Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ 1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
34.96 Кб
Скачать

3. Маркетингтің түрлері

Маркетингтің қазіргі таңдағы анықтамасы бойынша маркетинг дегеніміз – кәсіпорынның тиімділігіне нарықты жан-жақты зерттеу және тауарларға, көрсетілетін қызметтерге деген сұранысты қанағаттандыру арқылы ықпал етуге бағытталған адам қызметінің түрі.

Маркетингтің функциялары:

- жоспарлау;

- ұйымдастыру;

- үйлестіру;

- есепке алу;

- бақылау

Маркетинг кешені – фирманың маркетингтік қызметінің басқару элементтерінің жиынтығы. Кешенді маркетингті пайдалану ол жүйе ретінде қолданылса ғана тиімді болады.

1952 жылы Маккартни ұсынған маркетинг кешенінің «4Р» жүйесіне (өнім, баға, сату орны, тауардың қозғалысы) бүгінгі таңда оған тағы бір жүйе қосылады – кадр жөніндегі саясат – қызметшілер. Маркетингтің тұжырымдамалары

1. Өндірісті жетілдіру

2. Тауарды жетілдіру

3. Коммерциялық іс-әрекеттерді интенсивтендіру

4. Маркетинг тұжырымдамасы

5. Әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы

Маркетингтің мынадай қағидаларын бөліп көрсетуге болады:

1. Тұтынушылардың мінез-құлқын және талаптарын үнемі зерттеу;

2. Сұраныс пен қажеттіліктің өзгермелі серпініне өндірістің тәуелділігі немесе өндірістің тұтынушылық сұранысқа бейімделуі;

3. Сұранысты қалыптастыру және ынталандыру;

4. Түпкілікті нәтижеге жетуге ұмтылу;

Маркетингтің негізгі мақсаттарына келер болсақ, олар фирманың өз мақсатын жетуін қамтамасыз етеді. Мақсаттардың ең алғашқысы ол фирманың табиғи мақсаты болып саналатын – үнемі пайда түсіру және оны көп шамалау болып табылады. Қазіргі таңдағы маркетингтің басты мақсаты – адам факторы, бизнес әлемінде табысты дамып келе жатқан компаниялардың басшылары оны жандандыру мәселесі – фирма мен маркетингтің мұратына жету үшін керек маңыздылардың бірі деп санайды.

Маркетинг пайдалану деңгейіне байланысты макромаркетинг және микромаркетинг болып 2-ге бөлінеді. Макромаркетингтің қолдану аумағы болып макродеңгей табылады. Ал, микромаркетингтің қолдану аумағы фирмалар мен компаниялар болып табылады. Маркетинг келесідей бөлінеді:

1. Маркетингтің қолданатын негізгі салаларына байланысты:

-өнеркәсіптік - ұйымдар мен мекемелер арасындағы қызмет

- тұтынушылық - негізгі тұтынушы фирмалар арасындағы қызмет

- қызмет көрсету - қызмет көрсету іс-әрекеті

- коммерциялық емес - әлеуметтік сала, мәдениет. 

2. Қызмет ету сипаты бойынша:

- стратегиялық маркетинг

- жедел-маркетинг 

3. Жүзеге асыру шекералары бойынша:

- ұлттық маркетинг

- халықаралық маркетинг

- әлемдік маркетинг

4. Сұраныс деңгейлеріне байланысты:

- конверсиондық - кері сұраныс

- ынталандырушы - сұраныс болмауы

- дамытушы - жасырын сұраныс

- синхромаркетинг - құбылмалы сұраныс

- ремаркетинг- төмендеуші сұраныс

- қарсы әрекет етуші - шамадан тыс сұраныс

- демаркетинг - сұраныс ирроционалды

- қолдаушы - толық сұраныс

5. Өндірушінің тұтынушымен байланысына қарай:

- тікелей

- желілік. 

Қорытынды

АҚШ əдебиетінде «маркетинг» термині XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында пайда болды. Маркетингтің жарнама, тауарды өткізу, сауданы ұйымдастыру сияқты элементтері бұдан біраз уақыт бұрын белгілі болғанымен, экономика пəнінің құрамына енбеді.

Қазіргі заманғы маркетингтің пайда болуы мен дамуының алғышарттары мыналар болып табылады: əлемнің дамыған елдеріндегі нарықтық қатынастардың дамуы жəне заңдардың жетілдірілуі, халықаралық еңбек бөлінісіне ықпал еткен ғылымитехникалық, технологиялық өрлеу, бəсекелестік күрестің өсуі. Осының барлығы маркетингтің ғылым, өнер, экономикалық пəн ретінде теориялық жəне практикалық негіздерінің қалыптасуына себеп болды.

Маркетинг ғылымының негізін американдық профессор Филип Котлер қалады. Ол маркетинг пəнінің құрылымын жасап, басты түсініктерін анықтады, негізгі тұжырымдамасын қалыптастырып, оларды жүзеге асыру жолдарын көрсетті.

Маркетинг тұжырымдамасының негізгі идеясы — тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. Котлердің пайымдауынша, маркетинг дегеніміз — айырбас жолымен мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің бір түрі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]