Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457.02 Кб
Скачать

2 Арпа аурулары. Арпаны аурулар кешендерінен қорғау шаралары.

Арпаның тозаңды қара күйесі. А.қ – Ustilago nuda Kell. Et Swing. Саңырауқұлағы. телиоспоралары шар тәрізді немесе бұрышты, майда, қабығы тікенекті, түсі ашық қоңыр кейде сарғыш (зәйтүн), диаметрі 4,5-6,5 мкм. Телиоспорадан өнген базидияда базидиоспоралар түзілмей бірден жіпшумақ дамиды. Ауру 20-250С температура мен 60-80% ауа ылғалдылығында жақсы дамиды.Кесел белгісі өсімдіктің сабақтану немесе гүлдеу кезеңінің басында білінеді. Залалданған масақ жапырақ қынабынан шыққанда мөлдір қабықшамен жабылған қара споралар массасы көрінеді. Соңынан қабық айырылып, споралар шашылып, аналық аузына түсіп, қысқа базидияға өнеді де, одан ұрыққа енетін жіпше дамиды. Тынышталған жіпше ұрықта сақталып, сау тұқымнан сырттай айырмашылығы болмайды. Себілген дән өнгенде жіпше де дамып, өсімдіктің барлық мүшелеріне тарап, өсу нүктесіне жетеді. Масақ түзіле бастағанда саңырауқұлаққа өте қолайлы жағдай туып, ол қатты дамып, масақтың өзегінен басқа барлық бөліктерін бұзады. Ауру қоры – залалданған тұқым & өсімдік қалдықтары.

Арпаның тасты қара күйесі. А.қ – Ustilago hordei Kell. et Swing. саңырауқұлағы. Телиоспоралары шар тәрізді, кейде бұрышты, ашық-қоңыр немесе зәйтүн түсті, тегіс қабықты, диаметрі 5,5-5,7 мкм. Егінді жинаған кезде телиоспоралар дән бетінде жұғады. Себілген тұқым топырақтаөне бастағанда телиоспоралар да төрт клеткалы базидияға өніп, қысқа стеригмада орналасқан сопақша базидиоспоралар түзіледі. Соңғылары алғашқы жіпшеге өніп, инфекциялық жіпшеге айналады да, жас өскінді залалдайды. Саңырауқұлақ өсімдіктің барлық бөліктеріне таралғанымен, тек масақты бұзады. Қоздырғыштың дамуына қажетті қолайлы жағдай 20ºС тампература, 60-70% ылғалдылық. Кеселдің белгісі масақтану кезеңінде білініп, масақ пішінін сақтайды, бірақ сырттай үш тісті болып көрінеді. Залалданған өсімдіктің масағында дйннің орнында жұқа қабықпен көмкерілген қатты, қара күйе түйірлері түзіледі, сондықтан оны қатты немесе тасты қара күйе деп атайды.

Арпаның жалған тозаңды қара күйесі. А.қ – Ustilago nigra Tapke. саңырауқұлағы. Телиоспоралары шар тәрізді, диаметрі 6-8,5 мкм, түсі ақшыл-қоңыр (жиынтығы қара), қабығы тікенекті. Телиоспоралар төрт базидияға өнеді. Олар бүршіктеніп көбейеді, инфекциялық жіпшеге айналып, жас өскінді залалдайды. Бұл кеселдің сыртқы белгілері тозаңды қара күйе белгілеріне ұқсас болады, ал саңырауқұлақтың биологиясы арпаның қатты қара күйе қоздырғышының биологиясына ұқсас. Ауру белгісі арпаның масақтану кезінде білінеді. Залалданған масақтың өзегінен басқа барлық бөлігі телиоспораларға айналады.

Күресу шаралары: төзімді сорттарды өсіру; тұқымды ғылыми негізделген мөлшерде & мерзімде себу; тұқымды жылы ауамен желдету; құрамында қара күйе қапшықтары (қатты қара күйе) жоқ 1& 2 класты тұқымды пайдалану; класты тұқымды пайдалану; 3 класты тұқымды пайдаланғанда қара күйе қапшықтарының қоспасы 0,02%-дан аспауы керек; тұқымды дәрілеу. Тұқымды дәрілеуді фитосараптама нәтижесі бойынша жүргізген дұрыс. Дәнді дақылдардың тұқымдары сумен ылғалдандырылып дәріленеді (10 л/т). .

Арпаның қортық таты. Аурудың қоздырғышы Puccinia coronifera Kleb саңырауқұлағы. Сұлыны, қара сұлыны, арпабасты залалдайды. Аралық қожасы – итшомырт (крушина стабительная). Қолайлы жағдайларда (жауын-шашын, шық, 18-210 температура) өсімдіктің жапырағы мен жапырақ қынабында масақтану кезеңінен бастап қызғылт сары урединияларип.б. Эпидермистің астында жылтыр, қара телиоспоралардың дөңгелек, робм пішінді жиынтығы ішінде урединиоспоралары бар пустулаларды айнала орналасқан. Эпидермис жыртылған кезде олар оңай шашылады.