Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_SPETs_Vopr_Kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.31 Mб
Скачать

2 Дәріс. Тарамды ұңғымалар жинағының параметрлерін анықтау

Ыдыратынды оқтам – жеке бөліктері кезкелген бір инертті ортаның аралықтарымен бөлінген бір оқтау камерасындағы (ұңғымадағы, шпурдағы) АЗ оқтамы. Оқтамның жеке дара (отдельных) бөліктерінің ұзындығы және олардың арасындағы аралықтар оқтамның конструкциясына және аттыру жағдайларына байланысты есептеліп анықталады. Оқтамдар арасындағы аралықтар құммен, бұрғылау қоқымдарымен, сумен, ауамен, ағаш үгітінділерімен және т.б. толтырылуы мүмкін.

Ыдыратынды оқтамдарды қолдану жыныстардың ұсақталуының біркелкі болуын жақсартады, шойтастардың (негабарит) шығуын, АЗ меншікті шығынынжәне сейсмикалық әсерді азайтады.

Кемшілігі: Аттыру жабдықтарының шығыны өседі, шпур мен ұңғымаларды (скважина) оқтау қиындайды.

Аттыру материалдарының шығыны – кенді бір рет және екінші қайтара аттыруға жұмсалатын аттыру материалдарының мөлшері. Аттыру материалдарының шығынын құрылыс материалдарын қазу (өндіру) кезінде 3, ал кен қазу кезінде 1т-ға есептейді.

Кейбір аттыру материалдарының шығынын 3 аттырылатын жынысқа: АЗ – кг/м3, дүмпіткіш пілте (ДП) және от пілте (ОП) – м/м3, дүмпіткіш капсюль (ДК) және электрдүмпіткіш (ЭД)– дана/м3 есептептейді.

Аттыру материалдарының шығыны аттырылатын жыныстың физика-механикалық қасиетіне, АЗ сапасына және қуатына, оқтамдардың орналасуы мен аттыру сұлбаларына, кеннің және жыныстардың сапашартты (кондиционных) кесектерінің ірілігіне және т.б. байланысты болады,

(2.1)

мұнда d – ұңғыманың диаметрі, м; еАЗ салыстырмалы жұмысқа қабілетілік коэффициенті; кеннің тығыздығы, т/м3; т – ұңғыма оқтамдарының жақындасу коэффициенті; q0 – уатуға жұмсалатын АЗ меншікті шығыны, кг/т;

мұнда - екінші қайтара уатуға жұмсалатын АЗ берілген шығыны, кг/т; беріктілікті, диаметрді, тығыздықты және кеннің сапашартты кесектерінің әсерін ескеретін тиісті коэффициенттер, еАЗ салыстырмалы жұмысқа қабілетілік коэффициенті.

Ибраев Ш.И. [3] Қ.Қ.С. ұңғыма тарамдарын анықтау үшін мына формуланы ұсынады:

(2.2)

мұнда d – ұңғыманың диаметрі, ұңғыма оқтамының тығыздығы, г/см3; b – қолданылатын АЗ шығынын ескеретін коэффициент, № 6 ЖВ және № 7 аммонит үшін b = 1, дүмпіткіш және скальді аммониттер үшін b = 1,2 – 1,25, аммоналдар үшін b = 1,1; ¦ - М.М. Протодяконов бойынша беріктілік коэффициенті; т – ұңғыма оқтамдарының жақындасу коэффициенті.

Автор, қысқартылған түрде ұңғыма тарамдарының ҚҚС былайша анықтауды ұсынады:

(2.3)

[9] әдебиетте авторлар ҚҚС және ұңғыма тарамдарының диаметрін мына формуламен анықтауды ұсынады:

(2.4)

мұнда АЗ атылысының жылулығы , ккал/кг; аттырылатын массивтегі қысым толқындарының жылдамдығы, м/с; АЗ дүмпуінің (детонаций) жылдамдығы, м/с; ұңғыма тарамдарының жинағындағы ұңғыманың орташа ұзындығы, м; Тарамдағы ұңғыманың орташа ұзындығы мына формуламен анықталады,

(2.5)

мұнда , , и тарамдағы бұрыштық ұңғымалардың ұзындығы, м. тазарту камерасы бұрыштарының саны.

Ұңғыманың диаметрі мына теңдікпен анықталады,

(2.6)

мұнда – АЗ атылысының жылулығы, ккал/кг; аттырылатын массивтегі қысым толқындарының жылдамдығы, м/с; АЗ дүмпуінің (детонаций) жылдамдығы, м/с; ұңғыма тарамдарының жинағындағы ұңғыманың орташа ұзындығы, м;

шартынан, , және мәндерін қоя отырып аламыз,

(2.7)

мұнда ҚҚС, м; ұңғыманың диаметрі, м; оқтамның тығыздығы, кг/см3; тарамдағы ұңғыманың қатар саны.

Әр түрлі кен-геологиялық және кентехникалық жағдайларда бұрғыаттыру жұмыстарын жүргізуді талдау нәтижесі [7], ұңғыма тарамдарының жинағындағы ҚҚС оңтайлы шамасын кен денелерінің қуатын ескере отырып мына теңдеумен анықтау ұсынылады,

(2.8)

мұнда ұңғыманың диаметрі, м; оқтамның тығыздығы, кг/м3; тарамдағы ұңғыманың орташа ұзындығы, м; - анықталады,

мұнда – АЗ атылысының жылулығы, ккал/кг; аттырылатын массивтегі қысым толқындарының жылдамдығы, м/с; АЗ дүмпуінің (детонаций) жылдамдығы, м/с; Пуассон коэффициенті, ; ¦ - М.М. Протодяконов шкаласы бойынша беріктілік коэффициенті, .

[8] жұмыста ашық кен жұмыстары үшін ҚҚС мына теңдікпен анықтау ұсынылады:

(2.9)

мұнда Н кертпештің биіктігі, м.

10 қос. [104-106, 116-117], 11 қос. [20, 34-35 және 109-113.], 7 қос. [47-49], 8 қос. [78-80],

9 қос. [1 - 4].

Бақылау сұрақтары:

  1. Ыдыратынды оқтам дегеніміз не?

  2. Аттыру материалдарының шығыны деген не?

  3. Ұңғыма тарамдарының жинағындағы ҚҚС оңтайлы шамасы қалай анықталады?

  4. Ұңғыманың диаметрі қалай анықталады?

  5. ҚҚС өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]