-
Бағаны белгiлеу процесi
Тауар қозғалысына қатынасушылар бағаны белгiлеу процесiне маңызды рол атқарады. Олардың пiкiрiмен санасуға тура келедi, өйткенi олар тауардың өткiзу көлемiн ұлғайтуға, жағымды тауар бейнесiн жасауға, сатып алуды жалғастыруға өз ықпалын тигiзедi. Тауар тез арада сатылуы үшiн өндiрушi түпкi бағаны қатаң бақылауға алуы мүмкiн, егерде:
-
тауар бағасы алдын ала келiсiп белгiленсе;
-
бөлшек саудасы аз болса.
-
консигнация шарттарын пайдаланса;
-
тауар қозғалысына қатынасушылар пайда көлемiн жеткiлiктi алса.
Көтерме және бөлшек саудадағы тауар қозғалысының негiзгi қатынасушылары бағаны қатаң қадағалауы мүмкiн, егер де:
-
өндiрушiге өзiнiң маңызды екенiн көрсете бiлсе;
-
пайдасыз тауарды өткiзуден бас тартса;
-
бәсекелес өнiмдi қоса өткiзiп, тұтынушының сатушыға деген адалдығын қалыптастырса.
Бәсекелестер. Маркетинг тұрғысынан фирма әрекетiнiң ортасы талданады. Баға бақылауының жағдайын байланысты бәсеке ортасы 3 түрге бөлiнедi:
-
бағаны нарық бақылайтын орта. Онда бәсеке деңгейi жоғары, тауар бiр типтес, ұқсас деп сипатталады. Бұл ортада фирма тауарын төмен бағамен ұсынса, ол тауарға сұраныс көбеюi мүмкiн, өйткенi тұтынушылар бағасы төмендеген тауарларға тез ауады. Ал басқа бәсекелестер жауап қайтару ретiнде ұқсас тауарлардың бағасын төмендетуi мүмкiн.
-
Бағаны фирма бақылайтын орта. Оған шектелген бәсеке тән және ұсынған тауарлардың ерекшелiктерi болады. Бұл ортада фирманың жұмыс iстеуi және iс-әрекетi оңайлау болады. Тауарды бағасы жоғары немесе төмен болса оны алушы тұтынушылар әрдайым болады.
-
Бағаны мемлекет бақылайтын орта. Қоғамдық транспорт, энергетика, коммуналды қызмет және де басқа салаларда кездеседi. Мемлекет орындары тұтынушылардан және өндiрушiлерден жан-жақты ақпарат жинаған соң нақты бағадеңгейiн белгiлейдi.
Мемлекет. Кәсiпорынның бағаны белгiлеудегi еркiндiгiн мемлекет шектейдi. Бұл шектеудi 3 дәрежеге бөлуге болады:
-
Мемлекет бағаны өзi белгiлейдi.
-
Мемлекет баға қою ережелерiн бекiтедi.
-
Еркiн келiсiмдi бағалар қалыптастырады.
Шығындарды
бағалау
Ұсынысты,
бәсекелестердiң бағаларын және тауарларын
талдау
Баға
құру әдiсiн таңдау
Түпкiлiктi
бағаны белгiлеу
1-сурет. Бағаны есептеудегi негiзгi процесс.
Ең алдымен фирма нақты тауар арқылы қандай нәтижеге жетудi көздейтiнiн бiлуi қажет. Баға құру стратегиясы негiзiнде нарық жайғасымын шешу арқылы белгiленедi. Сол жағдайда фирма өзiнiң түпкi мақсатын белгiлеуi мүмкiн. Iс жүзiнде жиi кездесетiн мақсаттар мыналар:
-
Фирма өзiнiң өмiр сүруiн қамтамасыз ет. Бұл мақсат нарықта өндiрушiлер көбейiп кеткен жағдайда және тұтынушылардың қажеттерi өзгерген кезде қолданылады. өзiнiң тауар өтiмiн қамтамасыз ету үшiн және жұмысын ойдағыдай жүргiзу үшiн фирма көбiрек сату мақсатымен бағаны төмендетедi.
-
Күнделiктi табыс көлемiн максималдау. Фирма сұраныс пен шығындарды талдап, жоғары табыс беретiн бағаны қояды. Бұл саясатта ұзақ мерзiмдi мақсаттар шетте қалады да, күнделiктi қаржы-қаражат көрсеткiштерi фирмаға маңызды болады.
-
Нарық үлесiндежетекшi орын алу. Нарықтағы үлесi ұлғаю арқылы шығындары төмендеп, ұзақ мерзiмдi табыс көлемi жоғарылайды.осы мақсатпен фирмалар бағасын мүмкiнiдiгiнше төмендетiп, нарықты кеңiрек қамтуға тырысады.
-
Сапа көрсеткiштерi жағынан жетекшi орын алу. Нарыққа ұсынылған барлық тауарлардың iшiнде фирма өзiнiң тауары жоғары сапалы болуына ұмтылады. Ол үшiн ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзiп, тауар көрсеткiштерiн жақсартады, және тауарына жоғары баға қойып, оның өте сапалы, жаңа технологиямен жасалғанын сатып алушыларға жеткiзуi қажет.
Сұраныс икемдiлiгiне төмендегi факторлар әсер етедi:
-
өзара алмасушы тауарлардың саны және оларға қол жетерлiгi;
-
тауардың ажеттiлiктi қанағаттандырудағы маңыздылығы және тығыздылығы;
-
тауарды қолдануға қажет қосымша заттар саны және олардың бағасы;
-
тұтынатын тауар мөлшерi;
-
тұтынушылардың табысы және сатып алуға кеткен шығыны деңгейi;
-
бәсекелестер әрекетiнiң тиiмдiлiгi;
-
өтiмдi ынталандыру шаралары.
Сұранысқа қарай тауардың максималды бағасын анықтауға болады. Ал минималдық баға фирма шығындарымен шектеледi. өйткенi шығыннан төмен баға фирманы шығынға батырып, банкротқа апарады.
Фирма шығындары екi түрлi- тұрақты және айнымалы болады. Тұрақты шығындар дегенiмiз- олар өндiрiлген өнiмдер көлемi өзгерсе де өзгермейтiн шығындар (мысалы, ғимарат шығындары, жал ақысы, еңбек құралдарына жұмсалған шығындар) Олар өндiрiс пен оның көлемiне тәуелсiз болады.
Айнымалы шығындар - өндiрiс деңгейiне тiкелей байланысты болады. (мысалы, отынға, шикiзатқа, еңбек ақы, жанар жағармай шығындары)
Тұрақты және айнымалы шығыдардың жиынтығы жалпы шығындар деп аталады. Фирма тауарына баға белгiлегенде жалпы өндiрiс шығындарын тауарды сатып қайтаруы тиiс. Олай болмаса, өндiрiс үзiлiп, тоқтайды. өндiрiс дамып кеңеюi үшiн баға шығындардан асып, пайда әкелуi керек. Осыдан шығындарды үнемдеу қажетi туындайды.
Максималды бағаны сұраныс, минималды бағаны шығындар анықтаса, орта баға мөлшерiне бәсекелестер және олардың нарықтағы стратегиялары әсер етедi. Сондықтан бәсекелестердiң тауарларының өтiмiн, олардың сапасын және бағасын бiлiп отыруы қажет. Ол үшiн:
-
фирма өкiлдерi бәсекелестердiң тауарларымен ьанысу үшiн оларды сатып алып талдайды;
-
фирма бәсекелестердiң прейскуранттарымен танысуы мүмкiн;
-
фирма бәсекелестерi қолданатын өндiрiс құрал-жабдықтарын сатып алып, оларды талдап деңгейiн бiлуi мүмкiн;
-
бәсекелестердiң тауарлары және бағалары туралы тұтынушылардың пiкiрлерiн сұрап, бiлуге болады.