Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_SPETs_Vopr_Kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.31 Mб
Скачать

9 Дәріс. Атылыс кезінде сейсмикалық қауіпсіз қашықтықты анықтау

9.1 Аз шоғырланған оқтамының бір дүркін атылысынан туындайтын жыныстың (топырақтың) тербелісі қауіпсіз болатын қашықтық құрылыстар мен ғимараттар үшін мына формуламен анықталады,

(9.1)

мұнда атылыс орнынан қорғалынатын ғимаратқа дейінгі қашықтық, м; - қорғалынатын ғимараттың табанындағы топырақтың қасиетіне байланысты коэффициент; Кс - ғимараттың түріне және құрылыстың сипатына байланысты коэффициент; аттыру жағдайына байланысты коэффициент; Q – оқтамның массасы, кг.

Кr коэффициентінің мәні

Тығыз, бұзылмаған қатты жыныстар ...................................................... 6

Бұзылған, қатты жыныстар негізіндегі терең емесжұмсақ жыныстар.. 8

Тереңдігі 10 м кем емес суланбаған құмдар және сазды жыныстар ... 12

Сулы топырақ жыныстары және сулық деңгейі жоғары жыныстар ... 15

Суға қаныққан топырақ жыныстар ....................................................... 20

Ескерту.

Егер топырақтың сипаты осы аталған көрсеткіштерге сай келмесе немесе жуық қана белгілі болса, онда есептеуге коэффициентінің ең жоғары мәнін қабылдаған жөн.

Кс коэффициентінің мәні

Өндірістік мақсаттағы темірбетонды немесе металл каркасты жеке дара

(одиночное) құрылыстар мен ғимараттар ........................................1

Қабырғалары кірпіштен салынған биіктігі екі-үш қабаттан үлкен емес

жеке дара ғимараттар............................................................................. 1,5

Кішігірім тұрғын құрылыстар .............................................................2

Ескерту.

Құрылыстардан немесе ғимараттардан 100 м аз қашықтықта аттыру кезінде атылыстың сейсмикалық әсері төңіректік (локальный) ие, сондықтан 9.1 формула бойыншаанықталған оқтамның шекті рұқсат етілген массасы (кем) мендетіліп аланады. Қажет болған жағдайда бұл масса көбейтіледі.

α коэффициентінің мәні

Жарықшаштық (камуфлетный )атылыс және қопсыту птыслысы ....... 1

Лақтырысты атылыс....................................................................... 0,8

Жартылай тереңдетілген оқтамның атылысы ...................................... 0,5

Ескерту.

Оқтамды суға қаныққан жыныс топырақтарда орналастыру кезінде бұл коэффициенттің мәнін 1,5-2 есе өсіру керек.

9.2 Жалпы массасы Q болатын, атылғыш заттардың белгілі бір N оқтамдарын бірмезгілде (кідіртпесіз) аттыру кезінде қорғалынатын нысан (обьект) мен жақын оқтамның және ең алыста орналасқан оқтам қашықтықтарының айырмашылығы 20% аспайтын болса, онда қауіпсіз қашықтық:

(9.2)

Егер мына шарт сақталынатын болса, қашықтықтарында едәуір айырмашылығы бар қорғалынатын нысан сейсмикалық қауіпті аумақтан тыс орналасады,

(9.3)

мұнда NАЗ оқтамдарының саны; qi - АЗ жеке дара (отдельный) оқтамының массасы, кг; ri АЗ жеке дара оқтамы мен қорғалынатын нысанға дейінгі қашықтық, м.

9.3 Жалпы массасы Q болатын, атылғыш заттардың белгілі бір N оқтамдарын атылыс оқтамдарының аралығындағы уақыт 20 мсек кем емес кідіртпелі (бірмезгілде емес) аттыру кезінде, қауіпсіз қашықтық, м:

(9.4)

N және Q анықтау кезінде аттырылатын топтағы оқтамның ең жоғары массасынан 3 есе және одан да төмен оқтамдарды ескеремеуге болады.

Массасы qi соңғы оқтамнан қорғалынатын нысанға дейінгі қашықтықта ri 20% жоғары айырмашылық болатын болса, онда нысан сейсмикалық қауіпті аумақтан тыс орналасады, егер мына шар сақталынса,

(9.5)

N анықтау кезінде аттырылатын топтағы оқтамның ең жоғары шамасынан шамасы 3 есе және одан да төмен оқтамдарды ескеремеуге болады.

тобы үшін кідіртпе уақыты 20 мс аз жеке дара оқтамдар тобын аттыру кезінде, әрбір мұндай топты жалпы массасы бірдей жеке дара оқтам ретінде қарастырылып аттырудың қауіпсіз қашықтығы (9.2), (9.4) формулаларымен анықтайды, мұнда N – топ санын алады.

9.4 Жоғары да 9.1 және 9.3 пунктерінде келтірілген қауіпсіз қашықтықты арнауға арналған әдісер қанағаттанарлық техникалық жағдайдағы (күйдегі) ғимараттарға арналған.

Ғимараттардың зақымдары болған жағдайда (қабырғаларында жарықшақтар және т.б.) 9.1 және 9.5 формулаларымен анықталған қауіпсіз қашықтық өсірілуі тиіс. Бұл қауіпсіз қашықтықьың өсірілуі арнайы мамандандырылған ұйымдардың қорытындысы бойынша бекітіледі. Мұндай қорытындылар болмаған жағдайда қаіпсіз қашықтық кем дегенде 3 есеге дейін өсіріліп ұлғайтылуы тиіс.

Бұл аталған қауіпсіз қашықтықты анықтау әдістері ерекше сипаттағы құрылыстар мен ғимараттарға (атом электростанцияларының ғимараттары, мұнаралар, биік ғимараттармен құрылыстар, монументті қоғамдық ғимараттар және т.б.) және өте жауапты және күрделі инженерлік құрылыстарға (көпірлер, түрлі мақсаттағы реакторлар, гидротехникалық құрылыстар радиожәне тело мұнаралар мен мачталар және т.б.) қолданылмайды. Мұндай нысандар (обьект) үшін сесмикалық қауіпсіздік сұрақтары арнайы мемлекеттік мамандандырылған ұйымдардың шешімімен шешілуі тиіс

Осы Ережелерде қарастырылмаған аттыру шарттары және үлкен ұзындықтағы оқтамдар топтамасының сейсмикалық әсерінің бағытталуы, қайта-қайта (қайталама) аттыру кезінде ғимараттарда зақымдардың орын алуы, өте қуатты атылыстардың (1000 т АЗ және одан да жоғары) сейсмикалық әсерінің ерекшеліктерін арнайы мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен шешіп, анықтау қажет.

1 нег. [178-184].

Бақылау сұрақтары:

1) Атылыстың сейсмикалық әсері қандай параметрлерге байланысты болады?

2) Жалпы массасы Q болатын, атылғыш заттардың белгілі бір N оқтамдарын атылыс оқтамдарының аралығындағы уақыт 20 мсек кем емес кідіртпелі (бірмезгілде емес) аттыру кезінде, қауіпсіз қашықтықты анықтау дегенде не түсінесіз және оның не үшін қажетілігі бар?

3) тобы үшін кідіртпе уақыты 20 мс аз жеке дара оқтамдар тобын аттыру кезінде, әрбір мұндай топты жалпы массасы бірдей жеке дара оқтам ретінде аттыру дегенде нені түсінесіз және оның қандай қажетілігі бар?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]