Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_SPETs_Vopr_Kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.31 Mб
Скачать

11 Тақырып. Соққылық ауа толқындары әсерінің құрылыстар мен ғимараттар үшін қауіпсіз қашықтығы

Тапсырма.

Әдістемелік ұсыныс:

Жұмысты орындау үшін соққылық ауа толқындары әсерінің (САТ) құрылыстар мен ғимараттар үшін қауіпсіз қашықтығын анықтау әдістемелерімен танысып шығу керек.

Нег: 1. [184-188].

Бақылау сұрақтары:

1) БҚЕ бойынша зақымданудың қанша дәрежесі қарастырылған?

2) Ашық оқтам және өз биіктігінде тереңдетілген оқтам дегеніміз не?

3) САТ әсерін кемітудің қандай тәсілдері бар?

12 Тақырып. Сыртқы және ұңғымалық (шпурлық) қопсытушы оқтамдардың атылысы кезінде, соққылық ауа толқындарының әйнек, терезелерге әсерінің қауіпсіз қашықтығын анықтау

Тапсырма.

1. Ұңғымалық оқтамдар тобын аттыру кезінде, соққылық ауа толқындарының әйнек, терезелерге әсерінің қауіпті аумағының радиусін анықтау қажет (12.1 кестеге қараңыз).

2. Бірінші тапсырмада берілген шарттар бойынша, егер 600 және 800 м қашықтықта тұрғын поселкелер орналасса бір мезгілде аттырылатын АЗ оқтамдарының ең жоғарғы шамасын анықтау қажет.

Әдістемелік ұсыныс:

Жұмысты орындау үшін көрсетілген әдебиеттерден сыртқы және ұңғымалық (шпурлық) оқтамдардың атылысы кезінде, соққылық ауа толқындарының әйнек, терезелерге әсерінің қауіпсіз қашықтығын анықтау әдістемелерімен танысу керек.

Нег: 1. [188-193].

Бақылау сұрақтары:

1) Сыртқы және ұңғымалық (шпурлық) қопсытушы оқтамдардың атылысы кезінде, СН және Е сыныптамасына бойынша VI-VIII топтағы жыныстарды аттыруда соққылық ауа толқындарының әйнек, терезелерге әсерінің қауіпсіз қашықтығын қандай формуламен анықтайды?

2) Сыртқы оқтамдар үшін оқтамның эквиваленттік массасын қалай анықтайды?

Әдістемелік ұсыныс:

Жұмысты орындау үшін көрсетілген әдебиеттерден сыртқы және ұңғымалық (шпурлық) оқтамдардың атылысы кезінде, соққылық ауа толқындарының адамдарға әсерінің қауіпсіз қашықтығын анықтау әдістемелерімен танысу керек.

Нег: 1. [193].

Бақылау сұрақтары:

1) Екінші қайтара ұсақтау кезінде, ДП желісін қосудың (жалғастырудың) қандай сенімді тәсілдері бар?

2) Соққылық ауа толқындарының адамдарға әсерінің қауіпсіз қашықтығы қандай формуламен анықталады және оның өзіндік ерекшелігі қандай?

13 Тақырып. Дүмпудің берілуі бойынша қауіпсіз қашықтықты анықтау

Тапсырма.

1. Екі қойма арасындағы дүмпудің берілуінің қауіпсіз қашықтығын rд анықтау керек, екі қойманың бірі сыртқы, тротилды сақтауға , ал екіншісі сыртқы емес гранулит және 6 ЖВ аммонитті сақтауға арналған. Есептеуге қажетті мәліметтер 13.1 кестеде келтірілген.

Әдістемелік ұсыныс: Жұмысты орындау үшін көрсетілген әдебиеттерден дүмпудің берілуі бойынша қауіпсіз қашықтықты анықтау анықтау әдістемелерімен танысу керек.

Нег: 1. [193-199].

Бақылау сұрақтары:

1) 13.1 және 13.2 кестелерінің қызметін түсіндіріңіз?

2) ДП және электрлік дүмпіткіш сондай-ақ капсюль дүмпіткіш деген не?

3) Жоғары қауіптілікті нысандардағы атылғыш материалдар не себептен активті оқтамдар ретінде қабылданады?

14 Тақырып. Найзағай тартқыштардың қорғау аумағы.

Тапсырма.

1. «Найзағай тартқыштардың қорғау аумағы» тақырыбына құрастыру. Рефератта дәріс сабақтарындағы материалдардырды пайдалана отырып жеке (одиночный) сырықты және қос сырықты найзағай тартқыштың қорғау аумақтарын анықтауға мысалдар келтірілуі керек. Қорғалынатын нысандардың өлшемдері (ғимараттың ұзындығы, ені және биіктігі) оқытушымен келісіліп алынады.

Әдістемелік ұсыныс:

Жұмысты орындау үшін найзағай тартқыштардың қорғау аумағын анықтау әдістемелерін оқып білу керек.

Нег: 1. [205-216].

Бақылау сұрақтары:

1) Бөлек жеке тұрған найзағай тартқыш деген не?

2) Сырықты (стержневые) найзағай тартқыштар дегеніміңз не?

3) Биіктігі h жеке сырықты найзағай тартқыштың қорғау аумағын салыңыз.

4) h1 және h2 әртүрлі биіктігі қос сырықты найзағай тартқыштың қорғау аумағын салыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]