Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

2. Суретте берілген қала мен ауыл құрылысының айырмашылығыжайында эссе жазыңыз .

3.Ауыл тақырыбына қатысты жазылған ақын сазгерлердің әндерін, жырларын тауып дастарыңызға тыңдатыңыз.

4. Ауыл-селоны дамытуға қатысты мемлекеттік бағдарлама аясында жасалып жатқан жаңалықтармен танысыңыз.

Қазақстан өкіметінің 2000-2005 жылдарда ауыл-селоны дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, бүгінгі таңда еліміздің селоларына қайта құру процестері жүргізілуі қажет. Осы мерзімдердің ішінде Қазақстанның әрбір аймағында машина-технологиялық станцияларды, ақпараттық-маркетингтік жүйелерді салу, өндірілген өнімдерін өткізу жүйесін ұйымдастыру, малдың генофондыларын сақтау, олардың тұқымын асылдандыру және пайдалану, несиелік жолдастық ұйымдар құру, ауыл шаруашылығына инвестиция тартуда ынталандыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өнідірушілердің ішкі нарығын қорғау, ауыл-селода тұрмыс қызметін көрсететін және оны қамтамасыз ететін инфрақұрылымды көлік, көлік жолдарын қайта құру және пайдалану, энергиямен жабдықтау, жаппай елді мекендерге телефон, газ жүргізу, сумен жабдықтау, тұрғын үймен қамтамасыз ету әлеуметтік-мәдени мекемелермен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау, білім жүйесін, бұқаралық мәдениетті, дене шынықтыру және спортты дамыту, шағын бизнесті және кәсіпкерлікті дамыту, т.б. мәселелерді орындау көзделген. Бұларды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіншіліктерді, ресурстарды (запастағы ақша-қаржыларын, материалдық құралдарды, әр түрлі бағалық-құндылықтарды, табыс көздерін көбейтіп, шағын көздерін азайту, еңбекке жарамды, оған қабілеті бар адамдарды еңбекке жұмылдыру, т.б.) халық шаруашылығына толықжұмылдыру, оларды ұқыпты, тиімді пайдалану қажет.

Мәтінге тапсырма: Мәтіннің майлы бояумен берілген жерінен сөздер мен тіркестерді пайдаланып сұхбат құрастырыңыз.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: сұрақ-жауап, мазмұндау, сұхбаттасу, сұрақ құрастыру.

6.Пайдаланған әдебиеттер

www.testent.ru/load/0-0-0-1095, www.testent.ru/load/studentu/sociologija/ala_men.../50-1-0-1094, ereymentau.akmoedu.kz/index.php?p=docs-view&d...

7. Бақылау:

1. «Дипломмен – аукылға» жобасына көзқарасыңыз қалай?

2. Сізді ауылмен не байланыстырады?

3. Ауылды дамытуға қатысты қандай мемлекеттік бағдарламалар бар?

1. Тақырып №9, аталуы: Мінез және келбет Адамның жан дүниесі мен сыртқы

келбеті.

2. Сабақтың мақсаты:өз ойын еркін жеткізуге, оны тұжырымдауға, ойын дәлелді, нақты жеткізе білуге дағдыландыру, мысалмен дәлелдеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып жетілдіру, ойлау логикасын дамыту. «Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті» тақырыбы бойынша берілген тапсырмалар арқылы танымдық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту.

3. Оқытудың міндеттері: Адамның мінез мен келбетіне байланысты сөздерді көпшілік ортада қолдана алуы;

- Студент білу керек:

А) сұрақтарға дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

- Студент істей білуі керек:

А) жаттаған сөздіктерін пайдалана білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.