Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

5. Оқу және оқытудың әдістері.

сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру, талдау.

6. Әдебиет:

Негізгі әдебит:

  1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева А. Қазақ тілі оқу құралы.-Алматы, 2008ж.

  2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы: Ғылым, 2009ж.

  3. www.til.gov.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). Астана, 2010ж.

  4. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. – Алматы.

  5. Бектұров Ш., Бектұрова А. «Қазақ тілі» для начинающих. – Алматы, 1994ж.

Қосымша әдебиет:

  1. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.- Алматы: Сөздік, 2003.

  2. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі – Алматы, 2007.

  3. Адамбаева Ж.Д., Оңалбаева К.К. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  4. Ақбаева Қ. Қазақ тілі – Алматы, 1996.

  5. Нұрғалиева М., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  6. Ерубаева А.Т. Заңгерлерге арналған қазақ тілі – Алматы, 2005.

  7. Сүлейменова Э.Д.,Қадашева Қ.,Аханова Д.Қазақ тілі:оқу кешені–Алматы, 1996.

13. Б.Ж. Доскеева «Қазақ тілі» (медициналық оқу орындарына арналған)

14. А.Ш. Бектұрова, Ш.К. Бектұров «Казахский язык для всех»

7. Бақылау:

1. Тақырып бойынша 10 тест сұрақтарына жауап беру.

(Тест сұрақтары қосымша беріледі)

1. Тақырып №8 атауы: Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру. өз ойларын ортаға салу.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- тақырып бойынша мәтін құрастыра білу;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру, сурет

бойынша өз ойын айта білуі.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мәтінді оқыңыз. Мәтінде айтылған мәселелер бойынша өз пікіріңізді айтыңыз

Ауыл тұрғындарының жағдайы қалалықтармен салыстырғанда төмен

 

" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі қаулысына сәйкес "Дипломмен - ауылға" жобасы шеңберінде жұмыс істеу үшін келген жас мамандарға тұрғын үй алу әлеуметтік қолдау - 1500 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттік несие ұсынылады.

Жоба мақсаты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша ауылдық елге жұмысқа келген денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау ұсыну мүмкіндігі көзделген.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 76 бабының 1 тармағына сәйкес ауылдық елді мекендерде жоғарыда көрсетілген сомаға, жергілікті елді мекенде қолайлы тұрғын үй алу проблемаға айналып отыр. Жас мамандар заңында көрсетілген мерзімде арзан бағаға тұрғын үй таба алмай, несиені бюджет қаражатын игерместен, қайтаруға мәжбүр болады. Осыған байланысты, бюджеттік несиенің сомасын кем дегенде екі есе өсіру қажет", - дейді депутаттар.

"Сонымен бірге, әлеуметтік қолдаудың төмендігінен ауылда білікті мамандар саны қысқаруда, ауылдық жерге жаңадан тартылған мамандардың ынта-жігері төмен. Ауылдағы денсаулық сақтау саласына мамандар жетіспеушілігі халқына білікті медициналық көмектің төмен деңгейіне, сондай-ақ қымбат бағалы медициналық құрал-жабдықтармен жұмыс істей білетін мамандардың аздығына әкелуде.

Селолық тұрғындар білікті медициналық көмек алу үшін облыстық орталықтарға баруға мәжбүр болуда. Ауылдық жерлерде мемлекеттік тұрғын ұй құрылысының болмауынан, жас мамандардың әлеуметтік тұрғын үй алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері болмай отыр.

Қалалардағы көтерілген әлеуметтік бағдарламалар ауылда жүзеге аспай келеді.

Мәселен, кепіл мүлкінің өтімсіздігіне байланысты тұрғын халық "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" бойынша мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын пайдалана алмай отыр. Бұл ретте ауыл тұрғындарының банк несиелеріне қолдары жетпей келеді. Осылардың салдарынан ауыл тұрғынының қала тұрғынымен салыстырғанда жағдайы төмен болып отыр.