Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

6. «Маскүнемдік- аздырар адам баласын» атты эссе жазыңыз.

6.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж.

Қосымша әдебиет: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1. Бұл аурулардан қалай сақтануға болады?

2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

3. Жаман әдетке үйір болмай өмір сүру мүмкін бе?

1. Тақырып №32, аталуы: Наша тартудың зияны.

2. Сабақтың мақсаты:өтілген тақырып туралы айта білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: ойын жеткізе алуы;

  • Студент білу керек:

А) берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Наша, мүше, ұйқы, жою керек, бұзылу, қызмет, қауіпті, дене, бет- әлпет, қыртыс, күрес, қалтырлау, мейрімділік.

2.Термин сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

наркомания

борьба против наркомании

ядовитое вещество

печаль, горе, скорбь

облегчить

широко распространяться

тяжелые последствия

развеселиться

пристрастие, страстное желани е

взбеситься

бездушный, бездушие

потерять рассудок

4. Мақал-мәтелдердің орысша баламасын атап, мағынасын түсіндіріңіз.

  1. Адамды өмір үйретеді,

  2. Үйренбесе, күйретеді.

  3. Біреу, біреуге сүйеу.

  4. Бақыт — қолға қонған құс.

  5. Байлық — қолға ұстаған мұз.

  6. Құс ұшып кетеді

  7. Мұз еріп кетеді,

  8. Дүниенің қызығы — сіз бен біз.

  9. Асы бар қазан сүйкімді,

  10. Досы бар адам сүйкімді.

  11. Бір адам — самал,

  12. Екі адам — амал,

  13. Үш адам — жамал,

  14. Төрт адам— қамал.

  15. Адамның құлқы түзелмей,

  16. Өмірдің құлпы түзелмейді.

  17. Желауыз адамға, сыр айтпа,

  18. Жебір ауыз адамға, мұң тайпа

5.Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз, әңгімелеңіз. Наша тарту

Наша тарту адамның өмірін қысқартады. Наша шегуге әсіресе жастар үйір келеді. Әрине, олар оның денсаулыққа тигізетін зиянын түсінбейді. Үндістанда тағы басқа ыстық жақтарда өсетін кендір тәрізді өсімдіктерден алынған заттарды – гашиш, анаша (наша), немесе марихуана деп атайды. Бұл заттар зәрлі болғандықтан наркотиктер тобына жатады.

Шығыс халықтары, Азия және Африка елдеріндегі адамдар қайғы-қасіреттерін жеңілдету үшін наша тартып, елігіп, көңілдерін көтереді екен. Сондықтан Шығыс пен Азия халықтарының арасында наша тарту кең таралған.

Қазіргі орта Азия республикалары мен Қазақстан халқы арасында да наша тартушылар аз емес болып отыр. Нашаның құрамында улы зат бар. Ол тартқан адамның миына зақым келтіріледі. Басын айналдырып масаттандырады.

Нашаны салынып тартудың түбі құмарлыққа соқтырады. Бұл өте қауіпті. Оларда жанұя мүшелеріне, туған-туысқандарына деген мейірімділік болмайды. Наша денеге сіңгеннен кейін, адам тез есіреді, кейде 10-12 сағат калың ұйқыға шомады.

Асқазан ішек-қарын, мүшелерінің қызметі бұзылады, ақылынан адасады. Келе-келе қолы қалтырайды, маңдай терісі қағаздай жұқарып, қыртыстанады. Бет әлпеті өзгеріп, сарғыштанады. Екі көзі үңірейеді, жүріс-тұрысы өзгереді. Жұртпен қатынасты үзеді. Сөйтіп, нашаның ақыры жазылмайтын нағыз құмарлыққа (наркоманияға) айналады.Сондықтан наша тартушыларға қарсы қатты күрес ұйымдастырып, бұл зиянды әдетті біржолата жою керек.