Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

3. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз, мазмұндаңыз.. Дәрігер этикасы

Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым- қатынасы біршама нормалармен, ережелермен және әдет-ғұрыппен реттеледі.

Медициналық этика – медициналық қызметкерлердің жұмысындағы гуманизмнің көрінісі. Медициналық этиканың бір бөлігі –деонтология. Деонтология басқа салаларға қарағанда, медицина мен практикалық денсаулық сақтау саласына өте қажетті ғылым. Бұл медициналық қызметкерлердің күш-жігері тек ауруды емдеуге ғана емес, аурудың алдын алуға, адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталғанымен түсіндіріледі.

Дәрігер этикасы (лат. ethia – әдептілік) - дәрігердің адамгершілігі, сыпайылығы, оның науқас және сау адамдармен өзара қарым-қатынасы. Дәрігердің әрбір жылы сөзі, мінезі мен жүріс-тұрысындағы мәдениеттілігі және сыпайылығы науқас адамның ауруынан тез айығып кетуіне көмектеседі. Өйткені науқас адам өзін емдеуші дәрігерін ұнатса, оған сенсе әрдайым көңілі көтеріңкі болып, үміті артып ауруынан серги бастайды.

Дәрігер этиканы сақтап, науқастың көзінше ауру кемістігін айтпауға тиіс, яғни дәрігер құпиясын сақтауы қажет. Дәрігер құпиясы дегеніміз – науқас адамның келісімінсіз оған қатысы бар мәліметтерді жарияламау. Мысалы, психикалық аурулар, әйел аурулары, кейбір кемістік т.б. Егер науқастың ауруы көпшілікке зиян келтіретін болса, оны дәрігер жасыра алмайды. Мысалы, жұқпалы аурулар кезінде, жыныс мүшесі арқылы таралатын аурумен ауырса, міндетті түрде ескертіп емдеу керек.

Кез келген ауру жағдайында да дәрігер сырқаттың психикасын бұзбауға тиіс. Қатерлі ісік ауруы бар адамдардың сұрағына абайлап жауап қайтаруы керек.

Дәрігердің негізгі міндеті – халықтың денсаулығын сақтауда адал ниетпен қызмет етіп, дәрігер құпиясын сақтап, науқас адамның алдында дәрігер этикасын дұрыс қолданып, науқастың дертінен тез айығып кетуіне барлық мүмкіндікті қолдану. Дәрігерлік мамандық одан арнайы біліммен қатар адалдықты, жаны тазалықты, жұмысқа беріле істеуі, тіпті бар өмірін соған арнауды талап етеді.

4.Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Денсаулығы нашар болған себепті, ... . 2. Науқас созылмалы аурумен ауырғандықтан, ... . 3. Медицина университетінде оқу қиын болғандықтан, ... . 4. ..., ата-анасы үйіне кеш келді. 5. ..., дәрігер тағайындаған дәрілерді ішпеді. 6. ..., жұқпалы ауруға қарсы ектірді.

5. Жағдаяттық тапсырма.

Сіз университетті енді бітірген жас мамансыз, сіздің алдығызда мінезі қиындау науқас отыр, сізге онымен тілдесу қиын. Не істеу керек?

6.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін жаттаңыз, «Дәрігер қандай болу керек» деген тақырыпта әңгіме құраңыз. Дәрігер қандай болу керек?

оңай емес – нелегко

аурулар – больные

дәрігер – врач

емдеу – лечить, лечебный

дәрігер болу – быть врачом

сыпайы – вежливый, уравновешанный

шыдамды – терпеливый; выносливый

адамның өмірі – жизнь человека

қабілет – способность, дар

сенім – доверие

білікті маман-квалифицированный специалист

өйткені – потому что, так как

дәрігердің қолында – в руках врача

таза жүректі – с чистым (открытым) сердцем

сыйлы – уважаемый; почетный

бұл үшін – для этого, ради этого

бар күшін, білімін – все свои силы и знания

болу керек – должен быть

көп оқу керек – надо много учиться

теорияны білу – знать теорию

түсіну – понимать

қабылдау – принимать, приемный

ауру адамның өмірін сақтау – сохранить жизнь больного

дұрыс диагноз қою – поставить правильный диагноз