1.Тақырып №10, аталуы: Тұрақты тіркестер мен мақал мәтелдердің сөйлеу тіліне

жұмсалу ерекшелігі

2. Сабақтың мақсаты:студенттерді мәтінді оқып, түсінуге, өткен тақырыптарды баяндауға, эссе жазуға, теледидардан ақпараттар тыңдауға машықтандыру.

3. Оқытудың міндеттері: Көпшілік ортада шебер сөйлей алуы, мақал-мәтелдерді,

тұрақты тіркестерді қолдана алуы;

- Студент білу керек:

А) сұрақтарға дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

- Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында көлемді мәтінді оқып түсініп, мәтіннің мазмұнын

өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, сөйлемдер құрастырыңыз.

Адалдық — ардың ісі. Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді. Асылдың бірі — адалдық.  Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.  Доспен дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болғаннан сақтан. Дос сыртыңнан мақтар, Дұшпан көзіңе мақтар. Досыңа өтірік айтпа, Дұшпаныңа сырыңды айтпа.  Ауру кетеді, мінез кетпейді. Су ішкен құдығына түкірме. 

2.Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын сәйкестендіріп, жаттаңыз.

Пейілі тартпай отыр

Қандай жаза болса да, өз мойнымен көтерді

Жұмған аузын ашпай қойды

Беті қайтып, сағы сынып отыр

Жүрек жалғап алды

Өткір, батырып сөйледі

Тілі өтті.

Біреудің ықпалында болды.

Басып озды

Ойындағы сырын ешкімге жария ете алмады

Басымен жауап берді

Көңілі соқпай, тәбеті тартпай отыр

Аузы күйіп отыр

Үндемеді, сөйлемеді, ләм‑мим демеді

Тілі мірдің оғындай

Жеңіл‑желпі тамақтанып алды

Сөз аша алмады

Шірік, болбыр, қолынан ештеме келмейтін кісі мағынасында

Пышақ кескендей тыйылды

Бірден, кілт, кенеттен тоқтады

Қамшысын алып келуге жарамады

Қуып жетіп, озып кетті

Тілдің майын тамызады.

Сөзге шешен, өткір тілді, ділмар.

Тілге (біреудің) ерді.

Көз тиді.

Тілге жүйрік

Тыңдаушысын ұйыта сөйледі.